6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Харадж – феодалдық рента, өңделетін жерге салынатын салық.  Хорунжий



Pdf көрінісі
бет283/308
Дата07.12.2022
өлшемі3,22 Mb.
#55499
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   308
Байланысты:
Жұбанышев

Харадж – феодалдық рента, өңделетін жерге салынатын салық. 
Хорунжий – казак әскерінің төменгі офицерлік шені, жаяу әскердегі подпоручик немесе атты әскердегі 
корнет шеніне сәйкес келеді. Қазіргі армиядағы лейтенант атағы. 
Целлюлоза – қағаз, жұқа пленка, т.б. бұйымдар өндірілетін табиғи өнім. 
Ценз (лат. census) – статистикалық халық санағының ескіліктегі атауы. Онда азаматтардың дүние-мүлкі, 
қоғамдағы әлеуметтік, саяси орны, әскери қызметі көрсетілді. 
Цитадель (қамал) – ортағасырлық қалалардың бекініс құрылыстарымен қоршалған орталық әкімшілік бөлігі. 
Чехословак корпусы – Бірінші дүниежүзілік соғыста қолға түскен 45 мыңдай соғыс тұтқындарынан 
құралған, Еділ бойы, Орал мен Сібір жерінде орналасқан корпус. 
Шағатай тілі – бүгінде қолданыстан қалған, ортағасырлық түркі тілі. 
Шад – Түрік қағанаты ақсүйектеріне берілетін лауазым. 
Шанышқыағаш сапқа орнатылған, үш ашалы сүйектен және темірден жасалған ұштығы бар балық 
аулайтын құрал. 
Шаньюй – Ғұн мемлекеті билеушісінің лауазымы. 
Шаңырақ – киіз үй сүйегінің негізгі бір бөлігі. 


Шапан – қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлап сырып тігілген сырт киім. 
Шапқы жұмыр тастың екі жағында өңдеп, ұшын үшкірлеп жасаған ерте палеолитте кең тараған қару. 
Шапқының ұзындығы – 10-20 см, салмағы 0,5-2 килограмдай болған. 
Шариғат – мұсылмандық құқық. 
Шаруа бастығы – лауазымды әкімшілік қызмет. Ол Қазақстанға 1902 жылы енгізілді. Ондағы мақсат 
Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруаларын, сондай-ақ жергілікті қазақтарды басқару болатын. 
Шаруалар – жеке-дара отбасылық еңбекпен айналысатын ауыл шаруашылық өндірушілері. КСРО –дағы 
шаруалардың негізгі бұқарасы 135 жеке тап ретінде ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ұжымдастыру кезеңінде 
жойылды. 
Шаруашылық есеп – кәсіпорындарда шаруашылықты жоспарлы жүргізу әдісі, ол өндірістің өнім өндіруде 
жұмсалатын шығындары мен нәтижелерін салыстыруға, шығындардың орнын өз табыстарының есебінен 
толтыруға және өндірістің тиімділігін қамтамасыз етуге негізделген. Шаруашылық есептегі кәсіпорын 
шаруашылық есебін жүргізуде өз дербестігін сақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет