6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы



Pdf көрінісі
бет254/308
Дата07.12.2022
өлшемі3,22 Mb.
#55499
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   308
Байланысты:
Жұбанышев

Азық-түлік салығы – азық-түлік салғыртының орнына 1921 жылы енгізілген жаңа экономикалық саясаттың 
(ЖЭС) негізін қалаған салық. Мөлшері көктемгі егін себуге дейінгі шаруашылықтың әлқуатына байланысты 
белгіленді. Азық-түлік салғыртынан анағұрлым аз болып, артық өнімдерін сатуға рұқсат етілді.Бұл 
шаруаларға өнім көлемін арттыруға ынталылық тудырды. 1923жылға дейін қолданылды. 
Айбалта – соғыс қаруы 
Айқап журналы – 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласында айына бір рет, кейін екі рет шығып 
тұрған қоғамдық-саяси және әдеби журнал. 
Айтыс – суырыпсалма ақындардың ауызша өлең түріндегі сөз жарысы. 
Айып – қылмыс жасап, жазады болғандығы үшін заттай не ақшалай төленетін ақы. 
Акция – акционерлік қоғам қаржысына белгілі бір үлес қосқанын және соның табысына ортақ екендігін 
куәландыратын бағалы қағаз. 
Акция – құнды қағаз. Ол кәсіпорынға акционердің белгілі мөлшерде үлес-жарнасының қосылғанын 
куәландырады және оған меншікті иеленуге, түскен табысты бөлісуге құқық береді. 
Ақ гвардия – Қазан революциясынан кейін Кеңес республикасына, большевиктерге қарсы күштердің әскери 
құрамалары. Ақтар қозғалысының әскери күші – Кеңес тәртібіне (Қызыл гвардияға) қарсылардың қарулы 
бірлестігі.
Ақсақал – аталас туыстар билігін жүргізетін адам. 
Ақинақ қолма-қол шайқаста қолданылған, ұзындығы 40-60 см, қысқа семсер. Скиф-сақ және иран тілді 
халықтарда кең таралған. Ақинақ қоладан құйылған, балдағы аң, жануар бейнесімен әшекейленген. 
Ақсүйек – хан, сұлтан, қожа ұрпақтары. 
Ақын – суырып салма, яки жазба өлең шығару қабілеті бойына туа дарыған шығармашылық өнер иесі. 
Алаш – ежелгі қазақ тайпаларының алғаш қауым болып біріккен одағы. «Қазақ» атауының көне баламасы. 


Алаш автономиясы – 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен ІІ Жалпықазақ съезінде 
жарияланған қазақ халқының ұлттық-аумақтық мемлекеттілігі (1917-1920 ж.) 
Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы 
бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет