Ассамблея – Халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы
Ассимиляция – саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен басым халықтың құрамына
біртіндеп сіңісіп кетуі. Бір халықтың екінші халықпен алаласып, ұлт ретінде жойылып кетуі.
Ат тұлдау – қайтыс болған ер адамның тірі кезінде мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, жылына дейін
құр жіберу (мінбеу), асына сою.
Атабек – хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші әрі оның қамқоршысы.
Аукцион – көпшілік алдында кім бағаны асырса, соған сатылатын бәсеке сауда.
Аумақтық-ұлттық автономия – бір мемлекеттің шеңберіндегі саяси жағынан – өзін-өзі билейтін ұлттық
құрылымы (республика, облыс, аудан).
Ауыздық – жүгеннің ат аузына салынатын темір бөлігі.
Ауыл басы – ауыл билігін жүргізетін адам
Әскери коммунизм – Кеңес мемлекетінің Азамат соғысы (1918-1920) жылдарындағы әлеуметтік-
экономикалық саясаты. Тез арада капиталистік элементтерді күштеп ығыстырып шығару жолымен
социалистік қоғамды құру мүмкіндігі жөніндегі түсінікті бейнелейді.
Әскери-өндірістік кешен – әскери қару-жарақ, құрал-жабдық және басқа әскери өнімдер өндіретін
кәсіпорындар кешені.
Баға – заттың құны, нарқы. Бағаны босату – заттың өзіндік құнын белгілеу еркіндігі.
Баж (бадж) – отырықшы гінші тұрғындардан жиналатын салық түрі.
Баж салығы – мемлекеттік органдар алып тұратын ақшалай салықтың ерекше төлем түрі.
Байырғы (автохтонды) халық – бұрыннан тұратын жергілікті халық.
Балама (лат. alter –екінің бірі) – бірін-бірі бекерге шығаратын екі немесе бірнеше мүмкіндіктің біреуін ғана
таңдап алу қажеттігі.
Бал-бал - бабалар құрметіне қабыр басына қойылатын мүсін тас
Барбаросса жоспары – фашистік Германияның КСРО-ға қарсы басқыншылық соғысы жоспарының құпия
атауы.
Барымта – жауласқан екі рудың бірін-бірі мал-мүлкін күшпен тартып алып, кек қайтаруы.