6-сынып Қазақ тілі
Үстеу бойынша өткен тақырыптардың ережелерін есіңе түсір және тапсырмаларды орында:
Қимылдың, іс- әрекеттің әр түрлі белгісін, амалын, тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын, т.б. сипатын білдіретін сөздер үстеу деп аталады. Мысалы: Асан екеуіміз ақырын әңгімелесіп келеміз. Бүгін мен кешке концертке барамын.
Үстеулер құрамына қарай дара және күрделі үстеулер болып бөлінеді. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеулер жатады.
Негізгі үстеулер- қазіргі кезде құрамы жағынан түбір мен қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер.
Мысалы: тез, ақырын, ерте, кеш, бұрын.
Туынды үстеулерге жұрнақ арқылы және кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған үстеулер жатады.
Мысалы: адамша сөйледі, ақшалай берді, соншалық көп.
Үстеудің мағыналық түрлері
№
|
Түрлері
|
Сұрақтары
|
Мысал
|
1
|
Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы мерзімін, уақытын білдіреді.
|
Қашан? қашаннан?
|
кеше, бүгін, ертең, қазір, кешке, ертемен, ертесіне, бүрсігүні, жаздыгүні, биыл, былтыр, анда –санда, оқта –текте, т.б.
|
2
|
Мекен үстеулері қимыл іс –әрекеттің орнын, мекенін білдіреді
|
Қайда? қайдан?
|
әрі, бері, жоғары, төмен, алға, артқа, ішке, іште, ілгері, мұнда, сонда, т.б.
|
3
|
Сын бейне үстеулер: қимыл іс әрекеттің алуан түрлі сапасын білдіреді.
|
Қалай? қалайша?
|
әрең, әзер, дереу, жедел, шапшаң, тез, жылдам, кенет, құр, түгел, ауызша, осылай, бірге, зорға, аздап, т.б.
|
4
|
Мөлшер үстеулері түрлі қатынастарды жалпылап, я шамалап немесе қимылдың және сынның кемдік, я теңдік дәрежесін көрсетеді.
|
Қанша? қаншалық? нешелеп? қаншадан?
|
сонша, соншлық, онша, мұнша, мұндайлық, сондайлық, бірталай, недәуір, неғұрлым, бірен-саран, азды—көпті, т.б.
|
5
|
Күшейткіш үстеулері заттың сынын, қимылдың өзін немесе түрлі мөлшерді, көлемді аса күшейтіп немесе аса солғындатып көрсетеді.
|
Қалай? қайтіп? қандай?
|
аса, нағыз, ең, тым, тіпті, кілең, небір, өңкей, әбден, т.б.
|
6
|
Мақсат үстеулері қимылдың жасалу мақсатын білдіреді.
|
Не үшін? неге? не мақсатпен?
|
әдейі, жорта, қасақана, әдейлеп, т.б.
|
7
|
Себеп-салдар үстеулері қимылдың, амал-әрекеттің жасалу себебін я салдарын, нәтижесін білдіреді.
|
Неліктен? не себепті?.
|
бекерге,амалсыздан, босқа, текке, лажсыздан, шарасыздан, амалсыздан, құр босқа, әншейін, т.б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |