№6 Дјріс Таќырып: “Генніѕ молекулалыќ биологиясы”



бет7/8
Дата15.11.2023
өлшемі1,48 Mb.
#123003
1   2   3   4   5   6   7   8

Транскрипцияның эффектілігіне ЦААТ пен ГЦ-бокс сайттары әсер етеді (жылдамдығы мен процессивтілігіне); ТАТА-бокс РНҚ – полимеразмен сәйкес келетін сайтта транскрипциялық фактор (ТФ) деген ферменттің көмегімен байланысады.

  • Транскрипцияның эффектілігіне ЦААТ пен ГЦ-бокс сайттары әсер етеді (жылдамдығы мен процессивтілігіне); ТАТА-бокс РНҚ – полимеразмен сәйкес келетін сайтта транскрипциялық фактор (ТФ) деген ферменттің көмегімен байланысады.
  • Эукариоттар генінің құрылымдық немесе ақпаратты бөлігі ақуыздың құрылымын анықтайтын фрагменттерден (экзон) және ақпарат алынбайтын фрагменттен (интрон) тұрады.
  • Бактериялар мен вирустар гендерінің құрамында интрондар болмайды. Митохондрияның ДНҚ-да интрондар өте сирек кездеседі.
  • Эукариоттарда транскрипцияның бірінші реттік өнімінде немесе гетерогенді ядролық РНҚ-ның құрамында экзон да интрон да болады.

Интрондардың саны мен ұзындығы әр генде әртүрлі болып ауытқып отырады. Төменгі сатыдағы эукариоттарда (ашытқылар) барлық гендерінің 95% тек ғана экзондардан тұрады, интрондар тіпті жоқ деп айтуға болады. Дрозофиланың 17% гендерінде интрондар жоқ, сүтқоректілердің – тек ғана 6%. Экзондардың ұзындығы кішілеу болып келеді - 100 - 600 жұп нуклеотидтерден тұрады: интрондардың ұзындығы – бірнеше ондаған жұп нуклеотидтерден, мыңдаған жұп нуклеотидтерге жетеді. Соныменен 75% ДНҚ-ның ұзындығына интрондар орналасқан. Мысалы, тауықтың альбуминді анықтайтын генінде 7000 жұп нуклеотид бар, соның 1872 ж.н. (~ 27%) экзондарға жатады. Интрондар әдетте экзондардан жұп нуклеотидтер бойынша ажыратылады, олар 5‘-ұшындағы Г мен Т және 3‘-ұшындағы А мен Г.

Гендердің классификациясы

  • Гендердің классификациясы
  • Атқаратын функциясына тәуелді гендер 2 бөлінеді:
  • 1. Құрылымдық гендер - құрылымдық ақуыздар мен ферменттердің синтезін бақылайды.
  • 2. Реттеуші гендер – құрылымдық гендердің активтілігін реттеп, әртүрлі ақуыздың синтезін бақылайды.
  • Реттеуші гендер 2 бөлінеді:
  • 1. Модификаторлы гендер – құрылымдық гендердің активтілігін күшейтеді немесе төмендетеді.
  • 2. Супрессорлық гендер – құрылымдық гендердің активтілігін басып тастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет