Торсық – қымыз т.б. сусын құюға ешкі немесе жылқы терісінен жасалған ыдыс.
Тоталитаризм – қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандықтары мен
құқықтары жойылатын басқару түрі.
Тотем – адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен немесе табиғат құбылыстарымен
байланыстыру негізінде қалыптасқан сенімі.
Төлеңгіт – хан мен сұлтандар кезіндегі жасақтар, олар, әдетте, тұтқындардан немесе азат етілген құлдардың
ішінен, кейбір жағдайларда өзінің рулық қауымның жырақ кеткен қазақтардан жиналды.
Трагедия – апатты зардаптары болатын қайғылы оқиға.
Тухси – түрік тілдес тайпа.
Тұрақ – тас дәуіріндегі адамдар мекендеген орын. Тұрақтар үңгірдегі және аспан астындағы болып екіге
бөлінеді. Үңгір тұрақтарын адамдар бірнеше күннен мыңдаған жылдарға дейін мекендеген.
Түркістан автономиясы – 1917 жылы 28 қарашада Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын
қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік құрылым.
Тың игеру – КСРО-да астық өнімін артыру мақсатында 1954-1964 жылдар аралығында жүзеге асырылған
мемлекеттік іс-шара.
Тілмаш – бір тілді екінші тілге аударатын адам.
Уәзір – хан кеңесшісі.
Уәлаят – аймақтық-әкімшілік бөлік.
Уезд – ХVІІІ-ХХ ғасырлардың бас кезіндегі Ресей империясының әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Унитарлы – құрамында федеративтік құрылымдары болмайтын мемлекеттік құрылыс формасы.
Унитарлық мемлекет –федерациядан өзгеше, өз құрамында федерациялық бірліктер (штаттар, жерлер,
автономиялар, автономиялық республикалар мен округтер) болмайтын, тек әкімшілік-аумақтық бірліктерге
(аудан,облыс т.б.) бөлінетін мемлекеттік құрылымының формасы.
Урбанизация – қала тұрғындарының өсуі.
Утилизация – пайдаға асырып қолдану.
Учредительное собрание – мемлекеттік мәселелер қарастырылатын үлкен жиын.