11
Жоба бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар
қорытынды жасайды және
келесі сұрақтарға жауап береді: «Мен ойлағанымды орындадым ба?», «Не ойдағыдай
болды?», «Не нәрсе нашар болды?», «Нені орындау оңай болды, не қиындық туғызды?»
Бұл сұрақтардың жауаптары балалардың өз жобасын таныстыруға дайындалуына және
жобаның жеке, ғылыми және әлеуметтік маңыздылығын талдауына көмектеседі.
Осылайша, олар мақсатты тұжырымдау, тиімді жоспарлау, модельдеу, басқалардың
қызметін және өз қызметін ұйымдастыру дағдыларын игереді. Олардың жоба бойынша
жұмыс барысында рефлексиялық,
аналитикалық, жобалық, коммуникативтік және
ұйымдастыру дағдыларын игеруі де маңызды болып табылады.
Осы тұрғыдан алғанда, тәрбиелеуде құндылыққа бағдарланған тәсілдемені іске асыру
шеңберінде оқушылармен бірлескен тәрбиелік жобалар ұйымдастырылатын Назарбаев
Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін қарастыру маңызды болады. «Рухани жаңғыру»
бағдарламасының құндылықтарын іске асыруға байланысты
ұлттық құндылықтарды
қалыптастыруда "Туған елге тағзым" өлкетану-зерттеу экспедициясы, "100 кітап", "Қазақ
әндері", "Жүз күйдің тарихы" және т.б. тәрбиелік жобалар іске асырылуда.
Бүгінде еліміздегі мектептер Зияткерлік мектептердің осы тәрбиелік жобаларды
жүзеге асыру тәжірибесін табысты енгізуде.
Достарыңызбен бөлісу: