6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Реформа – қайта құру, өзгерту, қайта жасау.  Ру –



Pdf көрінісі
бет277/308
Дата07.12.2022
өлшемі3,22 Mb.
#55499
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   308
Реформа – қайта құру, өзгерту, қайта жасау. 
Ру – өзінің шығу тегін бір желіден (аналық немесе аталық) алатын, көбінесе өздерін бір атаның ұрпағымыз 
деп сезінетін, ортақ рулық атты алып жүретін, қандас туысқандар тобы. 
Рубасы – ру билігін жүргізетін адам. 
Руна жазуы – түркілердің көне жазуы. 
Саба – қымыз ашытуға арнап жылқы терісінен жасалатын сыйымдылығы мол ыдыс 
Сабау – жүнді сабап қопсытуға арналған таяқшалар.
Саботаж – өндірістік жұмысқа әдейі кедергі келтіру. 
Сағанатам – діни құрылыс, төрт құлақты етіп тұрғызылатын мазардың бір түрі. 
Садақ – жебе ататын қару. Оның адырнасы мықты қайыстан жасалып, жағына керіледі. 
Сайлау құқығы – азаматтардың өкіметтің органдарын сайлау және оларға сайлану құқығы. 
Салжұқтар – түрік-оғыздардың үрім-бұтағы. Оғыз тайпалық одағынан бөлініп шыққан кездегі басшы көсемі. 
Салжұқтардың атымен аталған. 
Сал-серілер – ақындық пен әншілік бойына туа дарыған өнер иесі. 
Самодержавие – революцияға дейінгі Ресейдегі патшаның шектеусіз жоғарғы билігі мен осындай билікке 
негізделген басқару жүйесі. 
Саналы адам – ақыл-ой қабілеті мен дене құрылысы бойынша алғашқы жартылысынан әлдеқайда жетілген 
адам. «Саналы адамның» түр-тұлғасы мен ойлау дәрежесі бүгінгі адамдармен теңдес келеді. 
Сандық – киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы. 
Сардарбек – сарбаздардың басшысы, қолбасы. 
Сардоба – су сақтау әрі белгі мақсатымен тұрғызылған күмбезді құдық. 
Сауыт – шар болаттан көз салып тоқыған, кеудеге киетін қорғаныс киімі. 
Селекция – будандастыру арқылы малдың не өсімдіктің жаңа түрлерін шығару, джақсарту, сұрыптау алу 
әдісі. 
Семинария – мұғалімдер даярлайтын кәсіби оқу орындарының бір түрі. 
Семсер – болаттың ең асылынан жасалатын ұрыс қаруы.
Сенат – 1) Ежелгі Римде жоғарғы мемлекеттік органдардың бірі; 2) Қазақстан Парламентінің жоғарғы 
палатасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет