6 маусым, 2014 жыл Газет 2007 жылдың 14 желтоқсанынан шыға бастады Газет әр аптаның жұма күні шығады МҰнайлы аудандық ҚОҒамдық-саяси газет



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата24.03.2017
өлшемі4,9 Mb.
#10291
1   2   3   4   5

А. ТҰМАНБАЕВА,

 

 

Мұнайлы 

аудандық Халыққа қызмет 

көрсету орталығының 

инспекторы.

5

№34-35(412-413) 6 маусым 2014 

ж

.

munaily@mail.ru

ҚАРАПАЙЫМ ДА  ІСКЕР БАСШЫ 

МАЗАН ХАЛЕЛОВ



Түбекті түлеткендер

1950 жылдың қараша айында, Отан алдындағы борышымды ойдағыдай 

атқарып, Шевченко ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласына келдім. Ол 

кезде жауапты жұмысқа кіру үшін, партия мүшесі болумен қатар орта білімді 

болуың керек. Ал мен партия мүшесі болғаныммен, орта білімім жоқ  еді. Сөйтіп, 

1951 жылы Киров атындағы орта мектептің кешкі оқуына қабылдандым.

С

ол  жылы  Шевченко  ау дан дық 



ком сомолдар  ко ми  те ті нің  бі­

рінші хатшысы Қ.Сұл  тан  ке реева мені 

аудандық  ком  со молдар  комитетінің 

ес еп  сек торы  меңгерушілігіне  жұ­

мыс  қа  орналастырды.  Бұл  жұ мыс ­

ты 9 ай істегеннен кейін, Шев  чен ко 

аудандық партия ко ми  те тінің бірінші 

хатшысы  Ма зан  Халелов  шақырып 

алып,  ау дан дық  партия  комитетінің 

ба лық  ша руашылығымен  ай на­

лы са тын  нұс қаушылық  қызметіне 

та ғайындады.  Бұл  жұмысты  ат қа­

ру  маған  киын  болған  жоқ.  Бі рақ, 

те ңізге  моторлы  ке ме лер   мен  іс ­

са парларға  шықсам,  ба  сым  ай на­

лып  денсаулығыма  әсер  ет кен дей 

болды.  Бұл  жағ дайымды  Мазан 

Халеловке  айтып  көргенімде,  мал 

шаруашылығы  жұмыстарымен  ай­

налысатын  нұс қау шылық  қыз метке 

ауыс тырды. 1952 жылы орта мектепті 

бітіріп, орта білім алдым. Ол кезде де 

барлық берілетін тапсырмалар қа ғаз 

жазу  арқылы  жүргізіледі.  Ау дандық 

партия  комитетінің  бю ро,  актив, 

пленум  жұмыстарын  әзір лейтін  де, 

жазатын  да  не гі зі нен  нұсқаушылар 

мен  бөлім  мең ге рушілері  болатын­

ды.  Менің  қан дайма  болмасын  ол 

хатшының  бер ген  тапсырмаларын 

орындау  ба рысында,  сөз  саптауым, 

жазу ше берлігім М.Халеловке ұнам­

ды  бол ғандай  болды.  Мысалы,  кей­

бір  ме кемелерге  жіберілетін  хат 

текс  тілерін  жазып  отырғанымда, 

кей  бір  жерлерін  түзету  ба ры сын да 

да,  қосатын  сөзінде  де  ақыл дасып 

ала ды.  Әрине,  бұл  бас шынынң  қа­

ра пайымдылығын,  кі ші пейіл ді лігін 

көр сетеді.  Жи на лыс тарда  орыс  ті­

лін де  немесе  қа зақ ша  сауат ты  сөй­

лейтін­ді.

Б

ір күні ол кісінің қабылдауында 



отырғанымда,  ол  маған,  ­ 

«Кемел, сенің орта біліммен қызмет 

істеуің алыс қа бармайды, сен жоғары 

білім алу үшін оқуың керек. Егер се­

ні жоғары оқу орнына жіберсем, ба­

ру ға  мүмкіндігің  келе  ме?  Егер  ке­

летін  болса,  келесі  жылдың  ішін де 

оқуға  жіберуге  қызметтеніп  қа рай­

мын»  ­  деді.  –  Мен:  «Сіздің  он дай 

қам қорлығыңыз  болып  жатса,  мүм­

кіндігім  әбден  келеді»  ­  деп  ри за­

шылығымды білдірдім. Сөйтіп, 1958 

жылы  Шевченко  ау дандық  пар тия 

комитетінің  бю ро сы  4  жылдық  жа­

тып  оқи тын,  Ал матының  жоғары 

пар тия  мек те бінің  оқуына  жіберді. 

Мен  бұл  хатшының  маған  жасаған 

қам  қор  лы ғын  ешуақытта  ұмытуға 

тиіс емес пін. 

Оқуға  бармастан  бұрын,  1953 

жыл дың  27  ақпаны  күні  қа лың  қар 

жауып,  қала­ауылдар  ара лық  жол­

дар ды  бітеп  тастады.  Қа лың  ды ғы 

борасынды жерлерде 1 метрден аса­

ды.  Осындай  қи ын  кезде  аудандық 

пар тия  ко ми те тінің  кезектен  тыс 

бю росы ша қырылып, оған ауданнан 

ме  ке ме,  шаруашылық,  өндіріс  бас­

шы  лары  қатыстырылды.  Аудан  ор­

та лығынан 25 шақырымдай жер де гі 

қо ғамдық  мал  басын  аман  сақтап 

қа лу  үшін,  жақында  сау даға  келген 

сұ лыны  жарамды  кө ліктерге  тиеп 

тез  жеткізудің  жос пары  жасалды. 

Аудан көлеміндегі қол да бар техника 

күштері  осы ған  қатыстырылды. 

Арнайы тө тен ше комиссия құрылып, 

оны  ау дан дық  партия  комитетінің 

екін ші  хатшысы  И.Жанболатова 

бас қаратын  болып  тағайындалды. 

28­ақпан  күні  жарамды  авто маши­

наларға, 

тракторларға 

қа жет ті 

мөлшерде сұлы тиелеп, жол ға шық­

ты.  Әуелі  жолды  трак тор лар  мен 

бульдозерлер  аш ып,  соның  ашқан 

жолына  сұ лы  тие ген  автомашина 

барып  тұ ра ды,  ал дағы  жол  тағы 

солайша  әдіс пен  ар шылады,  сұлы 

тиелген  авто машина  жол  ашылған 

жерге апа рылып қойылады. Осындай 

әдіс пен 28 ақпан күні таңертең тиел­

ген  сұлының  ең  алды,  29  ақ пан­

ның  түнгі  сағат  3­4  терінде  әр ең 

жеткізілді. Мен, сол бөлінген жауап­

ты  адамдардың  бірі  болып,  Қаң­

ғабабадан 7­8 шақырым жер  де гі қой 

ота рының  бас  шо па ны  Бай таласов 

Шолданның  қа рауына  кө мекке 

бардым.  Ол  кез де  шо пан дардың 

жағдайы өте ауыр. Сон дықтан қажет 

делінген  азық­түліктерді  өзімізбен 

ала  бар дық.  Мен  бұл  отарда  1  ай 

жат тым. Қажетті нан, шайды дү кен­

нен  әкеліп  тұрдық.  Қора  ба сын да 

малға беретін не жемі, не шө бі жоқ, 

қорада  қамалып,  аш  тұ рып  күй­

сі реп  қалған.  Сұлыны  бергенмен 

жей  алатындай  халі  жоқ.  Ендігі 

мін дет  –  қойды  қалайда  өріске  шы­

ғарып,  қарлы  жолды  аршып,  жаю 

керек  болды.  Сөйтіп  қойды  жел  

жаққа  жабылып  айдап,  шөптің  ба­

сы  көрінген  жерлерге  жаюдан  бас­

қа  амал  қалмады.  Далаға  жүре 

ал май тындарына  жем  беруді  ұйым­

дастырдық.  Мен  қораның  тө бесінің 

ойылған  жерлерін  бі тей мін,  қой 

өрістен келгенше қора ішін тазалап, 

құрғақ көң төгіп қоя мын. Міне, осы­

лай ша күндер өтіп жат ты. 

Бір күні, қора ішін тазалап, қи ын 

алып,  төбесінің  құлаған  жер ле рін 

жауып  жатырғанымда,  аудан  бас­

шысы  Мазан  Халелов  келіп,  «Ке­

мел, амансың ба? Кел, қолыңды әк ел, 

көрісейік» ­ дегенде, мен оған «Мәке, 

қолым  лас,  қи»  ­  де ге нім де,  ­  «Лас 

болса,  лас  болсын,  әкел  қолыңды» 

­  деді.  Мен  оған  қо лымды  беріп 

амандастым. Сон да ол маған: «Аздап 

шаршап,  қа рай ған  сияқтысың,  1­2 

күнге ауыл ға барып келсең қайтеді?» 

­  деп  аяушылық  білдіргенде,  мен  – 

«Жоқ Мәке, неде болса 1 айды аяқ­

тап, малдың аузы жусанға тиіп, өлі мі 

тоқтағаннан  кейін  барамын»  ­  деп 

жауап қайтардым.

«Олай  болса,  оны  өзің  біл»  ­ 

деп,  келген  жағына  жүріп  кетті. 

1­сәуір  күні  қатып  жатқан  қар  еріп, 

ағыл­тегіл  су,  сай­салаға  құйы лып, 

жоқ  болды.  Қарасақ  қар  ас тында 

көк  жусан  қойдың  аузына  то лық 

ілінетіндей  болған.  Содан  тіс теп 

жеген қойдың өлімі пыщақ кес кендей 

тиылды. Сөйтіп, 600 бас саулықтың 

200­дейі  шығынға  ұшы рап,  қалған 

400  басын  аман  ал ып  қалдық. 

Осындай  көмектің  ар қасында  400 

бас саулық тү гел дей қоздады. Келесі 

жылы бұл ар тельдің аумағына пішен 

шығып  жә не  осыған  өкіл  ретінде 

келіп  шөп  шаптырып,  келесі  қысқа 

қа жет ті  мал  азығын  дайындау  жос­

пары асыра орындалды. 

«ХІХ  партия  съезі»  атындағы 

ау ыл  шаруашылық  артелін  бас­

қа руға  тәжірибелі,  ауданның  бұ­

рың ғы  кездегі  бас шы сының  бі рі 

бол ған, Хиту Бекжанов та ғайын  дал­

ды.  Ау дандық  партия  ко ми  те­

тінің  бірінші  хатшысы  Ма зан  Ха­

лелов  осындай  қиын,  бо ран ды, 

қарлы  кезеңде  іскерлік  та ны тып, 

комиссия  жұмысын  ой да ғыдай 

ұйымдастырғаны  үшін  И.Жан бо­

ла товаға  аудан  активрінің  алдында 

үл кен  ризашылығын  білдірген  еді. 

1953  жылы  М.Халелов  об лыс тық 

партия  комитетінің  бас шы лы ғымен 

келіскен  болуы  керек,  ау дандық 

партия комитетінің екін ші хатшысы 

Ибаш 

Жан бо лат ованы 



Теңіз 

аудандық  кеңес  ат қару  комитетінің 

төрағасы ет іп жо ғарылатып жіберді. 

1954 жы лы аудандық партия кон фе­

рен ция сында, мені аудандық партия 

ко митетінің пленум мүшелігіне сай­

ла ды. 

Б

ұл  хатшының  қарапайым,  кі­



ші пейілділігінің  бір  көрінісі. 

Бірде, бү кіл бөлім бастықтары мен 

нұс  қаушыларды  үйіне  қонаққа  ша­

қыр  ды.  Өзі  біздерді  есік  алдынан 

қар  сы  алып,  үйге  кіруді  нұсқады. 

Біз  дер  үйге  кіріп,  шайға  отыратын 

кез  де,  қолға  су  кұюды  өзі  атқара 

бас  тады.  Біз:  «Мәке  мұныңыз  не, 

қол  ға  суды  біздер  құямыз  ғой» 

­  деп  едік,  «Жоқ,  сіздер  маған  қо­

нақ  сыздар,  мен  өз  үйімде  хатшы 

еме  спін,  өздеріңмен  бірдеймін, 

ке  ңсеге  барып  жұмыс  басында 

отыр  ғанда  хатшымын»,  ­  деді  де 

су ды  өзі  құйды.  Міне,  қайда  жа­

тыр  кішіпейілдік,  осыдан  сабақ 

ал  ғанымыз  абзал  емес  пе?!  Тағы 

бір өнеге аларлық ісі өзінің жұ мыс 

орын дығында  отырғанда  жұ мыс­

пен бара қалсақ, сен оған барып сә­

лем дескенше,орнынан тұрып ке ліп, 

аман дасатын еді. 

1951  жылы  М.Халелов  Гурьев 

об лыс тық партия комитетінен Шев­

чен  ко ауданына бірінші бас шы етіп 

жіберілгеннен  кейін,  ке лі сі мен  ау­

дан  еңбеккерлерінің  мә де ни­тұр­

мыс  тық  мәселелерін  жақ сар туға 

ба са  назар  аударды.  Жо ға рыдан 

кел  ті рілетін  азық­тү лік,  өндіріс 

тауар  ларының  үз дік сіз  жетілдіріліп 

тұруын  қа таң  бақылауға  алды.  Ау­

дан да  ба лық  аулау  жұмыстарын 

ме  ха ни каландыру,  жоспарда  көр се ­

тіл  ген  тоқсандық,  жылдық  көр  сет­

кіштердің асыра орын да  луын үнемі 

қадағалап,  қажет  де лін ген  аулау 

құралдарының үз дік сіз жетістірілуін 

тиісті  орын дар дың  алдына  қойып, 

ше ші мін  табуды  бірінші  кезекке 

қой   ды.  Балық  аулауға  арналған 

жүз   белі  кемелердің  жа ңартылған 

тех  никалармен  жаб дық та луына  ба  ­

са  назар  аударды.  Соның  нәти же  ­

сінде  аудан  бойынша  балық  ау л ау 

жоспары  жыл  сайын  асы ра  орын­

далып  отырды.  Аудан  бас шы сы 

мұнымен қатар Түпқараған тү бе гін­

дегі  қазба  байлықтарын  игеру  қа­

жеттілігін қолға алды. Оның ішін де 

қиыршақ  тас  кесу  карье рін  ашу ды 

қажет  көріп,  1952  жылы  қала  сыр­

ты нан жаңа тас кесу карьерін ашты. 

Бі рақ  бұл  эко логия  жағынан  қала 

тұр  ғын дарына  тиімсіз,  шаң­тозаң 

бо  латын  болған  соң,  оңтүстік  бет­

те  гі  таудың  бауырайынан  тас  ке су 

ка рьерін  ашып,  оған  көп  адам  жұ­

мыс қа  орналастырылды.  Бұл  ка­

рьер  жұмысын  тәжірибелі  ком му­

нист Баялы Ақсамбаев көп жыл дар 

бойы басқарып, іргелес қа лалар мен 

облыс тардың  берген  тап сырысы 

бойын ша тас жіберіп тұр ды. 

С

онымен қатар М.Халелов ау ­



дан да мал өсіру, мұ най өнім­

дерін  бар лау  экспе ди ция ларының 

жұ    мыс   тарын  жетілдіруге  бай ла­

ныс   ты өз алдына басқару мекемесін 

(трест)  ашуды  тиісті  орындардың 

ал дына қоюды қажет деп білді. Көп 

ұза  май  Маңғыстау  мұнай  барлау 

тре сі  құрылып,  бұл  жұмысты  ар­

нау    лы  маман,  тәжірибелі  Халел 

Өз    бекқалиев  басқарды.  Сол  жыл­

дар   дың  өзінде  Отанымыздың  қуат­

ты  лығын  арттыру  мақсатында  Ұй­

қы  лы  жерінен  уранның  қоры  бар 

еке ні  анықталып,  оны  өндіру  жай­

лы Кеңес Одағы үкіметінің ал дына 

ар найы  мәселе  қою  қол ға  алынды. 

Сөй тіп,  Ақтауда  әуе лі  «Гурьев­20», 

со ңынан «Кас пий металлургия ком­

би  наты»  құ рыл ды.  Бұл  жұмысты 

тау   кен  маманы,  іс кер  басшы 

Р.А.Гри  горян бас қар ды.

1952  жылы  ауылшаруашылық  ар  ­

телдерінде  мал  санын  көбейту,  әсі  р­

есе қой малының тұқымын же  тіл діру 

мақсатында, бұрынғы қа  зақы қойдың 

орнына  қаракөл  қой  ын  өсіру  қажет 

деп саналды. Өй тке ні, қаракөл қойын 

өсі ру  арқылы  ел тірі  алынып,  ша­

руа шылықпен  ай  на лысатын  ар те ль ­

дердің эко но ми касын жақ сар туға бет ­

бұрыс жа сал ды. Мен, бұл бас шымен 

8  жыл  қыз мет  тес  болып,  негізінен 

мал  ша руашылығын  өркендету 

жұмы сы мен  айналыстым.  Ауданға 

қа расты  ауылшаруашылық  ар те ль­

дердің  ішін    де  малы  көбі  Ера лиев 

атындағы  кең  ша р  еді.  1956  жылы 

мұнда  26  920  бас  қой­ешкі,  2656 

бас  жылқы,  900  бас  түйе,  440  сиыр 

малы бол ды. Жал пы сол кездегі аудан 

шаруа шы лық тарындағы  мал  саны 

қой­еш кі  42  500,  жылқы  3070,  түйе 

1340, сиыр 650 басқа жеткен бо ла тын. 

Ауданда  қой  санын  1960  жы лы  100 

мың басқа жеткізуге ше шім алынды. 

Мал өнімін мем ле кетке көптеп өткізу 

арқылы  мал шылардың  әрбір  тапқан 

еңбек  кү ніне  жыл  қорытындысымен 

7  сом нан  табыс  бөлініп,  олардың 

тұр  мыс жағдайының әлдеқайда жақ  ­

сара  түсуіне  септігін  тигізді.  Бұл 

ат қарылған  жұмыстардың  іс ке  асы  ­

рылыуында  Шевченко  ау дан дық 

партия комитетінің бірінші хат шы сы 

Мазан  Халеловтың  зор  ең бегін  ай­

туды жөн көрдім. 



Кемел ТҰМАНБАЕВ,

 облыстық Ардагерлер кеңесінің 

мүшесі,

 Маңғыстау ауданының 

құрметті азаматы.

Уақыт  өте  той­тойға  ұласып,  жұ­

бай лардың  тұңғышы  Кәусардан  кейін 

өмір ге  Тоғжан  келді.  «Қыз  –  тілекші, 

кө мекші  болады»  деп  жүргенде  ерлі­

зайып тының  үшінші  бөбегі  Маржан 

туыл ды.  Бұл жаңалыққа қуана қой ма­

ға нын әке Ахмет:  «Жұрттың әйелі ұл 

тап қыш, сенікі кілең қыз болды ғой», 

де гендей  сөздерімен  білдіріп  жүрді. 

Мұн дайда іңкәр көңілі бәсеңсіп кетсе 

де,  шаңыраққа  ие  болып  қалатын  ер 

ба ла керектігін  жақсы түсінетін әйелі 

үн сіз қалатын. 

«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда 

көр есің»  дегендей,  төртінші  перзенті 

Ұл болсынның туылуы Ахметті бір ден 

өзгертіп  жіберді,  туған­туысқа  әйе лі­

мен  ажырасқысы  келетіндігін  айтты. 

Іш кілікке салынып, үйге түнеуді азайт­

ты, құмар ойындарға әуестенді. Он ың 

мұндай  жағымсыз  әрекеттеріне  Ару­

наның  қабырғасы  қайысып,  күн нен­

күнге  бақытқа  толы  күндері  алыс тап 

бара  жатты.  Шаңырақта  ұрыс­керіс 

көбейгесін,  отбасының  да  бе рекесі 

қашты. 

Бір  күні  түнде  ішіп  келіп,  әйеліне  



күш көрсете бастады. Зайыбы «ба ла ны 

оятып жібересің, мұндай әдетіңді қой­

саңшы» дей бергенінде бесікте жат қан 

кішкентайды  теуіп    жіберген  Ах мет 

«ол бала емес, сенің ішің тол ған қыз» 

деп айқайлады. Олардың кейін гі өмірі 

мәз болмай, екеуі ажы ра сып тынды. 

Ахмет  екінші  рет  отау  тікті.  Айы­

кү ні  жеткен  әйелі  шекесі  торсықтай 

ұл  босанғанда  жерден  жеті  қоян  тап­

қан дай  қуанған  Ахмет  ұлан­асыр  той 

жасады.  «Балам  барым,  жаным»  деп, 

сәбиді  ештеңеден  тарықтырмай  өсір­

ді. Жегені алдында, жемегені ар тын да, 

қарны  тоқ,  киімі  көк  Азамат  өзім шіл, 

менменшіл  болып  ержетті.  «Мы нау 

әкем  екен,  анау  шешем  екен»  де меді, 

өз  айтқанымен  жүретін  болды.  Әке 

дәулетіне  жалғыз  бала  әбден  есір ді, 

нашақорлыққа  әуестенді.  Қайда  жүр­

се  сұрайтыны  ақша,  үйіне  келсе  кө­

теретіні  дау­жанжал,  ұрыс­керіс.  Бір­

не ше  рет  әке­шешесін  ұрып,  сабады 

да.  Нәтижесінде  әкесі  жүрек  ауруына 

шал дықса,шешесі қайтпас сапарға ат­

танды.  Ақырында  әбден  күйзелген, 

қа рия лар  үйін  жағалаған  Ахметтің 

өкі ніші  өзегін  өртеді.Мейірімді  Ару­

на ны,  шырылдатып  тастап  кеткен 

төрт қызын ойлады. «Олар қайда екен, 

апырай,  уақыттың  жүйріктігін  қа ра­

шы, бүгінде қыздарымның бәрі  бір­бір 

үйдің  түтінін  түтетіп  отырған  бо лар, 

орны  толмас  қателікке  қайдан  ұрын­

дым» деп іштей езілген ақсақал кө зінің 

жасын тия алмады.

Баяғы Аруна біреуден ілгері, бі реу­

ден  төмен  жүріп,  біраз  бейнет  кешті. 

Төрт қызды оқытып, дәрігер, мұғалім, 

те міржолшы, есепші мамандықтарына 

жұ мысқа орналастырды. 

Уақытында  қыз  керек  емес.  деп 

далаға  қашқан  Ахметті  сол  қыздары 

іздеп  тауып,  үйіне  кіргізді.  Қорлықты 

қыздан емес, ұлдан көрген ол бүгінде 

жас кездегі албырт, асығыс шешімінен 

үлкен сабақ алды. 

Әсел ТАҢАТАРОВА.

Өмірдің өзі - новелла

БАҚЫТЫН 


БАСҚА 

ТЕПКЕН


 ӘКЕ

Той десе қу 

басы домалайтын 

қазекемдер көңіл 

жарастырған екі 

жас Ахмет пен 

Арунаның тойын сән-

салтанатымен өткізді. 

Жиған-тергенін осы 

қуанышқа арнаған ата-

ананың бар арманы 

баласының бақыты 

еді.


6

№34-35(412-413) 6 маусым 2014 

ж

.

munaily@mail.ru

Құрметті,  Мұнайлы  ауданының 

тұр ғын дары!  Назар  аударыңыздар, 

күн делікті  қа рапайым  тұрмыста  газ­

дан  ула ну,  жарақат  алу,  тіпті  адам 

өлі міне  соқтырған  көптеген  жағ  дай­

лар газды ережеге сай қол дан бауы  нан 

болып  отыр,  қарапайым  қауіп сіздік 

ережелерін  сақтамаудан  ту ып  отыр. 

Көбіне  газ  құралдары  ауы лымызда 

істен  шығып  жатады,  газ  құ ралдарын 

орнату кезінде қар жы жағын үнем көріп 

үй  иелерінің  өз дері  орната  салуына 

тиым  са лы нады,  газ  қызметінің  ма­

ма ны  ор нату  жұ  мыстарын  жүргізгені 

жөн.  Көп  жа ғ дайларда  газдың  шы ғып 

тұ руы газ құралының ере же ге сай ор­

на тыл мағандығынан  бо ла ды.  Атал ған 

ақау бірден біліне қой майды. Күндізгі 

уақытта үй ие лері газ дың иісін сезбеуі 

мүмкін,  ал  түн  мезгілінде  баллоннан 

немесе  құ быр дан  шығып  тұрған  газ 

үйдің  іші не  толып,  сіріңке  немесе 

ашық от көзін пайдаланғанда жарылыс 

бо луы  мүмкін.  Көп  жағдайларда  өрт­

тің  шығуына  әкеліп  соқтыратын  же­

ке  жер  үйлерде  және  саяжайларда 

пай даланылатын  газ  баллонының 

жа рылуы.  Аталған  жағдай  пештің 

немесе  жылыту  құралдарының  жа­

ны на  қойылған  газ  баллонының  қы­

зып  кетуінен  болады.  Сонымен  қа­

тар  газ  толтырылған  баллондары 

жер төлелер  мен  гараждарда  сақтауға 

бол майды.  Газ  құбырларына,  пли­

та ларына  немесе  шүмектеріне  жіп 

ке ріп,  жуылған  киімдерді  немесе 

тез  жанатын  нәрселерді  ілуге  ти­

ым  салынады.  Өз  бетінше  газ  пли та­

сының  немесе  құбырының  кем шілігін 

жөндеуге  болмайды.  Кон фор каларды 



Тілсіз жау

ТҰРМЫСТЫҚ  ГАЗ

           

ЖӘНЕ


  

ҚАУІПСІЗДІК

алып  тастап,  жанып  тұр ған  оттың 

үстіне  ыдыс­аяқ  қою ға  болмайды. 

Сонымен қатар газ құ ра лының шү мек­

те рін,  есептегішін  қат ты  затпен  ұруға 

болмайды.

Газ шығып тұрған жағдайда не іс­

теу керек ? 

  Бөлмеде  газ  иісі  шығып  тұрса, 

газ дың  газ  құралына  келуін  тоқтату 

керек.  Темекі  тартуға,  сіріңке  жа ғу­

ға,  жарықты  қосуға  немесе  басқа  да 

электр  құралдарын  қосуға  тиым  са­

лынады.  Электр  қалқанын,  электр 

берілісін өшіріп, айырып тастаған жөн 

бо лар  еді.  Газ  жиналған  бөлмеде  өрт 

шы ғуы  үшін  от  көзінің  бір  ұшқыны 

жет кілікті.  Барлық  есік,  терезелерді 

ашып,  газ  жиналған  бөлменің  ауа­

сын  тазартып  қана  қоймай,  бүкіл 

үй дің  ауасын  тазарту  қажет.  Бұдан 

кей ін,  бөлмеден  газ  иісі  толықтай 

кет кенше,  кіруге  болмайды.  Ал  егер 

газ дың  иісі  көпке  дейін  кетпесе,  газ 

қызметі қызметкерлерін 104 те ле фо ны 

бойынша шақыртыңыз.

Тиым салынады:

­  Өз  бетінше  үйге  газ 

құралын  ор натуға,  орнын 

ауыстыруға, жөдеу жүр гізуге.

­  Газ  құралы  орнатылған  бөлмені 

сәйкес ор ган дар дың келісімінсіз қайта 

жоспарлауға.

­  Газ  құралдарының  құрылымына 

өзгерістер  енгізуге.  Түтін  шығару  не­

месе  желдету  жүйесінің  құрылысын 

өз гертуге, желдету каналдарын бі теу ге.

­  Газ  құралы  жарамсыз  жағдайда 

одан әрі қолдануға.

­  Газ  құралының  бүлінуіне  жол  бе­

ру ге.

­ Жанып тұрған газ құралдарын қа­



раусыз қалдыруға.

­  Газ  құралдарын  пайдалануға  мек­

теп ке  дейінгі  балаларды  және  өз  іс­

әре кетін  бақыламайтын,газ  құралын 

пай далану ережелерін білмейтін адам­

дарды жіберуге.

­  Газды  және  газ  құралдарын  ба ­

ғытынан  тыс  қолдануға.  Газ  пли та ла­

рын үй жылытуға қолдануға.

­  Газ  құралы  орнатылған  бөлмеде 

ұйық тауға немесе демалуға.

­ Газдың шығуын тексеру үшін аш­

ық отты пйдалануға (сабынды ері тін ді 

немесе  арнайы  құралдар  пай да ла ны­

лады) 

­  Жертөлелер  мен  бөлмелерде  газ 



тол тырылған немесе бос баллондарды 

сақ тауға.

­  Бос  газ  баллондарына  өз  бетінше 

газ толтырып, қолдануға.

­ Газ орнатылған бөлмеде сыйым ды­

лығы 50 (55) л бір балоннан артық не­

месе 27 л. Екі балоннан артық сақ тауға.

­ Газ баллондарын пештен 2 м. жа­

қын жерде орналыстыруға. 

Рахат ОРАМАЛОВ,                                       

Мұнайлы аудандық ТЖБ

 бастығы міндетін атқарушы.

Азаматтық  заңнаманы  күнделікті 

іс  жүзінде  қолданып,  кейбір  заң  ак­

ті лерінің  өзара  қайшылықтарын  іс 

жүзінде  көріп,  жүрген  судья  ре тін­

де  өз  ой­пікірлерімді  білдіргім  ке­

ле ді.  Әсіресе,  ҚР­ның  Азаматтық 

іс  жүргізу  кодексінің  27­тарауын 

қол дану  барысындағы  кейбір  мә се­

ле лерге  тоқталғым  келеді.  ҚР­ның 

Конституциясының  13­бабына  сәй­

кес,  әркім  өз  құқықтары  мен  бос­

тан дықтарын  сот  арқылы  қорғауға 

құ қылы.  Бұл  жайт  ҚР  АІЖК­нің 

279­бабында  көрсетілген.  Осындай 

қа тынастардан  туған  даулар  бойын ­

ша  адам дар  жоғары  тұрған  ор ган­

дарға  немесе  лауазымды  тұл ға лар­

ға  шағымданбай­ақ,  тікелей  сот қа 

жүгіне  алады.  Мұндай  істер  сот тар­

да  қаралады.  Сонымен  АІЖК­нің 

27­тарауы  нормаларының  ма ғы на­

сы нан  көрініп  тұрғандай,  заңды  құ­

қықтары  мен  мүдделері  бұзылған 

әр бір  адам  мемлекеттік,  жергілікті 

өзін­өзі  басқару  органдарының,  қо­

ғамдық бірлестіктердің, ұйым дар дың, 

лауазымды адамдардың, мем лекеттік 

қызметшілердің  кез­келген  ше­

шімдеріне орай сотқа жүгіне ала ды.

Ал,  енді  ҚР­ның  «Атқарушылық 

іс  жүргізу  және  сот  орын дау шы ла­

рының  мәртебесі  туралы»  Заңының 

87­бабында:  «сот  орындаушысының 

ат қару  құжатының  орындау  жө нін­

дегі  немесе  осындай  әрекеттерді 

жа саудан  бас  тарту  жөніндегі  әре­

кет теріне  өндіріп  алушы  немесе  бо­

рышкер  шағым  беруі  мүмкін»  деп 

қарастырған.  Менің  пікірімше  жо­

ғарда  аталған  заңның  87­бабына 

тиіс ті  өзгерістер  енгізіліп,  он­

ың  нормалары  ҚР  АІЖК­нің 

27­тарауының  279,  280  баптарының 

нор маларына сәйкестендірілуі қа жет.

Заңдар  арасындағы  қайшы лық­

тар ды жою туралы айтқанда тоқтала 

кететін  тағы  бір  мәселе  жоғарыда 

көрсетілген ҚР­ның «Атқарушылық 

іс жүргізу туралы» Заңының нор ма­

ларына сәйкес, борышкердің мүл кін 

сату  –  сот  орындаушысының  мін­

детіне  жатқызылған.  Ал,  ҚР­ ның 

Азаматтық  кодесінің  319  ба бы­

ның  4  бөлігінің  екінші  жол дарын­

да:  «сауда  басталарда  сот  не месе 

сенім  білдірген  жақ  саудаға  қа­

тысушының  әрқайсысынан  ке піл­

дік  жарна  төлеуді  талап  етуге  құ­

қы лы»  деп  бекітілген.  Демек,  осы 

нор маның  мағынасына  сүйенсек, 

ке пілге салынған мүлікті сату – сот­

қа  жүктелген  екен  және  сауданы 

ті келей сот өзі жүргізеді екен. Сон­

дықтан  Азаматтық  кодекстің  319 

бабының  4  бөлігінің  екініші  жо­

лындағы  «сот»  деген  сөз  алынып 

тас талса жөн болар еді.

 Тағы бір айтатын мәселе ҚР­ның 

Аза маттық  кодексінің  20­бабының 

2­бө лігінде:  «азаматтардың  ақы 

өн діріп  алуға  болмайтын  мүл кі­

нің  тіз бесі  ҚР  Азаматтық  іс  жүр­

гі зу  кодексімен  белгіленеді»  деп 

бе кітілген.  Ал  қолданыстағы  ҚР­ 

ның  Аза маттық  іс  жүргізу  ко декс­

ін  де  азаматтардың  ақы  өн ді ріп 

алуға  болмайтын  мүлкінің  тіз бесі 

берілмеген.  Демек,  ҚР­ның  Аза­

маттық  кодексінің  20­бабының 

2­бө лі гінің редакциясы тиісінше өз­

гер тілуі  қажет  немесе  ҚР­ның  аза­

маттық іс жүргізу кодексі Азаматтық 

ко декстің аталған нормаларына сәй­

кестендірілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет