6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Степлаг – Жезқазған маңында (Кеңгір) болған лагерь атауы.  Суверенитет (егемен)



Pdf көрінісі
бет279/308
Дата07.12.2022
өлшемі3,22 Mb.
#55499
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   308
Байланысты:
Жұбанышев

Степлаг – Жезқазған маңында (Кеңгір) болған лагерь атауы. 
Суверенитет (егемен) – мемлекеттің өзінің ішкі істері мен сыртқы саясатын жүргізудегі басқа 
мемлекеттерден толық тәуелсіздігі. 
Сұлтан – билеуші, әмірші. 
Съезд – партия, кеңес және басқа қоғамдық ұйымдар өкілдерінің әлеуметтік, келелі мәселелерді қарайтын 
талқылайтын, шешетін жиналысы. 
Сырмақ – ақ және қара немесе басқа түсті киізді оюмен ойып, түрлі түсті жіппен сырып құрастыратын 
төсеніш. 
Сібір қоғамы – зиялылардың Сібірді Ресейден бөлуді көздейтін демократиялық қозғалысы. 
Сюбашы – әскербасы. 
Табыс табу – село тұрғындарының күнкөріс үшін табыс табу мақсатымен маусымдық уақытша жұмыс іздеп 
қалаға не басқа жаққа кетуі. 
Тағар – әскерді қамтамасыз ету үшін заттай алынатын салық. 
Тайпа – адамзат қоғамындағы этникалық қауымдастық пен әлеуметтік ұйымдардың түрі. Тайпа белгілерінің 
ерекшілігі – оның мүшелерінің арасында қатынас туыстық байланыстардың болуы, руларға бөліну. 
Тайпин көтерілісі – 1850-1864 жылдары Қытайда болған ірі шаруалар көтерілісі. 
Талас жазуы – VIII ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы. 
Тамыр – алыс-беріс жасап жүретін жақсы жолдас, сыйлас адамдар. 
Танап – жер учаскелерінен алынатын ақшалай салық. 
Тандыр – нан пісіретін пеш 
Тарих – адамзаттың басынан өткен оқиғаларды зерттейтін ғылым. Тарих сөзі арабша «зерттеу» оқиғалар 
туралы «әңгіме» деген мағына береді. 
Тарихи деректер – тарихи процестерді айқындайтын және адамзат қоғамының өткенін зерттеуге мүмкіндік 
беретін барлық объектілер; материалдық мәдениеттің, жазба ескерткіштердің, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың, 
т.б. заттары. 
Тарихилық – дүниеге келтіру себептермен табиғи байланыста, өмір мен құбылыстарды қалыптасу және даму 
сатысында тану қағидасы. 
Тархан – феодалдардың салықтан босатылған жерлері мен иеліктері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет