6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы



Pdf көрінісі
бет271/308
Дата07.12.2022
өлшемі3,22 Mb.
#55499
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   308
Мелиорация жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар 
жиынтығы. 
Мемлекеттік Дума – Ресейдегі 1906-1917 жылдардағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 
Меншік – кез келген субъектіге тиесілі (адамға, отбасыға, қауымға, руға, мемлекетке, т.б) және бір адамның 
толық иелігіндегі мүлік 
Мес – қымыз т.б. сусын құюға арналған ешкі терісінен жасалған ыдыс. 
Метафизика – болмыстың сезімінен тыс (тәжірибеге бағынбайтын) принциптерін зерттейтін философиялық 
ілім. 
Метрополия (грек. metrypolis; «meter»-ана, «polis»-қала деген сөз) – отарлары бар мемлекет. Ондай мемлекет 
отарлары үшін метрополия болып есептеледі. 
Мешіт – мұсылман қауымының намаз оқуға жиналатын. Аллаға сиынатын орны. 
Мещеряктар – түркі тілдес халықтар тобына жататын ұлыстың аты. 
Миграция (қоныс аудару) – халықтың өз елінің ішінде немесе бір елден екінші елге қоныс аударуы
тұрғылықты орындарын ауыстыруы. 
Микролит – мезолитте пайда болған, ұзындығы 1-2 см болатын геометриялық пішіндегі құралдар жасалған 
ұсақ сына тастар. 
Милитаризм – әскери күш-қуатты арттыру, қауырт қарулану мен соғысқа дайындықтағы белсенділік 
саясаты. 
Минарет – мінажат етушілерді намазға шақыратын, мешіт жанынан салынатын биік мұнара. 
Миршикар – ханның аң аулау ісін басқарушы. 
Миссионерлер – халық арасына жат дінді насихаттау үшін жіберілетін адамдар. 


Мистика – табиғаттан тыс таңғажайып күштің бар екендігіне сену. 
Мобилизация – 1) мемлекеттің қарула күштерінің, азаматтық қорғанысы мен халық шаруашылығының 
немесе қарулы күштері бір бөлігінің әскери жағдайға көшірілуі; 2) запастағы әскери міндеттілерді армияға 
шақыру. 
Монархия – жоғарғы өкімет билігі жеке-дара (әдетте, мұрагерлік жолмен) билеушінің қолындағы басқару 
түрі, сонымен бірге осындай билеуші басқаратын мемлекет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет