6 ДӘрістік жұмыс топырақтың химиялық затттармен ластануы және оларды болдырмау



бет3/8
Дата02.05.2023
өлшемі122,5 Kb.
#88726
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6 Лекция

Топырақ құнарын қалай арттырады?
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы саласандағы басты мәселе-топырақтың табиғи құнарын сақтап, өнімнің шығымдылығы мен сапасын арттыру. Себебі қуаңшылық пен экологиялық зардаптар және климаттың өзгеруі қуаңшылыққа соқтырып отыр. Топырақтың құнарын толықтыратын негізгі үш элемент-фосфор, калий, азот екенін ескерсек, еліміздегі егістік топырақтың 98%-на фосфор жетіспейді екен. Мысалы, біздің облыстың топырағының құрамында калий көп болғанмен, фосфордың тапшылығы өнімнің шығымын азайтуда. Ал еліміздің фосфордың қоры жағынан әлемде бесінші орынды иеленеді. 
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, техника ғылымының докторы, профессор Исатай Нұрлыбаев пен Жер ресурстары басқару агенттігінің «Агрохимия қызметі» республикалық ғылыми әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесінің өкілі Тілекқабыл Ермекбаев фосфор қоңыр көмірді араластыру арқылы алынатын кешенді тыңайтқышты біздің облысымызда да өндіруге болатынын айтады. Демек, қолда бар байлықты ұтымды пайдалана білсек, аграрлық секторда тәуір пайда түсіруге болады. Сонымен .....
Фосфор және көмір
Сексенінші жылдары Қандыағаш қаласының маңындағы Шилісай кен орнында бүкілодақтық комсомол-жастарының екпінді құрылысына айналған өндіріс жұмыс істеді. Жылына 3 млн тонна фосфорит ұнтағын шығаратын комбинат өнімі Ресейдің өзге өңірлерімен қатар Қиыр Шығыс, Сібірге дейін жеткізілетін. Алайда сексенінші жылдардың орта тұсында түрлі қиындықтарға байланысты зауыт жұмысын тоқтатты. Өткен жылы ғана «Темір сервис» кәсіпорны шаруашылықты қайта қолға алды. Жылына 200 мың тонна тыңайтқыш шығаруға мүмкіндігі бар өндірістің өнімі негізінен егін шаруашылығында қолданады.
Фосфорит ұнтағының кез келген ауыл шаруашылық өнімнің өсуіне ерекше әсер ететін көпшілік жақсы біледі. Мәселен, Исатай Нұрлыбаевтың айтуынша, егер осы ұнтаққа қоңыр көмірді араластырса, олардың қосындысы органоминералды кешенді тыңайтқыш шығады екен. Өйткені көмірдің құрамындағы гуминді қосылыстар фосфоритті ерітіп, оның топыраққа жақсы сіңуіне әсер етеді. Әрі егістік алқап 5-6 жылға дейін өз құнарын жоймайды. Қоректік зат бидайдың шығымы мен сапасын жақсартса, картоптың крахмалын көбейтеді. Фосфорит ұнтағы ылғалды жақсы сақтайтын болғандықтан, қуаңшылық жылдары да тиімді екен. Ауыл шаруашылығы тәжірибесі станциясында жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша, 1ц жаздық бидай дақылы көктемдегі егіс кезінде тыңайтқышсыз 20,6мм ылғал жұмсаған. Ал фосфор тыңайтқышын пайдаланғанда 17,9мм ғана ылғалды қажет еткен. Бұған қоса кәдімгі аммофос тыңайтқышының 40% жердің үстіңгі жұмбақ қабатында дұрыс ерімейтін болса, фосфориттің бір ерекшелігі, толығымен еріп кетеді.
Қазіргі Жамбыл облысы Қаратау кен орнында осындай тыңайтқыш өндіріледі. Бірақ ол Қазақстанның барлық сұранысын қанағаттандыра алмай отыр. Егер, осы өнімді өзіміздің аймақтан шығаруды қолға алсақ, экономикамызға қай жағынан да тиімді болары сөзсіз. Облыста оған қажетті шикізат көзі жетерлік. Биылғы жылы тыңайтқышты тәжірибеден өткізіп көрмеппіз. Егер, жоба ойдағыдай жүзеге асса, оны жасап шығарудың жолдары қарастырылады. Тіпті, бұл Жамбылдан шығатын өнімнен тәуір болуы мүмкін. Өйткені Қаратаудағы фосфорит өнімдері жанартаулардың жарылуынан пайда болғандықтан, тас сияқты қатты. Ал біздің облысымыздағы өнім бұрынғы мұхит түбінің шөгіндісі, сондықтан топырақта жақсы сіңеді, әрі оны алуда оңайға түседі.
Облысымызда қоңыр көмірдің де қоры мол. Іргеліде көмірдің бұл түрі Қарғалы ауданының Қызылқайың ауылында өндірілетін. Алайда, қызуы жоқ, тез жанып кететіндіктен жұртшылықтың сұранысына ие болмады. Исатай Нұрлыбаев егер тәжірибе оң нәтижені көрсетсе, болашақ тыңайтқыш өндіретін кәсіпорынды осы өңірден ашудың тиімді екенін алға тартады. Мысалы, шет елде шаруалардың қол жетімділігі үшін тыңайтқыш шығаратын зауыттарға мемлекет тарапынан арнайы қаржылай көмек көрсетіледі екен. Бұл өз кезегіндегі елдің азық-түлік мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді.
Жалпы, фосфордың мол қоры біздің өңір мен Жамбыл облысында ғана бар. Алайда бұл аймақтағы бір зауыт сұранысты өтей алмайды. Тыңайтқыштың басым бөлігі Ресейден әкелінеді. Демек, қолда бар байлықты кәдеге жарата алмай шет елге қыруар қаржы жұмсап, өзге жұрттың шаруасын жүргізіп отырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет