ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ 82.03.000:802.0
Қолжазба құқығында
И.Р.Гросс
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТІЛІ
6М020500 – Филология: қазақ филологиясы мамандығы бойынша
филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
дайындалған магистрлік диссертация
ПАВЛОДАР – 2014
2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Инновациялық Еуразия университеті
Қорғауға жіберілді:
«Қазақ филологиясы»
кафедрасының меңгерушісі,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
___________Ғ.Е.Имамбаева
«___»________________20__ ж
Магистрлік диссертация
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТІЛІ
Мамандық: 6М020500 – Филология: қазақ филологиясы
Магистрант
___________________ И.Р.Гросс
Ғылыми жетекші,
филология ғылымдарының
кандидаты, доцент
___________________ Е.Қ.Жүсіпов
ПАВЛОДАР – 2014
3
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
1 С.ТОРАЙҒЫРОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ АУҚЫМЫ МЕН
ДӘЛДІГІ
1.1 Дәуір келбеті және поэзия
парасаты ....................................................................6
1.2 Жаңа жанр бастауы .............................................................................................25
1.3 Жыр табиғаты және ақындық
шеберлік ............................................................39
2 ТОРАЙҒЫРОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ
2.1
С.Торайғыров
өлеңдерінің
құрылысы
жайында ...............................................53
2.2
Ақынның
тіл
байлығы .........................................................................................62
ҚОPЫТЫНДЫ ..........................................................................................................91
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ .........................................................93
4
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздік алуы қоғамдық
өмірде үлкен өзгерістерге жол ашты. Ең бастысы, туған Отанымыздың аңсаған
тәуелсіздікке жетуі қазақ жұртшылығының ұлттық санасының күрт оянуына
айрықша әсер етті. Соңғы жылдарды қазақтың өз тарихын, мәдениетін,
әдебиетін, өмірін білуге деген талап тілегі талпынысы арта түсті.
Қазақ халқына ұлттық рухани қазынасын империялық көзқарастан аршып
бұрмасыз бүкпесіз, еш бояусыз көрсетуде әдебиеттанушы ғалымдар қыруар
еңбек етуде. Халықтың рухани дүниесіне, ғасырлар бойы жинақталған мәдени
қазынасына кеңестік заман кезінде ел-жұрттан жасырып ұсталып, үнемі
қараланып келген Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов іспеттес әрқайсысы қазақ мәдени дамуындағы бірегей құбылыс
болып табылатын алыптардың шығармашылық мұрасы бұл күндері халық
игілігіне айналды. Ұзақ ғасырлар бойы жасалған фольклордан бастап, қазақ
әдебиетінің барлық тарихи кезеңдері жөнінде кешегі кеңестік идеология
ықпалымен айтылған ойлар пікірлер қайта қаралып, тарихи ақиқат аясында
ғылыми дәйектілікпен сарапталуда.
Алайда қазақ әдебиетінің тарихында өзінің шешімін таппаған өзіміз жете
танып болмаған, басқаға да танытуымыз қажет мәселелер баршылық. Бүгінгі
таңда жете зерттеудің, жекетану ретінде қалыптастырдық дейтін абайтану,
махамбеттану, сұлтанмахмұттану секілді ілгері ілімдердің де күн тәртібінде
көтерілген жаңа мәселелері туындап отыр.
С.Торайғыровты зерттеу ісі қиын жолдардан өтті. Ол халқымыздың
дарынды ақыны ретінде мойындалғанға дейін әрқилы бағаланды. Әдебиет
тарихына біресе енгізіліп біресе енгізілмей бұрмалауға түскен кезеңдер болды.
Ақын мұрасы бірде дұрыс, бірде бұрыс бағалауға ұшырады. Ақынның идеялық
ой-танымы, дүниеге көзқарасы, ұстаған бағыт-бағдары, мақсат-арманы екі түрлі
түсіндірілді. Кеңестік идеология шарпуымен «ұлтшыл ақын» ретінді
бағаланады. Дүниетанымы, лирикасы, роман, поэмалары, көсемсөздері әр кезде
әрқилы талданды. Өзінің биік эстетикалық шын бағасын алғанға дейін ақын
мұрасы социологиялық сыңаржақ сындарға ұшырады. Оның бәрі қазір өткен
күннің тарихына айналып отыр. Қазіргі таңда қазақ әдебиетінің
5
«сұлтанмахмұттану» деп аталатын арнаулы саласы қазіргі кезде жеке ғылым
саласына айналып, біршама зерттелген, әрі ғылыми негізі де кеңестік дәуірдегі
қазақ әдебиеті кезеңінде бастау алып, қалыптасқан.
С.Торайғыров – қазақ халқының сүйікті, перзенті асқан дарынды ақыны.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдиебетіндегі тұтас дәуірді айқындап тұрған
тұлғалы талант, ұлы ақын. Аз жасаса да, соңынан аса бай, мейлінше мол әдеби
мұра қалдырып өткен классик ақын. Ақын есімінің өшіп кетпей, бүгінгі ұрпаққа
маңдайы жарқырап жетуінде көрнекті ғалым Б.Кенжебаевтың зор күрескерлік
әрекеті жатқаны баршамызғаа белгілі. Әдебиет пен тіл егіз ұғым. Қашан да
жұбы жазылмай, бірін-бірі толықтырып тұратын бұл екі саланың зерделейтін
мәселелері де көп ретте түйіндесіп түйісіп жатады. Осы орайда Сұлтанмахмұт
шығармашылығының көркемдігі, айшықтығы оның сөз өрнектерін кестелеудегі
тілінен байқалады. Осы орайда, С.Торайғыров поэзиясының көркемдік әлемін
қарастыру суреткер өмір сүрген заманның болмысын зерделеумен қатар, қазіргі
қазақ ұлтының қоғамдық-әлеуметтік жай-күйін, психологиялық жағдайын
анықтауға мүмкіндік береді.
Шын мәніндегі мәдениетті, толыққанды лирика жайлы сөз қозғағанда
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың орны айрықша екендігін айтуымыз шарт.
Торайғыров лирикасының тақырыптық ауқымы мен дәлдігі, мазмұны мен түрі,
көркемдік нысанасы, бояуларының сан алуандылығы зерттеуді қажетсінеді.
Ақын поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктерінің зерттелуі өз алдына жеке
қарастырылмауы зерттеу жұмыс тақырыбының өзектілігін діттейді.
Зерттеу тақырыбының мақсаты.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
шығармаларының тақырыптық ауқымы мен дәлдігін, көркемдік әлемін
қарастыру – диссертациялық жұмыстың басты мақсаты.
Жұмыстың міндеттері. Мақсатты орындау үшін мынадай міндеттерді
жүзеге асыру көзделді:
- ақын шығармаларының тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсіну;
- С. Торайғыров өлеңдерінің құрылыс жүйесіндегі жаңалықтарды, тың
тәжірибелерді анықтау;
- ақын шығармаларындағы көркемдік ерекшеліктердің, түрлі сөз
қолданыстарының табиғат, қоғам, жеке адам өмірін сипаттауда алатын орны.
Зерттеу жұмысының нысаны. Жұмыстың зерттелу көзі – ақын
шығармаларының көркемдік ерекшелігін, сөз өрнектерін талдау болмақ.
Жұмыстың нысаны ретінде ақынның өлеңдері, романдары мен ақынның
«Таныстыру», «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс» атты поэмалары алынды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Жұмыстың зерттеу нысанына орай
дереккөз ретінде ақын С.Торайғыровтың шығармаларын қамтитын шығармалар
жинағы пайдаланылды.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Зерттеу барысында талдау,
жинақтау, салыстырмалы талдау, тұжырым жасау әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Қазақ
әдебиетін, оның ішінде поэзияның тіл кестесін, өлең өрімін, саздылығы мен
әуезділігін, яғни, көркемдік, сапалық қасиетін жан-жақты қарастыратын
әдебиет теориясы. Сол себепті диссертациялық жұмыстың негізгі
6
тұжырымдары мен нәтижелерін жоғары оқу орындарында С.Торайғыров
бойынша оқылатын арнайы курстарда пайдалануға болады. Сондай-ақ жоғары
оқу орындарында жеке қаламгер лабороториясын, ақындық әлемiн арнайы
курстар ашып оқытқанда бұл еңбектiң көмекшi құрал ретiнде пайдаланылуы
мүмкiн.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
шығармашылығы көркемдік-эстетикалық және теориялық тұрғыдан жан-жақты,
жүйелі қарастырылып, арнайы зерттеуге арқау болып отыр.
Осы тұрғыдан келгенде ақын С.Торайғыров шығармашылығын тұтастай
алып зерттеу, шығармаларын жанрлық ерекшеліктеріне жіктеу, оның
туындыларындағы автордың шеберлігін, туындыларындағы көркемдік
ерекшеліктерді кешенді түрде зерттеу және сол арқылы қазақ әдебиетінде
алатын орнын анықтау – жұмыстың басты жаңалығы болып табылады.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы: Зерттеу жұмысы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған «Ғылым
және білім – 2014» атты ІХ Халықаралық ғылыми конференция жинағында,
«ИнЕУ хабаршысы» ғылыми журналында жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
7
1 С.ТОРАЙҒЫРОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ
АУҚЫМЫ МЕН ДӘЛДІГІ
1.1 Дәуір келбеті және поэзия парасаты
Қазақ – тумысынан ақын халық. Ойласа да, сөйлесе де төгілдіре
құлпыртуды, шешен тілмен сурет салуды ұнатады. «Өнер алды – қызыл тіл» деп
бабаларымыз әншейін сөз ыңғайымен айта салмағаны анық. Он ойлап, тоқсан
толғап түйдектете төгетін шешендер, жалғыз ауыз сөзбен дүйім елдің тағдырын
шешетін көсем билер сөз құдіретін ұғатын елдің ғана пешенесіне жазылары
даусыз.
Абайдың баршамыз жабыла қайталайтын «Өлең – сөздің патшасы, сөз
сарасы» өлеңіндегі неше қайтара оқысаң да қайрыла оралып, қайта жатқа
айтқың келетін шумақтар өлең өнеріне қойылатын биік талаптарды бойына
қапысыз жинақтаған. Ғылыми трактат емес, поэзия туындысында өнер өзегі,
өлең табиғаты, ақын парасаты сияқты кесек ұғымдар тылсым сезім, терең ойға
бөленіп, қазақ өлеңінің озық біткен асыл сипаттары бек айшықты суретке
айналған.
Өзі өлсе де, сөзі өлмей, есімдері өлең өлкесінде мәңгі бақи қалып қоятын
ақын мыңның бірі ғана. Уақыт алға қарай зымырай жүйткігенімен, ғасырлар
тозаңы жасыра алмайтын, саф алтындай жарқырап, айналасына нұрлы сәулесін
шаша беретін өміршең тұлғалар болады. Солардың бірі – қазақ өлеңінде мәрмәр
тастан қашалғандай Сұлтанмахмұт ақын есімі.
C.Торайғыров – төтенше өзгерістер мен дүрбелең сілкіністер дәуірінде
тарих сахнасына көтеріліп, XX ғасыр басындағы қазақ әдебистінде өзіндік жол
салған, шығармаларына тұтас бір дәуірдің шындығын сыйғызған суреткер. Ол
артына өлмес те өшпес мол мұра, қымбатты қазына қалдырған ұлы ақын.
«Ақынның хаты өлмейді», – дейді халық нақылы. Осы дана тұжырымды
Торайғыровтың өміршең шығармалары дәледей түспек.
Шын мәніндегі мәдениетті, толыққанды лирика жайлы сөз қозғағанда
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың орны айрықша екендігін айтуымыз шарт.
Торайғыров лирикасының тақырыптық ауқымы мен дәлдігі, мазмұны мен түрі,
8
көркемдік нысанасы, бояуларының сан алуандылығы төңірегінде ой өрбітпес
бұрын шығармашылығының қайнар бұлағы турасында қысқаша түйіндеу жөн
сияқты.
М.О.Әуезовтің: «Тегінде, Абай шығармаларының барлық қор нәрі үлкен
үш арнадан кұралады. Бұның біріншісі, ең молы – қазақтың халық әдебиетінің
мұра-тумалары, екіншісі – шығыс әдебиетінен келген және ең аз сезілетін
белгілер. Үшіншісі – Абайды мәдениетті, үлкен заңғарлы зор ақын етіп
көрсетстін батыс әдебиетінің үлгі өрнектері» [1, 18 б.], – деп ұлы ақынның нәр
алған үш бұлағы мен асқаралы поэзиясының бастауларын бөліп айтуы
Сұлтанмахмұт мұрасын зерттеушілерге де үлкен ой салады, әрі қаламгер
шығармашылығының табиғатын тануға бағыт сілтейді.
Халықтың бай ауыз әдебиетінен қана сусындамаған бірде-бір қалам иесі
жоқ шығар, сірә. «Қазақ әдебиеті, ең алдымен, ұшан-теңіз бай ауыз әдебиеті
негізінде туып, дамыды. Қазақтың ауыз әдебиетінің сан-алуан түрлерінен,
жанрларынан бастап осы күнге дейін сақталып, дамып отырған ақындар
айтысына дейін барлығы да біздің рухани шығармашылығымыздың тамаша
байлығы, барлық елдердің ақын-жазушылары мен ғалымдарын қайран
қалдырған көркемдік ерекшеліктерін танытады» [2, 121 б.], – деп жазған еді
Есмағамбет Ысмаилов. Халық мақал-мәтелдеріндегі терең философиялық
ойлар, поэзиядағы образдылық пен мөлдірлік жас ақын Сұлтанмахмұтқа
айрықша әсер еткендігі дау туғызбаса керек. Торайғыров қазақ ауыз әдебиеті
үлгілерін жоғары бағалап, қастерлеп, кұрмет тұтқан. «Ер Тарғын»,
«Қобыландыны» оқып байқа» немесе «Даламның ақындарын айтам сізге, үлгіге
сөз патшасын сонан ізде» дегенде халық әдебиетінің үлгілерімен жете таныс
екендігін байқатады. Торайғыров шығармаларында «Берген перде бұзады»,
«Көш жүре түзелер», «Әркімнің өз аузына қолы жуық», «Бәрекелді кұлды
өлтірер» секілді мақал-мәтелдер мен нақылдарды қажетті жерінде пайдаланған.
Кей ретте ақын халық даналығының рухын негізге алып, өзінше нақыштап
кетеді. «Өзінің түйедей де мінін көрмей, біреудің түймедейін тінтіп табар»,
«Тұтылып шелек жалап тамам нашар, әлділер құтылысты айран ішкен», «Отқа
жақ алтын ерің атқа тисе», «Өз етігің тар болса, дүниенің кендігінен көрмессің
дәнеңені» деген жолдардың түп төркіні әркімге-ақ белгілі болар. Сол кезде
қазақ арасында кеңінен таралған «Зархұм», «Сал-сал», «Зипнұн» тағы басқа
қиссаларды жаттап, тыңдап өссе, ол да елерлік жәйт.
Абай – өлең өнерінің өлшеміндей, ақындықтың құдіретіндей ерек тұлға.
Қазақ поэзиясында Абай жалғыз. Сұлтанмахмұттың өзі де:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең
Жат тоқып ал көңілге [3, 120 б.], –
деп ұлы ақын мұрасына ынтазарлана ден қояды. «Іші алтын, сырты күміс» асыл
сөзді айнытпай танып, ондағы адамгершілікке, имандылыққа үндейтін үрдісті
ойға тәнті болады.
Абай мен Сұлтанмахмұт арасындағы шығармашылық байланыс жөнінде
әңгіме қозғағанда ескеруді керексінетін бір жәй бар. Біраз әдебиетшілер
9
Торайғыров өнернамасын Абайдың ақындық мектебі аясында қарауға бейім
тұрса, кейбір еңбектерде ол Абайдың, ақын шәкірттері қатарында аталды.
Филология ғылымдарының докторы М.Мырзахметовтың: «Абайдың ақын
шәкірттері деген нақтылы ұғымға кейбір әдебиет зерттеушілері меже, шек
қомай осы өнерлі жастар тобындағыларды бұл әдеби ортадан тыс, соңғы дәуір
ақындары мен басқа өнер өкілдерін тоғытып жіберген тұстары да болған» [4,
282 б.], – деуі шындыққа жанасымды. М.Әуезовтің «Абайтанудан
жарияланбаған материалдар» кітабында «Ә.Жиреншиннің «Абай Құнанбаев»
деген кітабы туралы пікір» атты шағын мақала – рецензия бар. Осы
мақаласында М.Әуезов: «Сұлтанмахмұт турасында оны Абайдың шәкіртіне
қосу орынсыз. Жақсы болсын, жаман болсын, бұл ақын басқа дәуір, басқа
тарихтық әлеуметтік салт-саналық жәй-жағдайлардың өзінше бөлек, өзінше бір
үлкен өкілі. Оны Абайдың шәкіртіне қоссақ, революцияға шейінгі қазақ
әдебиетіздегі басқа барлық жазушыларды да Сұлтанмахмұтша Абай шәкіртінің
қатарына тізе беруге болады», – дей келіп, принципті маңызға ие пікір ұсынады:
«Сұлтанмахмұтты шәкірттерден бөліп алып, «Абай әсерін көрген кейбір
ақындар» деген жік жасап, оны кітаптың ең соңғы жағына салып,
Сұлтанмахмұтқа қоса Сәбит Дөнентаевты беру керек» [5, 299-300 Б.].
Демек, Сұлтанмахмұтты Абайдың ақындық дәстүрін XX ғасыр басындағы
қазақ әдебиетінде дамытушы, жалғастырушы қаламгер ретінде тану ғылыми
ақиқатқа сай келеді.
Абай мен Сұлтанмахмұттың поэзияға қоятын талаптарында ортак өрілген
ой желісі ұшырасады. Ұлы Абайдың поэзия туындысына, ақындық өнерге
көзқарасы өлең жолдарында мейлінше бедерлі бейнеленген:
Мақсұтым – тіл ұстартьп, өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ,
Үлгі алсын деймін ойлы жас жітіттер
Думан, сауық ойда жоқ әуел баста-ақ [6, 87 б.],
Немесе:
Мен жазбаймын өленді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін [6, 91 б.].
Өнер болмысын, өлең табиғатын бұдан артық жеріне жеткізіп айту мүмкін
емес. Жазушы лабораториясы, суреткер психологиясы сияқты бірегей күрделі
ұғымдар қалай қапысыз қамтылған.
С.Торайғыровқа келсек, «Өлен Һәм айтушылар», «Қазақ тіліндегі өлең
кітаптары жайынан», тағы басқа мақалаларын жазу барысында әдебиеттің
көкейкесті мәселелерін ғылыми арнада қарастыруды мақсат еткен. «Қазақ
тіліндегі өлең кітаптары жайынан» сыни мақаласында Абай, Ахмет
Байтұрсынов, Міржақып Дулатов өлендерін талдай келе, «қайнаған қанның,
қиналған жанның, толғатқан көңілдің, толғанған жүректің сығындысы, шын
жылаған жастың тамшысы, рас қайнаған сорпаның сөлі» деп бағалайды.
Торайғыров жүрегінін терең түкпірінен орын алған аталған ақындар
шығармашылығындағы реалистік суреттін күштілігі, көріктеу құралдарының
10
айқындығы екендігі сөзсіз.
Сұлтанмахмұт Сократтан, Надсоннан, Крыловтан айшықты сөздер мен
тіркестерді жазу процесінде үйрене отырып қабылдаған. Алайда оның көбірек
ынта қойып, тіл шұрайлылығы мен шығарма көркемдігінде үлгі тұтқан
қаламгері – Абай. Мәселен:
«Дүние бос махаббатсыз мал секілді»,
Деген сөзін Абайдың есіңізге ал [8, 78 б.].
Дос іздедім, қамдандым,
Таба алмадым, алдандым [8, 66 б.].
Өз қақпаңды аштың деп
Кім қылады келеке [8, 110 б.]?
Дүние-өзен, ағысын кім тоқтатар?
Ағып кете баратын мен бір салам [8, 132 б.].
Ол бірде Абай сөзін бұлжытпай қайталаса, бірде ұлы ақынның ізімен
кетеді, не жаңаша жыр жолдарын өрнектейді.
С.Торайғыров Абайдан нені үйренді? Ең алдымен, әлеуметтік өткірлік,
өмірлік сырларды шыншылдықпен түбірлей көтеру, қатыбас заманның күйрек
қалпын сынау, адал адамгершілікке, өнер-ғылымға үндеуді қабылдады. Сондай-
ақ ол Абай туындыларын оқу үстінде заманында аһ ұрып өткен тағдырлармен
ұшырасты, өзінің де жүрегіне ұялаған арманын таныды.
Абай шығармаларындағы биік әлеуметтік пафос жалпы қазақ әдебиетінде
көркемдік ойдың өткірленіп, коғамдық санаға жаңа таңбалардың із салғанын
аңғартты. «Соқтықпалы, соқпақсыз» заманда «мыңмен жалғыз алысқан»
жұмбақ жанның мұра-тумаларында әлеуметгік кенеулі ойдың трагедиялық
сипат алып кетуі тегін емес.
Қайнайды қаның,
Ашиды жаның,
Мінездерін көргенде [6, 91 б.].
Болмаса:
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдымм – тап шыным [6, 91 б.].
Шырқыраған шындық, ащы шындық. Әуезовше айтсақ «сөзбен жазылған
емес, қанмен жазылған жолдар». «Айналасынан сөзін ұғар адам, ел болар жұрт
таба алмай, «сандалмамен күн кешкен» азамат ақынның зары. «Абайдың тұла
бойын түгел алып кеткен осындай өз ортасына наразылық бар. Абай сол
заманды, сол ортаны сол сынаған адам» [7, 58 б.], – депті көрнекті ғалым,
ұлттық филологиямыздың тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбанов.
Байқап қарасаңыз, С.Торайғыров шығармашылығында қоршаған ортадағы
жарымжандық, әлеуметтік жағдайдағы сәйкессіздік жүйелі философиялык
ұғым дәрежесіне көтерілген. Жаңа заман тудырған талаптарға ақын азаматтық
позициясын үнемі білдіріп отыруды мақсат тұтқан.
Көп күндер көпті істеді, көпті істемек,
11
Адамзаттық ақылы күнде үстемек.
Ақылдың өскен сайын айтатыны
Жоқ құлдық, жоқ терелік, жоқ күштемек [8, 76 б.].
Немесе:
Кесені қолыма алып қарай бердім,
ішінде нақақ көзден жас бар ма деп [8, 81 б.].
Ұлттық ояну мен саяси серпілістер майданына айналған XXғасыр
суреткерінің аузына ғана түсетін сөз. «Бір-ақ жазық қазақта ұлы-қызы мазақта»
екенін жұдырықтай жүрегімен ұғынып, туған халқын ғылымы өскен, білімі
жетілген, мәдениеті дамыған елдердің қатарынан көруді Алатаудай асқақ
арманына айналдырған ақын келбеті көз алдыңнан кетпейді.
Абай қазақ әдебистінде сатиралық сарынның өрістеуіне орасан мол еңбек
сіңірді. Рас, сатира дәстүрі ауызша, жазба әдебиеттерде бұрыннан келе жатқаны
анық. Абай ежелгі сатиралық дәстүрді жаңа мазмұн, соны бояулармен
жаңғыртты да, әлеуметтік өткір ойларын ұтымды тәсілмен өнер әлеміне алып
шығып, осы жанрдың артықшылықтары мен мүмкіншілштерін жарқырата
ашты. «Абай өз дәуірінің қатал сыншысы, елдегі сорақылықтардың бітіспес
міншісі болды. Ол жалпы әдебиетті ғана емес, оның сатира, юмор саласында
жаңа белеске көтерді» [9, 110 б.], – депті профессор Т.Қожакеев.
Сұлтанмахмұт Абай сомдап, шыңдаған қазақ әдебиетіндегі сатиралық
дәстүрді өзі ғұмыр кешкен кезеңдегі індетке айналып кеткен сүреңсіз
кұбылыстар мен келеңсіз көріністерді әшекерелеуде тапқырлықпен пайдаланды.
«Анау-мынау», «Шал алған қызға», «Бір адамға» өлеңдеріндегі сатиралық саз
кесек-кесек әлеуметтік қайшылықтарды үңги көтеруге, адамзаттық өткір
сананы қалыптастыруға қалтқысыз қызмет жасағандығы шүбә келтірмес.
Абай қоғамдағы кембағалдықтан, әлеуметтік мешеуліктен, мимырт
мәңгүрттіктен арылудың бірден-бір жолы оқу, білімге ұмтылу деп білсе, осы
үрдістің Сұлтанмахмұтқа да еш бөтендігі жоқ.
Анау қырда татар тұр, басқалармен қатар тұр.
Мынау қырда қазақ тұр, қастарында азап тұр [8, 96 б.].
Ақын жабырқау көңілмен жайбарақат хабарлайды десек қатеге ұрынамыз.
Ұлтының, жұртының трагедиялық халі қаламгерді қатты тебірентеді,
тығырыққа тіреліп қалмай лирикалық кейіпкерінің жігерін жанып, алау сезімге
бөлейді:
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда, кім болам [8, 43 б.]?!
Лирикалық қаһарманның есейгендігін, ақынның өскендігін байқаудың тіпті
де қиындығы жоқ. «Сұлтанмахмұт шығармаларының лирикалық кейіпкері –
Абайға қарағанда, қоғамдық сорақылықтарды батыл айыптаушы. Ақын өзінен
бұрынғы және замандас қаламдастарына қарағанда еңбекші халықпен бетпе-
бетжақын келді. Оны халықтың қайғысы мен азабынан, арманы мен мұңынан,
бостандық үшін күрес идеясынан бөліп қарау мүмкін емес» [10, 124 б.], – деген
пікір тек қана қолдауды тілейді.
12
Сұлтанмахмұт әдебиеттегі Абай дәстүрін жалғастырушы, онан әрі
дамытушы дегенде, біз оның қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі, өзгелік тағлымы
бар ақын екенін естен шығармауымыз шарт.
Ақын ұлы Абайдың көлеңкесінде қалып қойған жоқ. Замана ұсынған
көкейкесті, кезек күттірмейтін әлеуметтік мәнді тақырыптарды жырлауда, дәуір
келбетін жинақтау ниетінде жанрлық мүмкіншіліктерді барлауда Абайдан
біршама ілгері кетті.
Нақтылай түссек, «етімді шал сипаған құрт жесін деп» басын өлімге тіккен
жас қыздың басындағы ауыр халді көтере отырып Абай:
Біреуі – көк балдырған, бірі – қурай,
Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз [6, 81 б.], –
деп мәселеге гуманистік позициядан қарады. Сұлтанмахмұт көптеген
лирикалық өлеңдерін былай қойғанда, «Қамар сұлу», «Кім жазықты?»
романдарымен қазақ әйелінің қоғамдағы орнын түбегейлі қозғады, эпикалық
планда саралай суреттеді. Ұнамды кейіпкері Қамар арқылы:
Тоқтау бер мұнан былай қазағыңа,
Шалдардың қызды салмай мазағына [8, 296 б.], –
деп қатал үкім шығарды. Ғылым-білімге шақыру және әлеуметтік ортаға сын
айтуда да Сұлтанмахмұт озықтығымен көрінді. Ол өзінен бұрынғы әдебиеттегі
дәстүрлі формалармен қанағаттанбай, жиырмасыншы ғасырдағы әдеби
процеске реалистік поэма, роман, рецензия, сын мақала, тағы басқа жанрларды
батыл енгізді.
Сұлтанмахмұт шығармашылығында, әсіресе алғашқы кезеңінде, татар
әдебиетінен, оның классик ақыны Ғабдулла Тоқайдан үйренгендігі байқалады.
Мұның өзіндік себептері де бар сияқты. Біріншіден, бала Сұлтанмахмұттың
оқыған молдаларының дені татарша білім алған адамдар еді. Екіншіден, сол
кезде жарық көрген кітаптар, сондай-ақ мерзімді баспасөз тілінде татар
мәдениетінің ықпалы сезілетін. Қазақ кітаптарының көпшілігі Қазан
баспаханаларынан шыққандықтан, кейде татар тілі аралас келетін. Үшіншіден,
Ғ.Тоқайдың өлеңдері 1907 жылы Қазан қаласында екі рет басылып шыққан, сол
сияқты, «Жұбаныш» атты балаларға арналған өлеңдер жинағы 1908 жылы
бөлек кітап болып жарық көрген және қазақ арасына кеңінен тараған.
С.Торайғыровтың татар классигінің осы жинақтарын оқуы әбден мүмкін.
Сұлтанмахмұт Ғ.Тоқайдың «Шурале» деген лақап атпен шыққан «Яшин
ташлар» атты көк тысты екі жұка кітабын ала келіп, ондағы сықақ, мысал
өлеңдерін аудармақшы болған.
Сұлтанмахмұт Тоқай поэзиясынан азаматтық асқақ әуенді көрді, туған
халқына деген шексіз сүйіспеншілікті таныды. Татар ақынының жырларынан
қоғамдық ой-пікірді халықтық тұрғыдан бағалауды, әлеуметтік теңсіздікті жер-
жебіріне жете сынау дәстүрін, рухани, мәдени мешеулікке барынша
қарсылықты аңғарды.
Торайғыровтың татар әдебиетінің ұлы ақыны Ғ.Тоқай творчествосына
зейін қоюына жоғарыдағы жәйттердің түрткі болуы анық.
С.Торайғыров Тоқайдың небәрі екі-ақ шығармасын аударды. Олар:
«Арыстан мен тышқан», «Екі тышқан» (1912) атты мысалдар. «Арыстан мен
13
тышқанды» Тоқай орыстың атақты мысалшысы И.А.Крыловтан аударған.
Сұлтанмахмұт пен Тоқай шығармаларындағы күрескерлік идея, әйелдердің
қоғамдағы теңсіздігін сынау, ана тілі жайлы тебіреністері һәм көркеменерге,
әдебиет сынына көзқарастары біртектес. Айта кетуді керексінетін бір түйін –
Ғ.Тоқай жырлары мен Сұлтанмахмұт шығармаларындағы кейбір ортақ үлгілер
мен мотивтер – олар өмір сүрген әлеуметтік орта ұқсастығынан.
Кеңес өкіметі кезінде орыс әдебиетінің басқа халықтар әдебиетіне тигізген
ықпалы жайлы көп айтылып келді. Оның үстіне осы бірмәнді мәселе сөз
болғанда біржақтылық тым басым жатады, яғни орыс мәдениетінің ұлт
әдебиеттеріне ұстаздығы баса айтылып, кері процестің мүмкіндігі ескерілмей
келеді деген пікір нәрсіз емес.
Сұлтанмахмұт шәкірттік шағынан орыс тілін меңгеріп, сол арқылы ғылым
құпияларын қапысыз ақтаруды армандаған:
Оллаһи! Ант етемін алла атымен,
Орыс тілін білемін һәм хатымен.
История, география пәнді білмей,
Оллаһи, тірі болып жүрмеспін мен [8, 95 б.].
Балаң ақынның белді бекем буып, өмірлік серт етіп құштарлықпен орыс
мәдениетіне ден қоюы шүбәсіз.
С.Торайғыров орыс тілін жетік білуге барынша талаптанып, кейінде сол
тілде жазылған ақыл-ойшы, ақын-жазушылардың шығармаларын құныға
оқыған. Асқан ойшыл, қоғам қайраткерлерінің, әдебиет алыптары А.С.Пушкин,
М.Ю.Лермонтов, С.Я.Надсон, И.А.Крылов, М.Е.Салтыков-Щедрин,
А.В.Кольцов, Н.А.Некрасов, Л.Н.Толстой, А.А.Блок туындыларын зерттеп
оқығандығын естеліктер бойынша еске түсіреміз. Ш.Сәтбаева XX ғасырдың
алғашқы жылдары демократияшыл ақын С.Торайғыров орыс тілінде Байрон
шығармаларын оқығандығы жөнінде дерек келтіреді [11, 123 б.].
Пушкиннін «Гүл» шығармасының ізімен өлең жазуы, М.Әуезовтің
Н.Некрасовтың «Русьте кім жақсы тұрады?» поэмасындағы шаруалар бейнесі
мен С.Торайғыровтьщ «Кедей» поэмасындағы лирикалық кейіпкер кедей
арасындағы ұқсастыққа назар аударуы, М.Қаратаевтың Сұлтанмахмұттың «Жан
қалқам» лирикасы М.Лермонтовтың «Алғашқы махаббат» өлеңін еске
салатындығын байқауы қалай десеңіз де кездейсоқтық емес.
«Адасқан өмір» поэмасында әділдікті аңсаған лирикалық қаһарманын
ақын былайша сөйлетеді:
Надсонның айтқанындай: «Жауыз жолмен
Жүре алмай дымы құрыр онан әрі,
Талған күш, ауырған жан, қиналған тән,
Дертіне жақындықты етер дәрі»,
Әділдік қызметкері болғандарға
Алғысты сол күнде айтар баршалары [8, 201 б.].
Семен Яковлевич Надсон (1862—1887) есімі бүгінгі қазақ оқырмандарына
кең танылмаған. Оның өмірлік сапары Сұлтанмахмұтпен тағдырлас. Небәрі
жиырма бес жас ғұмыр сүрген, өмірдің ащы, кермек дәмін көп татқан жан.
С. Я.Надсон шығармаларындағы негізгі түйін – қоршаған ортадан шындық
14
іздеу, күңгірт түнекті түріп тастап, нұр сәулелі жарқын болашаққа ұмтылу.
Адамзат коғамындағы трагедиялық халді жеке басының қайғысындай
сезінетін, ақындық парасат пен поэтикалык рухты пайғамбардай қастерлейтін
қос өнер саңлағы – Надсон мен Торайғыровтың іштей табысуы табиғи, әрі
жарасымды.
«Аз өмірін төл шығарма жасауға барынша жұмсаған өршіл ақынның
аударма жасауға жөнді уақыты да болмады» [12, 125 б.]. И.А.Крыловтан бір
мысал аударғаны мәлім. Сондай-ақ:
Крыловтың баснядағы есегіндей,
Үстімде алтын болғанды қылып желік...
Арыстан айға шауып мертігіпті
Секірме, қолың жетпес көктегі аймын...
Дәл келер Крыловтың баснясында
«Сусыз бөшке жол алар» деген нақыл...
Тізіп көрсетілген үлгілер Торайғыровтың орыстың атақты мысалшысының
шығармашылығымен жыға таныстығын дәлелдейді.
Сұлтанмахмұт туған халқымыздың фольклоры және дәстүрлі қазақ, орыс
әдебиеттерінен, Абай мен Тоқайдан тағлым алуы, сөйтіп қазақ көркемдік
ойының биігіне самғай көтерілуі ана сүтімен жан дүниесіне берілген дарыған
қасиетке қоса ізденімпаздык, еңбексүйгіштік нәтижесі.
Ақын шығармаларын басып шығаруда белгілі бір принцип, хронология
сақталмай жүр. Оның тек 1912 жылдан бергі туындыларын ғана қабылдауымыз
керек десек, әділдік болмайды. Сұлтанмахмұттың өсуі, ақын ретінде қалыптасу
жолын ескеру қажет. Олай болмағанда, тіпті, өнер табиғатына қайшы келуіміз
хақ. Елуінші жылдары С.Нұрышев сияқтылар ұлы Абайды 1882 жылы
жазылған «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінен бастап тануымыз
керек, бергіректегілері Абай атына сай емес деп сәуегейлік білдіргені көпке
мәлім. Көпе-көрнеу қиянатқа төзе алмай: «Бұлай болғанда, Абайды 37 жасынан
ғана, бір-ақ күнде ақындықты, пайғамбарлық дарығандай, ағыл-тегіл бір-ақ
бастады деуіміз керек» [13, 151 б.], – деп күйінген еді М.Әуезов. Қолына қалам
ұстаған әрбір ақын-жазушы бастан өткеретін дүниетаным, көркемдік ойлаудағы
эволюцияны ескермеу биік мақсат, ізгі мұратқа бастамайтын келте соқпақ.
Сондай-ақ М. О. Әуезовтің «Бұл шығармаларына бойлай қарап, танып, біліп
талдамай, кейінгі өскелен үлкен шығармалар беретін классик Абайды сол
шығармаларынан ғана бастап тексеріп тану, жарым жолдан бастағандай
жартылай тексеру, шалағай тану болар еді» [13, 164 б.], – деп ежіктей
ескертетіні тағы да бар.
Сұлтанмахмұттың тұңғыш жазған шығармасы – «Секілді өмір қысқа
Достарыңызбен бөлісу: |