6-күн 1-тапсырма. Төменде берілген №1 сызбаны басшылыққа ала отырып, бірінші күннен бастап анықтаған педагогикалық зерттеу тақырыбы бойынша «Іс-әрекеттегі зерттеуді»



бет6/6
Дата21.11.2022
өлшемі0,67 Mb.
#51600
1   2   3   4   5   6
Ғарыш психологиясы – психологияның ең жас және жаңа саласы, ол адамдардың ғарышқа ұшуына байланысты пайда болды. Ол ғарышкерлаедің еріктік және моральдық даярлығы мәселелері білім беру мен жаттықтыру тәсілдерін зерттеумен шұғылданады.
Өнер психологиясы – қызметтің өнер туындыларын жасауға бағытталған психологиялық компоненттерін қарастырады.Өнер психологиясының маңызды міндеті - эстетикалық тәрбиемен музыкалық көркемдік және әдебиетке қабілеттердің дамуына байланысты мәселелерді зерттейді.
Әлеуметтік психология- әр түрлі әлеуметтік қауымдардың топтардың ұжымдардың психикалық көріністерін (олардың көңіл – күйін, қоғамдық пікірін, еліктеуін т.б.) топтар мен ұжымдағы адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерімен айналысады. Мұнда әр бір этностардың қарым- қатынасын, дін психологиясының өзекті мәселелерін де зерттейді.
Әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және биресми топтар арасындағы қатынастар, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделерінің психологиялық жақтары қарастырылады.
Басқару психологиясы – басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап- тілектерін ескеру, басшының тұлғалық сапасы мен басқару стильдерін дұрыс қолдана білу мәселелерін шешеуге бағытталады.
Сонымен, психология ғылымының өмірде араласпай отырған саласы жоқ деуге болады. Адам жайындағы сан алуан гуманитарлық ғылымдардың ішінде психологияның жетекші орын алатындығы осыдан-ақ жақсы байқалады. Адам бар жерде жан бар, ал жанды зерттейтін психология ғылымы. Бір сөзбен айтқанда, психология еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қажетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет