6-сынып Ежелгітасдәуірі(Палеолит)б з. д. 2млн 500мың-12мың жыл


Қазақстанды зерттеген ғалымдар мен саяси жер аударылғандар



бет57/76
Дата27.09.2023
өлшемі235,14 Kb.
#110549
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76
Байланысты:
Жұбанышев электронка

Қазақстанды зерттеген ғалымдар мен саяси жер аударылғандар
1 Петрдің « Азияға жол іздеу» талабымен құрылған әскери жорық экспедициясын басқарған: тподполковник И.Д.Бухгольц
Орыс экспедициясында болған тұтқындағы швед И.Г.Ренаттың жасаған картасы: Жоңғария картасы
XVIII ғ. Зерттеуші И.Андреевтің еңбегінде баяндалды: Орта жүз туралы
XVIII ғ Қазақ жері халқы туралы құнды мәлімет қалдырған зерттеушілер: Г.Миллер, П.Рычков
XVIII ғ Сібір мен Қазақстан туралы зерттеу жүргізіп құнды мағлұмат қалдырған зерттеуші: Г.Миллер
Сібір тарихын зерттеген еңбегі үшін «Сібір тарихының атасы» атады: Г.Миллер
Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқаны туралы мәлімет Қазақстан туралы көптеген бағалы деректер қалдырған: И.Миллер
«Орынбор өлкесінің топографиясы» «Орынбор тарихы»(1730-1750ж)» атты терең зерттеу еңбектерінің авторы: Рычков
«Орынбор тарихы » атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы: П.Рычков
Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі П.Рычковтың қазақ жерінің тарихы туралы еңбегі: «Орынбор тарихы»
Өлкенің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған, Қазақстан туралы еңбегі үшін Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған: П.Рычков
1771 жылы «Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар» атты қызықты еңбек қалдырған: П.Рычков
1771 жылы П.Рычковтың Орынборда жазып қалдырған еңбегі « Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар»
Әбілқайыр ханның сол кездегі әлі де жақсы сақталған бейітін суреттеп жазған: П.Рычков
« Ресей мемлекетінің әр түрлі аймақтарына саяхат» еңбегінің авторы: П.Паллас
XVIII ғ белгілі зерттеуші П.Палластың еңбегі: « Ресей империясының әр түрлі аймақтарына жасалған саяхат »
XVIII ғ Қазақстанды зерттеуге қатысқан саяхатшылар: И.Фальк, И.Георги
Қазақстанға жер аударылған декабристерден ерекше көзге түскені: С.Семенов
Бұқтырмада дәрігерлікпен айналысқан желтоқсаншы: М.Муравьев-Апостол
«Бұқтырмада көп емдеп, көп көмектестім» деп жазған желтоқсаншы: Муравьев Апостол
XIX ғ. I жарт. Каспий теңізінің жағалауын зерттеген ғалым: Г.Карелин
XIX ғ. I жарт Арал теңізін зерттеген ғалым: А. Бутаков
XIX ғ. I жарт Қазақстан жайлы құнды еңбектер жазған орыс ғалымы: Левшин
XIX ғ. I жарт көшпелі қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрін зерттеген белгілі орыс ғалымы: Левшин
Кіші жүз руларының картасын жасаған желтоқсаншы :В.Вольховский
1867ж. Мәскеуде жарық көрген «Батыс Сібірді сипаттау» деген еңбектің авторы: И.Завалишин
Қазақ жері,оның шексіз даласы, байлығы туралы тамаша пікірлер айтылған «Іле бекінісіне бару» деген очерктің авторы: А. Коровков
Петрашевский ісі бойынша» Сібірге жер аударылған , кейін Семейге ауыстырылған орыс жазушысы: Ф.Достоевский
Ф.Достоевский Семейде немен айналысты: Археологиялық ескерткіштер жинаумен
Райым бекінісінен Қосарал аралына дейінгі саяхаттың мән-жайын түсіндіре келе көшпелі қазақтың ауыр жағдайын суреттеп жазған желтоқсаншы: А.Макшеев
XIX ғ. 1 жарт. Қазақ халқының өмірі мен тарихына, шығармашылығына көңіл бөлген орыс мәдениетінің тамаша өкілдерінің бірі: В.И.Даль
Орынбор өлкесі қазақтардың өмірін сипаттайтын В.Дальдің шығармасы: Бикей мен Мәулен
М.Өтемісұлы жақсы таныс болған орыс жазушысы, әрі этнографы: В.И.Даль
1836-1838 ж шаруалар көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлына жанашырлық білдірген орыс жазушысы, әрі этнографы: В.Даль
1833 ж А.Пушкиннің Орынбор қаласында жинаған тарихи материалдары: «Е.Пугачев бүлігінің тарихы»
Орыстың атақты ақыны А.Пушкин Орынбор жерінде зерттеу жүргізді: Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі жайында
Орыс ақыны Пушкиннің қазақ халқының өмірі туралы мәлімет беретін еңбегі: «Капитан қызы»
XIX ғ. 30 жылд. Орыс ақыны Пушкин болған жерлер: Орынбор, Орал
Орал қаласында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасымен танысқан орыс ақыны: А.Пушкин
А.С.Пушкин Оралда қағазға түсірген поэма: « Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»
XIX ғ. 2 жарт. Өлкені жан-жақты зерттеген дүние жүзіне әйгілі ғалым: Семенов-Тянь-Шаньский
Белгілі ғалым П.П. Семенов-Тянь-Шаньскийдің Қазақстан туралы жазған екі томнан тұратын еңбегі: «Қырғыз өлкесі» «Түркістан өлкесі»
XIX ғ. 2 жарт. Жетісуды зерттеген халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырған шығыс зерттеушісі, академик. В.Радлов
«Сібір қырғыздарының облысы» деп аталатын еңбегінде қазақ халқының шығу тегіне көңіл бөлген зерттеуші: М.Красовский
XIX ғ. ортасында жарық көрген « Сібір қырғыздарының облысы» атты еңбегінің авторы: М.Красовский
«Орынбор ведомствасының қырғыз даласы » еңбегінде Кіші жүз тарихын жан-жақты сипаттаған көрнекті зерттеуші: К.Мейер
Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін біршама толық зерттеген орыс ғалымы: А.Добросмыслов
« Торғай облысы ,Тарихи очерк» атты еңбегінде Қазақстанның саяси дамуы жөнінде сирек кездесетін мәліметтер сақталған зерттеуші: А.Добросмыслов
Маңғыстау түбегіне жер аударылған азаттық қозғалыс өкілі : Т.Шевченко
1847-1857 ж Қазақстанда айдауда болған украин ақыны: Шевченко
Украин ақыны Т.Г.Шевченко қай жылдары қазақ жерінде айдауда болды: 1847-1857
Бейнелеу өнер саласында қазақтардың қайыршылық өміріне көптеген туындыларын арнаған айдауда болған ақын, суретші: Т.Шевченко
Т.Шевченконың қазақ және украин халықтарының өмірін салыстыра жырлаған өлеңі: «Менің ойларым»
Т.Шевченко «Менің ойларым» деген өлеңінде қай халықтардың өмірлерін салыстыра жырлады: Қазақ, Украин
«Салт атты қырғыздар» шығармасының авторы: Т.Шевченко
«Қазақ шаңырағы», «Атқа мінген қазақ», «Байғұстар» деген суреттердің авторы: Т.Шевченко
«Байғұстар» (Қайыршылар) туындысының авторы: Т.Шевченко
«Бақташы бала», «Салт атты қырғыз», «Келі түйген келіншек» деген суреттердің авторы: Т.Шевченко
Қазақ кедейлерінің азапты ауыр өмірін суреттеген Т.Шевченконың шығармалары: «Бақташы бала», «Салт атты қырғыз», «Келі түйген келіншек»
Қазақтардың аянышты ауыр халі суреттелген Т.Шевченконың повесі: «Егіздер»
XIX ғ. Польшадан жер аударылғандар жіберілген аймақ: Сібір
XIX ғ. аяғында саяси жер аударылғандардың шоғырланған өңірі: Шығыс, Орталық Қазақстан
Поляк азаттық қозғалыс өкілдерінің Қазақстанға айдалғандардың жалпы саны: 10 мың
XIX ғ. 1 жарт. Жер аударылған поляктардың көп бөлігін жіберілген өлке: Орынбор
XIX ғ. 2 жарт. Қазақ жеріне айдалған революционерлер: Гросс пен Зелинский
XIX ғ. 60 жылд. Поляк күресі өкілдерінің ішіндегі ерекше көзге түскені: Гросс
Қазақ халқының әдет-ғұрпы, билер сотының мәліметтерін жинап құнды зерттеу жүргізген поляк азаттық қозғалысынң өкілі: С.Гросс
С.Гростың Семей облыстық статистикалық комитет арқылы дайындаған құнды еңбегі: «Қырғыздардың заң әдет ғұрыптары үшін материалдар»
XIX ғ. 60 жылд. Қазақтарды Ресейге танытудағы кең тараған Зелинскийдің шығармасы: «Қырғыз» поэмасы
Поляк А.Янушкевич Қазақстанда жүзбе-жүз кездескен: Құнанбаймен
Абай Құнанбайұлымен, оның туыстармен жақын таныс болған поляк азаттық қозғалысының өкілдері: С.Гросс, А.Янушкевич
Ресей азаттық қозғалысының өкілі А.Бяловский Семей облысында немен шұғылданды: Өскемен уезінің геологиялық картасын жасаумен
Жергілікті баспа ісін алға бастыруда талмай еңбек еткен Қазақстанда айдауда болған азаттық қозғалыс өкілі: Н.Коншин
XIX ғ. Тарбағатай таулары мен Қалба жотасын зерттеген: Е.Михаэлис
Батыс Сібір генерал-губернаторының тапсырмасына сай Зайсан көлінің өңірін, Ертіс бойын зерттеп, карта дайындаған оқымысты: Е.Михаэлис
XIX ғ. II жарт. Қазақ жеріне айдалған поляктар құрамындағы 50% құрайтын әлеуметтік топ: Дворяндар
XIX ғ. II жарт. Жергілікті халықты емдеумен айналысқан поляк азаттық қозғалысының өкілдері: С.Тэраевич, Я.Домашевич
XIX ғ. II жарт. қазақ жеріне айдалған революционерлер: Сташинский, Шварц, Тэраевич
Халықшыларды Қазақстанға жер аудару жаппай етек алған жылдар: XIX ғ. 80 ж.
Қазақстанның далалық губернаторларына саяси жер аударуды тарату туралы шешімі шыққан жыл: 1881 жылы
1871-1874 ж Орынборда халықшылдық бағдарлама мен ойларды халық арасында насихаттаған саяси жер аударылғандар: Р.Орлов, И.Антов, Д.Шеголов
XIX ғ. аяғында саяси жер аударудың басты орталығы болған қалалар: Ақмола, Семей
XIX ғ. II жарт. Қазақстанға жер аударылған азаттық қозғалысының өкілдеріне жатпайды: Столыпиннің аграрлық саясаты бойынша Қазақстанға қоныс аударылғандар
XIX ғ. II жарт. Ресейдегі азаттық күрестің қайраткерлерін жер аударуға ұшырау себебіне жатпайды: Қылмыстық іс-әрекеттер жасаған үшін




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет