Энеолит– б.з.б. 3-2 мыңжылдықта адам баласы мыстан жасалған құралдарды игере бастаған, неолит пен қола
дәуірі арасындағы өтпелі кезең.
Энтузиязм – құлшыныс, ықылас.
Эпитафия – қабір ескерткішіне жазылған жазу.
Эпос – ауыз әдебиетіндегі ел қорғаған батырлардың өмірін эпикалық сипатта жан-жақты суреттейтін жанр.
Эрозия – белгілі бер нәрсенің беткі қабатының бүлінуі.
Эрозия – қандай да бір нірсенің жоғарғы қабатының толық немесе ішінара бұзылу үдерісі.
Эсерлер – көп санды және ықпалды революцияшыл партиялардың бірі, социалист-революционерлер
партиясы.
Этнос – халық, ұлыс, ұлт, этникалық қауымдастық. Жеке топ ретінде қалыптасқан ұлт
Этникалық қауымдастық – адамдардың әлеуметтік тұрақты топтары. Ол тайпа, халық, ұлт т.б. түрінде
ерекше тарихи жағдайларда қалыптасты.
Этникалық сана – жеке адамдардың белгілі бір этникалық ортақтыққа жататынын түсінуі.
Этногенез – әртүрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың
қалыптасуы.
Этногенез – ежелден келе жатқан этнографиялық, лингвистикалық және антропологиялық ерекшіліктері мен
әртүрлі этникалық компоненттер негізіндегі жаңа этникалық қауымдастықтың қалыптасу үдерісі.
Этнография – әртүрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым. Этнография грекше «этнос» -
халық, «графо» - жазамын деген мағынаны білдіреді.
Этнодемография (грек. ethnos – халық, dermos – халық және grapho – жазамын) – этностардың табиғи өсуін
және олардың санының динамикалық ерекшіліктерін зерттеуші этнография (этнология) мен демографияның
түйісуіндегі ғылыми пән.
Этноним – тайпа, халық атауы.
ЮНЕСКО – Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен мәдениет жөніндегі мамандандырылған
мекемесі, үкімет аралық ұйым. Өз қызметін 1946 жылы бастады.
Яғбу, жағбу – Түрік қағанаты билеушілерінің лауазымы.