6-сынып Қазақ тілі Үстеу бойынша өткен тақырыптардың ережелерін есіңе түсір және тапсырмаларды орында



бет1/2
Дата13.04.2023
өлшемі26,07 Kb.
#81974
түріҚұрамы
  1   2

6-сынып Қазақ тілі
Үстеу бойынша өткен тақырыптардың ережелерін есіңе түсір және тапсырмаларды орында:

Қимылдың, іс- әрекеттің әр түрлі белгісін, амалын, тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын, т.б. сипатын білдіретін сөздер үстеу деп аталады. Мысалы: Асан екеуіміз ақырын әңгімелесіп келеміз. Бүгін мен кешке концертке барамын.


Үстеулер құрамына қарай дара және күрделі үстеулер болып бөлінеді. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеулер жатады.
Негізгі үстеулер- қазіргі кезде құрамы жағынан түбір мен қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер.
Мысалы: тез, ақырын, ерте, кеш, бұрын.
Туынды үстеулерге жұрнақ арқылы және кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған үстеулер жатады.
Мысалы: адамша сөйледі, ақшалай берді, соншалық көп.


Үстеудің мағыналық түрлері





Түрлері

Сұрақтары

Мысал

1

Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы мерзімін, уақытын білдіреді.

Қашан? қашаннан?

 кеше, бүгін, ертең, қазір, кешке, ертемен, ертесіне, бүрсігүні, жаздыгүні, биыл, былтыр, анда –санда, оқта –текте, т.б.

2

Мекен үстеулері қимыл іс –әрекеттің орнын, мекенін білдіреді

Қайда? қайдан?

әрі, бері, жоғары, төмен, алға, артқа, ішке, іште, ілгері, мұнда, сонда, т.б.

3

Сын бейне үстеулер: қимыл іс әрекеттің алуан түрлі сапасын білдіреді.

Қалай? қалайша?

әрең, әзер, дереу, жедел, шапшаң, тез, жылдам, кенет, құр, түгел, ауызша, осылай, бірге, зорға, аздап, т.б.

4

Мөлшер үстеулері түрлі қатынастарды жалпылап, я шамалап немесе қимылдың және сынның кемдік, я теңдік дәрежесін көрсетеді.

Қанша? қаншалық? нешелеп? қаншадан?

сонша, соншлық, онша, мұнша, мұндайлық, сондайлық, бірталай, недәуір, неғұрлым, бірен-саран, азды—көпті, т.б.



5

Күшейткіш үстеулері заттың сынын, қимылдың өзін немесе түрлі мөлшерді, көлемді аса күшейтіп немесе аса солғындатып көрсетеді.

Қалай? қайтіп? қандай?

аса, нағыз, ең, тым, тіпті, кілең, небір, өңкей, әбден, т.б.



6

Мақсат үстеулері қимылдың жасалу мақсатын білдіреді.

Не үшін? неге? не мақсатпен?

әдейі, жорта, қасақана, әдейлеп, т.б.

7

Себеп-салдар үстеулері қимылдың, амал-әрекеттің жасалу себебін я салдарын, нәтижесін білдіреді.

Неліктен? не себепті?.

 бекерге,амалсыздан, босқа, текке, лажсыздан, шарасыздан, амалсыздан, құр босқа, әншейін, т.б.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет