6-лекцияның сұлбасы Матаса байланысқан есімді сөз тіркесі, жасалуы



Дата16.12.2022
өлшемі15,63 Kb.
#57642
түріЛекция
Байланысты:
matasa bailan skan sintaksistik tirkester (1)


6-лекцияның сұлбасы
Матаса байланысқан есімді сөз тіркесі, жасалуы
Қарастыратын мәселелер:

  1. Түркі изафеті, парсы изафеті жайында

  2. Бағыныңқы сыңардың жасалуы

  3. Басыңқы сыңардың жасалуы

  4. Сөз тіркесінің құрылымы туралы

Сөз тіркесінің байланысу формасының бір түрін матасу деп атаймыз. Матаса байланысқан сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары Ілік жалғаулы сөз, басыңқы сыңары тәуелдік жалғауында жұмсалады. Түркі тілдерінде матаса байланысқан сөз тіркесі изафеттік құрылымдағы сөз тіркесі, енді бірде түркі изафеті деп те аталады. Қазақ тілінде тек түркі изафеті ғана емес парсы изафеті де қолданылады. (мәдени мұра, саяси сабақ, адами қалпы, пендеуи пікір, заманауи өзгерістер т.б. туралы тоқталу)
А.Ысқақов – и қосымшасын - паз,- қой, -қор жұрнақтары сияқты иран тілдерінен ауысқан кірме қосымша екенін дәлел етеді. Міне, сондықтан да мұндай құрылымдар парсы изафеті деп аталады. Парсы изафетінің қолданылу аясы түркі изафетіне қарағанда әлдеқайда тар. Түркі изафетіне байланысты ғалымдар арасында пікір алшақтығы бар. Ғалымдардың пікірін сөйлетсек:
C.Майзель. Изафет в турецском языке. «Изафеттік тіркестер кез келген сөздің тіркесі емес, тек зат есімдердің бір- бірімен тіркесуі, анықтауыштық қатынасты білдіруі» ...
Проф. С.Исаев. «Екі зат есімнің матаса немесе жартылай матаса байланысқан түрі мен екі зат есімнің түбір күйінде орын тәртібі арқылы анықтауыштық қатынаста тіркескен түрі» ...
И.А.Батманов, Н.К.Дмитриев, А.Н. Кононов сияқты ғалымдар матаса байланысқан синтаксистік тіркесті қиыса байланысқан сөз тіркесі деп қарастырған болатын. Ал қазақ тілін зерттеуші ғалымдар С.Аманжолов, А.Әбілқаев бұл сөз тіркесін меңгерудің аясында қарастырған. Жоғарыдағы ғалымдардың пікіріне сүйенсек, матаса байланысқан сөз тіркесі мен қиыса, меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бір ұқсастығы ескерілген сияқты. Ол ұқсастық – сыртқы ұқсастық. (түсіндіру)
Олай болса, изафеттік құрылымдағы сөз тіркесін өзара матастырушы екі грамматикалық тұлға бар, бірі – Ілік жалғаулы, екіншісі – тәуелдік жалғауы. (I.II.III.ж., жекеше, көпше түрде)
Бағыныңқы сыңарда жалғаудың қолданылу, қолданылмауының да себептері бар. Сол сияқты тәуелдік жалғауына байланысты да өзгерістерге тоқтала кеткен жөн. ( мысалдар арқылы ойды тарқата кету). – біздің үйіміз- біздің үй; сіздің үйіңіз-сіздің үй; біздің әншіміз-біз әншіміз; біздің күйшіміз-біз күйшіміз.
Бағыныңқы сыңардың жасалуы
Матаса байланысқан сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының құрамы әр түрі сөз таптарынан жасалады, бағыныңқы сыңардың қызметінде зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік қолданылады. Сызбаға жүгінсек:
Зат е. + зат е. Есімдік (жіктеу,сұрау, сілтеу, өздік, жалпылау т.б.)
Сын е. + зат е. Етістік (есімше)
Сан е + зат е.
М: баланың қиялы, үлкеннің ақылы, екіншінің ойы, менің бейнем, өзінің бейнесі, кімнің сөзі, ешкімнің ойы, баршасының сұрағы, жаттағанның пайдасы, оқыған-білгеннің көмегі.
Матаса байланысқан сөз тіркесінің мағынасы жайында.

  1. меншікті (дара, қоғамдық)

  2. туыстық

  3. табиғи байланыс

  4. бөлшектік

  5. таңдау, талғау т.б.

Ілік септік жалғауына байланысты (жалғаулы, жалғаусыз) – меншікті м., сапалық м. Мысалы: Абайдың мектебі – Абай мектебі; Абылайханның даңғылы – Абылайхан даңғылы. т.б.
Басыңқы сыңардың жасалуы
Аталған сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары ғана емес, басыңқы сыңары да әр түрлі сөз таптарынан жасала береді. Басыңқы сыңарда зат есімнен басқа сөз таптары жұмсалғанмен, олар тәуелдік жалғауы арқылы субстантивтенеді.

  1. зат е.

  2. сын е.

  3. сан е.

  4. есімдік (түрлі мағыналық топтары)

  5. етістік (есімше)

Мысалы; алманың үлкені, баламның үлкені, студенттің үшеуі, студенттің әрқайсысы, мекеменің ешқайсысы, көршімнің онысы дұрыс екен, әкемнің көргені, ақынның жазғаны.
Изафеттік құрылымдағы сөз тіркесін басыңқы сыңардың жасалуына қарай Ә.Ағманов, Е.Абылақов, С.Исаев сынды ғалымдар тек есімді тіркестерге ғана жатқызады. Ал М.Балақаев, Т.Сайрамбаев басыңқы сыңарының жасалу ерекшелігін ескеріп, оларды есімді сөз тіркестері және матаса байланысқан ортақ басыңқылы сөз тіркестері деп атайды. (түсіндіру)
Ақынның жазғаны емес, құстың қанаты болар – матаса байланысқан ортақ басыңқылы сөз тіркесі.
Ескеру: Р.Әмір, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Толымсыз матасу. Өздік жұмысы. Конспект.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет