Фибринді қабыну – фибриногенге бай экссудаттың жиналуымен сипатталады. Фибриноген тамырдан тыс фибринге айналады.
Дифтериялық қабыну – фибрин торшалар арасына терең бойлап шөгеді, алынбайды. Орнында ойылым қалады.
Ақшыл-сұрғылт, үгілмелі. Фибрин жіпшелері қабықтардың үстінде түк сияқтанып, қабыршықтанып, басып қалады. Фибринді қабынудың екі түрі болады: крупоздық (беткейлі) және дифтериялық (терең).
Крупоздық қабыну (гр.croup – қабыршақ). Фибрин қабықтардың бетіне шөгеді. Басында оңай алынады, қабық ісінеді, қызарады, көмескіленеді. Кейіннен қалыңдайды, қатаяды, дәнекер ұлпа өседі.
Іріңді қабыну экссудаттың құрамында зақымданған лейкоциттердің көп болуымен сипатталады. Іріңді экссудат (ірің) екі бөліктен тұрады: іріңді денешіктерден және іріңді сарысудан.
Іріңді денешіктер – бұл дистрофия мен некроз жағдайындағы лейкоциттер. Іріңді сарысу – құрамында протеині, ферменттері мол қан плазмасы, ол ұлпаны ерітіп, балқытып жіберуге қабілетті.
Іріңдегі денешіктер мен сарысудың ара-қатынасына байланысты іріңнің 2 түрі бар. Қатерсіз – құрамында денешіктері мол – қою, қаймақ тәрізді, ақшыл түсті. Қатерлі – сарысуы мол, ылайлы сұйықтық, түсті қызғылт, немесе сарғыш-жасыл.
Іріңді қабынудың себептері: инфекциялық қоздырушылар – кокктар мен бактериялар (бруцеллез, маңқа, туберкулез, актиномикоз саңырауқұлағы); паразиттер және олардың балаңқұрттары, химиялық заттар – скипидар, кротон майы.
Организмнің реактивтілік қабілеті жеткіліксіз болғанда, іріңді үдеріс жайылып, ірің тамырларды ерітіп жібереді (диаброзис). Ірің тамырларға еніп, қан арқылы тарап, жаңа іріңді ошақтардың пайда болуына себеп болады (метастаз).
Организмнің реактивтілік қабілеті жеткілікті болса, іріңді ошақтың айналасында реактивті қабыну аймағы пайда болады. Бұл іріңнің жайылып кетуіне бөгет етеді.
Іріңді қабынудың орналасуына байланысты, оның 3 түрін ажыратады: абсцесс, флегмона, эмпиема.
Абсцесс – шектелген, іріңге толы, жаңадан пайда болған қуыс. Түк қынабының іріңді қабынуын – фурункул; ал бір топ түк қынаптарының қабынуын – карбункул дейді. Қабынған жер қарайып, өледі. Эпидермис астында ірің жиналса, оны пустула дейді. Абсцесстің көлемі көрінер көрінбестен, диаметрі 15-20 см дейін болады. Пішіні әдетте домалақ. Абсцесстің айналасы іріңді қабықпен оралған, түсі қызыл, немесе сары-қызғылт, ені 0,5мм 1-2 см-ге дейін.
Флегмона - жайылған іріңді қабыну. Ірің ұлпа элементтері арасына жиналады. Борпылдақ дәнекер ұлпасы бар мүшелерде (тері асты шелде, ет талшықтары арасында, кілегей асты қабатта, мүшелер стромасында кездеседі). Флегмонаның тығыздығы қамыр тәрізді, түсі көкшіл-қызғылт болады.
Эмпиема – ірің дененің табиғи қуыстарында жиналады (жүрек, көкірек, құрсақ, буын қуысы).
Себептері: жарақат, қан мен лимфа арқылы инфекцияның қуыстарға енуі, абсцесстің жарылуы. Қуыстар іріңге толады, қабығы ісінеді, көмескіленеді, қызарады, қанталайды, эрозиялар пайда болады. Созылмалы іріңді қабыну – амилоидозға, жіті іріңді инфекция сепсиске айналады.