6 ДӘрістік жұмыс топырақтың химиялық затттармен ластануы және оларды болдырмау



бет2/8
Дата02.05.2023
өлшемі122,5 Kb.
#88726
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6 Лекция

Жазық алқапты даланың топырағы
Ауданы 235млн.га Қазақстанның жазық аймақтарында солтүстіктен оңтүстікке қарай мынадай топырақ белдемдері кездеседі:
• Республиканың қиыр солтүстігін орманды дала белдемі алып жатыр. Негізінен бұл Батыс Сібір ойпатында орналасқандықтан жер беті жазық, ойпатты. Сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен шайылған қара топырағы тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы, негізінен жаздық бидай егіледі. Қалған жерлерін орман, шабындық пен жайылымдар алып жатыр. Ауданы 400 мың.га.
• Осы белдемнен оңтүстікке қарай даланың қара топырақты белдемі жалғасып жатыр. Аумағы 25,7 млн.га, оның 15 млн.га-сы жыртылған жерлер, негізінен астық дақылдары егіледі. Топырақты белдем солтүстңктен оңтүстікке қарай 2 белдем аралығына бөлінеді: кәдімгі қара топырақты белдем батыстан шығысқа созылып жатыр. Ені 100-140 км-дей. Аумағы 11,8 млн.га . Жер беті жазық, топырағы құнарлы, негізінен астықдақылдары егіліп, етті-сүтті мал өсіреді; оңтүстіктік қара топырақты белдем аралығы кәдімгі қара топырақты белдем аралығының оңтүстігін бойлап, батыстан шығысқа созылып жатыр. Ені 50-125 км-дей. Аумағы 13,9 млн.га. Жер беті жазық, топырағы құнарлы. Бұл негізінен ылғал жеткілікті, дәнді-дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбір 7-9 жылда бір-екі рет қайталанады.
• Республиканың оңтүстік бөлігіндегі шөлді белдемге дейінгі орталық аймақты құрғақ далалы және шөлді-далалы қара қоңыр топырақты белдем алып жатыр. Аумағы 90,5% млн-га , яғни республика жерінің 33%-ы. Мұнда солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 белдем аралығына бөлінеді: күңгірт қара-қоңыр топырақты белдем аралығы-қоңыржай қуаң дала, мұнда жыл сайын егіннен тұрақты өнім алынбайды. Топырақтағы қарашірік әрбір 3-4 жылда бір қайталанып тұрады. Соңғы 10 жылда бұл белдем аралығындағы жыртылған жер көлемі оларды пайдаланудың тиімсіздігіннен, бұрынғы 10 млн.га-дан 3-4 млн.га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр топырақты белдемның алып жатқан аумағы 22,4 млн.га. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірік мөлшері 2-3%. Құрғақшылық кейде жыл сайын, кейде 2 жылда бір рет қайталанады, сондықтан суарылатын егістікпен айналысу тиімсіз, ал суару үшін тұрақты су көздері жоқ. Тың игеру кезіндегі асыра сілтеушілікпен бұл белдем аралығындағы астық үшін игерілен 4-5 млн.га жерге соңғы 10-12 жылда егіс егілмейтін болды, тек аз ғана малазықтық жем-шөп егілетін жерлер қалдырылды. Мұнда соңғы жылдары тек мал өсіріледі; ашық қара-қоңыр топырақты белдем аралығы-өте қуаңшөл (шөлейт) дала, негізінен мал шаруашылығына жарамды. Аумағы 38,4 млн.га.
• Шөл дала белдемінің аумағы 119,4 млн.га, немесе республика аумағының 44%-ы. Мұнда 2белдем аралығы өтеді: қоңыр топырақты белдем аралығы-шөлді аймақ, оның жуаны мол, жайылымы жұтаң жерлер. Аумағы 57,4 млн.га. Жылдық жауын-шашын мөлшері 120-150мм. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірік мөлшері небары 1-1,5%; сұр қоңыр тоырақты белдем аралығы-шөлді аймақ, жусан мен эфемерлі өсімдіктер басым. Аумағы 61,8 млн.га. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 80-130мм. Топырақтағы қарашірік мөлшері 1%-дай. Алқапта құмды, тақыр, сор жерлер жиі кездеседі. Бұл жерлерде мал шаруашылығы дамыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет