6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы



Pdf көрінісі
бет260/305
Дата26.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#40235
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   305
Байланысты:
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰБАНЫШЕВ(1)

Дротик – аңшылық және соғыс қаруы ретінде кейінгі палеолитте қолданылған, ұзындығы 120-140 см-ден 
аспайтын, лақтырылатын қысқа сапты ағаш найза. 
Дуал – балшықтан қаланып, биік етіп салынған қоршау. 
Дулулар – түрік тілдес тайпа. 
Дулыға – темір-телпек; соғыс кезінде қорғану үшін киілетін болған. 
Дурут – Қыпшақ бірлестігіне енген тайпа. 
Дүнгендер – ислам дінін ұстанатын қытай тілдес халық. 
Дүниежүзілік соғыс – капиталистік елдердің ықпал ету аймақтары, шикізат көздері, дүниежүзілік үстемдік 
жолындағы қарама-қайшылықтарының шиеленісу нәтижесі. 
Діни-наным – қандай да бір дінге, конфессияларға қатысты болу, сондай-ақ өзінің діни ілімі, табынуы, ұйымы 
бар діни бірлестік. 
Екінші дүниежүзілік соғыс – 1939 жылғы 1 қыркүйекте басталған жаңа дүниежүзілік соғыс; адамзат 
тарихындағы ең үрейлі, қатал, апатты соғыс. 1945 жылы 2 қыркүйекте аяқталды. 
Елбөрлі, бөрлілер – Қыпшақ бірлестігіне енген тайпа. 
Елтебер – қағанат ақсүйектеріне берілетін лауазым. 
Елтірі – туғаннан кейін 2-3 күн ішінде сойылған қозы терісі. 
Енисей жазуы – VI-VIII ғасырларда түрік тайпалары қолданған жазу. Орхон-Енисей жазуы деп те аталады. 
Ереуіл – жұмысшылар мен қызметшілер ұжымының өздерінің экономикалық және саяси талаптарын 
қанағаттандырғанға дейін жұмысты тоқтатуы, еңбек дауларын реттеудің бір әдісі. 
Ер-тұман – салт атқа міну үшін керекті жабдықтардың жиынтық аты. 
Еуроцентризм – ғылымның , өнердің, философияның, әдебиеттің және т.б. құндылықтардың түбегейлі дамуы 
тек Еуропада ғана жүрді деп саналатын ғылыми концепция. 
Жабғу – Оғыз мемлекетінің билеушісі. 
Жазалаушы экспедиция – Ресей империясының отаршылдыққа қарсы шығушыларды жазалау үшін 
жасақталған әскери бөлімі. 
Жайық казактары – ХV ғасырдың аяқ кезі мен ХVІ ғасырдың бас кезінде қашқын шаруалардан құралған еркін 
казактардың қауымдары. Патша үкіметі оларды Ресейдің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғау үшін 
пайдаланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет