АЛЖИР (Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) – Сталиндік тоталитарлық жүйе кезінде «халық
жаулары» саналып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлері мен қарапайым
адамдардың әйелдері мен қыздары жазықсыз жазасын өтеген Ақмола облысындағы лагерь.
Алмас қылыш – болаттың ең асылынан соғылатын батырлардың бес қаруының бірі.
Аманат – кепілдікке берілген адам. Көрші мемлекеттің басшылары жасалған шартқа адалдық белгісі ретінде
қазақ хандарының, сұлтиандарының, билері мен батырларының беделді отбасынан балаларының біреуін
кепілге алатын болған.
Анимизм – жануарлар мен заттарда және табиғи құбылыстарда мекен ететін ғажайып, тылсым мақұлұқтар
кейіпіндегі жан мен рухқа байланысты ең ежелгі діни сенім. Анимизм ата-баба әруағына табынудан, жанның
мәні өмір сүретіне сенуден айқын көрініс тапқан.
Аннексия – бір елді немесе оның бір бөлігін екінші күшпен қосып алуы.
Антрапология – адамның шығу тегі мен даму эволюциясын, адам нәсіпелдерінің пайда болуымен сыртқы
биологиялық қасеттерін зерттейтін ғылым.
Аң стилі – негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздардағы қиял-ғажайыптарды бейнелеу болып табылатын, б.з.б.
VIII-II ғасырларда далалы аймақтарда сәндік сипатқа қолданылған өнер түрі.
Аңыз – халықтың қиялынан туған таңғажайып оқиға.
Арба – көлікке жегілетін тасымал құралы.
Арқан – мықтылық үшін арнайы қыл қосылып жүннен есілетін ұзын жіп. Негізінен көші-қон, мал
шаруашылығына қолданылған.
Арсенал – қару-жарақ, оқ-дәрі, әскери жабдық қоймасы.
Археология – заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым. Археология
атауы грекше «архео» - көне, «логос» - зерттеймін деген мағынаны білдіреді. Алғаш рет бұл атауды ежелгі грек
философы Платон қолданған.
Арыс – бірнеше рудың бірлестігі. Оны би басқарған.
Асар – маусымдық жұмыстарды жүзеге асырудағы тұрмыстардың өзара көмегі.