Қолданылған жаза түрі: «Құдайдың рахымымен біз, императрица және бүкіл Ресейдің жеке билеушісі Анна,
біздің барлық орнатқан коллегияларымызға, вице-губернаторларға, әскербасыларына, тұрақты сарайларының
коменданттарына, офицерлерге және басқа да әр түрлі шендегі әскери және азаматтық командаларға, осыны біліп
және орындауға тиістілердің бәріне біз, императорлық ұлы мәртебеміз, стаский советник Иван Кириллов пен
полковник Алексей Тевкелев және басқаларды қолдарына өзіміз қол қойған арнайы нұсқаулар беріп, Азия жерлері
мен халықтарына біздің мүдделерімізді іске асыру үшін арнайы сапарға жіберіп отырғанымызды хабарлап,
жоғарыда аталған барлық әскери және штаттық командаларға аса қайырымдылықпен әмір етеміз. Егер бір жерде
біздің мақсатымызды және Кирилловке жүктелген міндеттерді орындау барысында туған кедергілер жөнінде
коллегияларға жедел хабарлап, басқа командалармен байланыс жасап, барлық тиісті көмектерді көрсетіп, мәселенің
шешілуін төменгі командалар жоғарғы командаларға, ал жоғарғы командалар төменгі командаларға итеріп салмай,
Кириллов арнайы жіберілген біздің мүдделерімізді қорғай отырып, Кирилловтың әрбір талабын өз командаларынан
арнайы бұйрық күтпестен орындауға, бірақ орындап болғаннан соң Кириллов келтіргендәлелдер туралы баяндап
тұруға, себебі жер қашықтығынан өзара хат жазысып жүргенде іске зияны тиетін бірденелер шығып не уақыт
өткізіп алмау үшін біздің осы жарлығымызға қарсы және Кириллов пен басқаларға кедергі жасап, қойған
талаптарын орындамаған жағдайда немесе орындағанмен, уақытты сөзбұдайға салған жағдайда оған ондайлар
туралы сенатқа хабарлап тұру тапсырылады, онда біздің жарлығымыз бойынша кінәлілер тиісті жазасын тартады,
аса маңызды істер туралы бізге, коллегияларға, кеңселерге, генерал-губернаторларға, губернаторларға, вице-
губернаторларға, әскербасыларына, коменданттарға, тұрақты сарайларындағы офицерлерге және әр түрлі
шендердегі әскери және тұрақты командирлеріне және осы туралы білуге тиісті және орындайтындардың
барлығына осы жарлықты оқып беріп, көшірмелерін тастап отыру, ал түпнұсқасын өзінде ұстау тапсырылады.»: