ОҚУШЫЛАРДЫ МЕКТЕПТІҢ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН БАСҚАРУҒА ТАРТУ Қазіргі әлемде білім беруді дамытудың маңызды аспектісі оқушыларды оқу мен
тәрбиені басқаруға қатыстыру арқылы олардың өзінің дамуына жауапкершілігін арттыруға
ықпал ету, мектептің оқу-тәрбие процесіндегі белсенділігі пен бастамашылдығын
ынталандыру болып табылады.
Білім
алушылардың
(оқушылардың)
бастамашылдығы – білім алушының өзінің
білім алуында белсенді рөл атқаруы 2030
жылы ЭЫДҰ оқу компасында басты орын
алады. ЭЫДҰ-ның «Оқыту компасы-2030»
тұжырымдамалық жазбасында оқушылардың
бастамашылдығын дамытудың 8 кезеңі
қарастырылған,
бұлар
ересектердің
қатысуымен біртіндеп қалыптасу кезеңдерін
көрсетеді және өзін-өзі басқару тәжірибесін
жинақтауға көмектеседі.
1-сурет. Оқушылар бастамашылдығының даму кезеңдері
Оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға, мектептегі оқу процесін
бірлесе басқаруға қалай тартуға болады?
Балаларды мектепті бірлесіп басқаруға, мектептің мақсаттары мен міндеттерін,
миссиясын жүзеге асыруға, өзінің тәрбиесі мен өзін-өзі дамытуға қатыстыруды оларды
мектеп қоғамдастықтарына тарту арқылы жүзеге асыруға болады.
Отандық мектептердің тәжірибесіне соңғы жылдарда енген «мектеп қауымдастығы»
ұғымы америкалық педагогика мен педагогикалық психологияда пайда болған.
Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың бұл тәсілі 1970 жылдары Еуропа мен
Америкадағы мектеп реформасы кезінде кеңінен таралды және қазір Зияткерлік
мектептердегі жетекші тәсілдемелердің бірі болып табылады.
1 Манипуляция – ересектер жастарды өз жобаларын
қолдау үшін пайдаланады және олардың нәтижелерін
жастарды шабыттандырудың нәтижесі ретінде ұсынады.
2 Декорация – жастар ересектердің бастамаларын
жүзеге асыруға көмектеседі
3 Шоуға қатысу – жастардың іс-шараларға әсері
нашар немесе мүлдем әсер етпейді