10. Ана бауырындағы бұлақ.... (бала жағасындағы құрақ) 11. Балаңыздың қандай да бір іске өнері, қызығушылығы байқалсы не істер едіңіз? 12. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз? 13. Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс - әрекетіңіз. Сіз қандай
ата – анасыз?
“Сыйлық” тренингі Мақсаты:жағымды көңіл-күй сыйлау, ізеттілікке бағдарлану қабілеттерін дамыту.
Жүргізілуі: қатысушыларды жүргізуші екі қатарға бөліп, бір –біріне қарама қарсы отырғызады.Бірінші жұптан бастап, бір-бірінің туған күніне вербальды емес түрде сыйлықтар сыйлауы керек. Біріншісі өзінің не сыйлайтынын мимикалық түрде көрсетсе, екіншісі оны қабылдаушы ретінде көңіл білдіруі тиіс. Осылайша жұптар жалғаса береді. Соңынан кімнің не сыйлағаны талданып, ең жақсы өнер көрсеткен топ анықталады.
Үндеу. Құрметті мектеп оқушылары! Біз 7 – сынып оқушылары, барлық мектеп оқушыларын салауатты, яғни нашақорсыз, ішімдіксіз, шылым шекпей өмір сүруге шақырамыз. Бұл індеттер – денсаулықтың жауы, қоғамға жат әдеттер екенін естеріңізге саламыз!
Үндеу. Құрметті ата –аналар! Біз сіздерді мектептегі оқушы өміріне қатысты өтетін іс – шараларға және мектептегі жиналыстарға белсенді түрде қатысуларыңызды шақырамыз!