6 ДӘрістік жұмыс топырақтың химиялық затттармен ластануы және оларды болдырмау



бет4/8
Дата02.05.2023
өлшемі122,5 Kb.
#88726
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6 Лекция

Тыңайтқышты тиімді пайдалансақ ....
Ауыл шаруашылық өнімнің шығымы мен сапасы нәрлі топыраққа байланысты. Ал топырақты құнарландырудың тиімді жолы-минералды және органикалық тыңайтқыштарды пвйдалану. Дегенмен елімізде бұл жұмыстар әлі де бір ізге қойылмаған. Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Агрохимия қызметі» Республикалық ғылыми әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесінің өкілі Тілекқабыл Ермекбаевтың айтуыншы: біріншіден, тыңайтқыштар ешқандай жүйесіз қолданылса, екіншіден, топырақтың құнарлылығы ескерілмейді.
Ауыл шаруашылық өнімін, оның ішінде астықты мол алу үшін жерді пайдаланудың теориялық мәселелеріне ерекше назар аудару керек. Себебі, тыңайтқыштарды ретсіз қолдану, қуаңшылық, ылғалдың аздығы, агро техникаларды дұрыс пайдаланбау жер қыртысын бүлдіріп, астықтың сапасын нашарлатып, шығымын төмендетеді. Сондықтан қоректік заттарды ұтымды қолдану арқылы топырақтың табиғи қалпын сақтап қалуға болады. Ал табиғи топырақтан нәр алған бидайдың тәуір өсетіні анық.
Әйтеке би, Хромтау, Қарғалы аудандарындағы егіс алқаптарының белгілі бір бөлігіннен зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, топырақтың 75%-да қарашірік көлемінің өте төмен екені анықталды. Осы орайда шаруалар ескеретін бір жәйт, тұқым себер алдында жерге агрохимиялық картограмма жасалу керек. Яғни, топырақтың құрамындағы фосфор, азот, калий секілді минералды тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау керек. Олардыың көлемі мөлшерден асып немесе кем болмағаны жөн. Мәселен, шет елде егістік алқаптың көлемі кіші болғанмен, түсім мол, әрі сапалы. Біз гектарынан 10ц-ден өнім алсақ, қуанамыз, ал олар торырақтың табиғи қалпын сақтаудың арқасында 30-40ц-ден алады. Биыл елімізде 24 млн.га жерге егін егілмек. Қоректік заттарды тиімді пайдалансақ, 10 млн.га жерден елімізді жерден де, елімізді түгел қамтамассыз ететін астық жинауға болады,-дейді Тілекқабыл Ермекбаев. Мысалы, өткен жылы облыста 321т аммиак селитрасын, 90т аммофос және 36т кәдімгі суперфосфат алуға квота бөлініпті. Биылда бұл жұмыстардың жалғасын табатыны анық.
Сабанның пайдасы
Астықты орғаннан кейін сабан қалдыру-органиканы жинақтаудың тиімді әдісі. Тілекқабыл Ермекбаев сабанның құнарын арттыратын өте құнды тыңайтқыш екенін айтады. Мәселен, азот, фосфор, калий және органикалық заттарды түзу жағынан астық тұқымдастарының 1т сабаны ылғалдылығына 75% көңнің 2-3т-на сәйкес келеді екен. Яғни, топыраққа араластырылған 1т көң орта есеппен 55-56 келі қарашірікке түзсе, 1т сабан 170-190 келі жинайды. Демек, бұл тапсырмайтын органикалық тыңайтқыш екенін көрсетеді.
-"Қазіргі техника сабанды ұнтақтап жіберетіндіктен, алқапта жабынды пайда болады. Бұл ылғалды жақсы сақтап қалуға мүмкіндік береді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет