6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Номадизм («номадус» - көшпелі шаруашылық)



Pdf көрінісі
бет273/308
Дата07.12.2022
өлшемі3,22 Mb.
#55499
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   308
Байланысты:
Жұбанышев

Номадизм («номадус» - көшпелі шаруашылық) – көшпелі шаруашылық ұғымын белгілеу үшін еуропалық 
ғалымдар енгізген термин. 
Нуклеус – қару және олардың салмаларын жасау үшін тасты опыру арқылы алынған түрлі пішіндегі 
өзектастар. 
Нушебилер – түрік тілдес халықтар. 
Оба – қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік. Обалардың жеке тұрған және топтасқан түрлері болады. 
Топтасқан түрлері «қорым» деп аталады. Обалар неолит соңында пайда болып, темір дәуірінде көптеп 
салынған. 
Облигация – құнды қағаз, сол арқылы өз иеленушісіне осы қағаздың өзіндік құнынан үстеме ақша ретінде 
кіріс кіргізіп отырады. 
ОГПУ – Біріккен Мемлкеттік Саяси басқарма. 1923-1934 жылдары мемлекет қауіпсіздігін қорғау мақсатында 
құрылған ұйым. 
Ойсылқара – түйе малының пірі. 
Оккупация – басқа елдің жерін әскери жаулап алу. 
Олдувэй – Шығыс Африкадағы Килиманджаро тауы мен Виктория көлінің арасында орналасқан шатқал. 
Олдувэй шатқалынан «епті адамның» қаңқасы табылды. Бұл жерден табылған тас құралдар өндірісі – 
«олдувэй мәдениеті» деп аталады. 
Оппозиция – қарама-қарсылық, қарасылық көрсету. 
Ориенталисттер – шығыстанушы ғалымдар. 
Орхон-Енесей жазуы – түрік тайпаларының көне жазба мұрасы. 
Оссурий (қыш табыт) – мәйітті жерлеуге арналған қыш жәшік.
От жағу – адамдар ерте палеолиттің соңы мен орта палеолит кезеңінде отты қолдан жағуды үйренген.
Отан соғысы – агрессорлармен болатын бүкілхалықтық, әділетті, азаттық күрес.
Отар – мемлекеттік тәуелсіздігінен айрылған ел. 
Отарлық саясат – экономикалық жағынан нашар дамыған, басқа халықтардың өкілдері басым тұратын елдер 
мен аумақтарды әскери, саяси және экономикалық жағынан мәжбүрлеудің көмегімен қанаушылық және 
құлдану саясаты. 
Отырықшылық – халықтың бір жерде қоныстануы, тұруы. 
Ошақ – тастан немесе саз балшықтан қаланған, үйді жалытуға және тамақ пісіруге арнап от жағатын қасиетті 
орын. 
Өндіріс – еңбек заты (өңделген зат), құрал-саймандар және адамдар күшінің қосылуы. Өндіріс үдерісінде 
адамдардың өзара әртүрлі қатынастарға түсуін – өндірістік қатынастар дейміз. 
Паек – белгілі бір мерзімді күнге арнап тиісті мөлшерде берілетін азық-түлік. 


Палеолит – б.з.б. 2млн 600 мыңнан – б.з.б. 12 мың жыл аралығындағы ең ұзақ кезеңді қамтитын ежелгі тас 
дәуірі. Палеолитте ежелгі адамның дамуы бірнеше кезеңдерден өтіп, қазіргі адамдар қалыптасты. Бұл кезде 
тас өңдеу әдістерінің жетілуіне байланысты еңбек өнімділігі артып, материалдық және рухани мәдениет 
дамыды. Палеолит ерте, орта (мустье) және кейінгі болып бөлінеді. 
Патриот – Отанына, туған халқына жан-тәнімен берілген адам. Ол өз Отанының мүддесі жолында кез келген 
құрбандыққа баруға, ерлік жасауға әрқашан әзір тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет