6-модуль қазіргі заманғы мектептегі қҰндылықҚа бағдарланған тәрбие моделі



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата16.10.2023
өлшемі1,21 Mb.
#116582
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Оқу құралы 6-модуль

2.
 
Мектептегі тәрбие жұмысының құндылыққа бағдарланған моделінің 
тұжырымдамалық негіздері 
Белгісіздік, тұрақсыздық, түсініксіздік сипатындағы қазіргі VUСA әлемінде жеке 
тұлғаға және білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күрделене түсуде және жедел
өзгеруде. 
Білім беру және бизнес саласындағы көптеген сарапшыларының пікірлері бойынша, 
бүгінгі таңда мектептер өз оқушыларын бұрынғыдан да қарқынды экономикалық және 
әлеуметтік өзгерістерге, әлі пайда болмаған мамандықтарға, әлі ойлап табылмаған 
технологияларды қолдануға және әзір болжауға болмайтын әлеуметтік мәселелерді 
шешуге дайындауы керек. Сарапшылардың пікірінше, мектептер оқушыларды басқа 
мәдениеттегі адамдармен қарым-қатынас жасайтын және әртүрлі идеяларды
перспективалар мен құндылықтарды қарастыруға және қабылдауға дайын әлемге; 
айырмашылықтарына қарамастан адамдар бір-біріне сене алатын және ынтымақтаса 
5
Сорокоумова Е.А., Лобанова А.В.
Формирование ценностных ориентаций детей в процессе 
освоения традиционного прикладного искусства//Эксперименттік білім берудің халықаралық 
журналы. – 2014. – № 1 (2-бөлім) – 96-101 б. URL
https://www.expeducation.ru/ru/article/view?id=4564
 (жүгінген күн 2.02.2021) 



алатын әлемге; олардың өміріне ұлттық деңгейден тыс мәселелер әсер ететін әлемге 
дайындауы керек. 
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шешуді айтпағанда, ертеңгі күннің күтпеген 
қиындықтарына қарсы тұруға дайын, ынталы, қызығушылық танытатын оқушыларды 
қалай тәрбиелеуге болады? Қазіргі заман талабына сай тәрбие қандай болуы керек, 
мектептегі тәрбие процесінде қандай міндеттерді шешу керек? 
Бұл аспектіде Чарльз Фейдлдің, Майя Бяликтің, Берни Триллингтың «Төрт өлшемді 
білім беру» моделі қызығушылық тудырады, оған төрт өлшем кіреді: білім, дағды, мінез 
және мета-оқыту. Модель құрылымы оқушыларға осы білімді нақты әлемде қолдануға 
мүмкіндік беретін теориялық білім мен дағдыларды; уәжді, тұрақтылықты және 
әлеуметтік/эмоционалдық зияткерлікті қалыптастыратын жеке қасиеттерді; сонымен қатар 
оқушыларға саналы, тәуелсіз болуға көмектесетін мета-оқыту стратегияларын түсіну 
қажеттілігін көрсетеді. 
Модельден көрініп тұрғандай, оқушыларды болашақ міндеттеріне дайындау үшін 
білім ғана жеткіліксіз, ал мінез-құлық дағдылары мен қасиеттері болашақ оқудағы, 
жемісті жұмыстағы, мансаптағы жетістіктерді болжауға көмектеседі. Авторлар 4К 
дағдыларының (креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілік және кооперация) жұмыс 
берушілердің аса талап ететін дағдылар ретінде маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ 
таңдау еркіндігін, көзқарастар жүйесін, мінез-құлық үлгілерін, бейімділікті, ұстанымды, 
темпераментті, құндылықтарды, нанымдарды, әлеуметтік және эмоциялық дағдыларды, 
«танымдық емес дағдыларды» және әлеуметтік құзыреттерді (soft skills) қамтитын мінез-
құлық қырларын дамыту қажеттігін атап өтті. 
2015 жылы Давоста Дүниежүзілік экономикалық форумның командасы ХХІ 
ғасырдағы оқушылардың табысты болуы үшін «Білім беруге арналған жаңаша бағдар»
баяндамасында негізгі сауаттылық дағдыларымен қатар 4К дағдыларын және 
білімқұмарлық, бастамашылдық, табандылық, бейімделгіштік, көшбасшылық, әлеуметтік 
және мәдени хабардарлық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамытудың маңыздылығын атап 
көрсеткен. 
ЭЫДҰ 2018 жылдан бастап «2030 жылға дейінгі білім беру мен дағдылардың 
болашағы» жобасы енгізілуде, ол білім беру жүйесінің болашаққа бағдары мен негіз 
болатын принциптер жиынтығын ұсынады. Жобаға қатысушылар 2030 жылға дейінгі 
өзгерістердің негізгі үш құзыреттілігін бейнелейтін «оқыту компасын» бірлесіп әзірледі
бұл оқушыларға бейтаныс жағдайларға бейімделуге және әркімнің келешектегі тұлғалық 
және ұжымдық әл-ауқатын қалыптастыруға мүмкіндік береді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет