6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы



Pdf көрінісі
бет264/305
Дата26.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#40235
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   305
Казармалық социализам – қатаң, тоталитарлық тәртіпке негізделген социалистік құрылым. 
Катаклизм – кенеттен болған астан-кестен өзгеріс, апатты жағдай, қуғын-сүргін. 
Категория – санат, сапа және сан категориясы. 
Кәсіподақтар – жұмысшылардың мүддесін қорғайтын ұғым. 
Квалификация – белгілі бір еңбек түріне жарамдылық деңгейі. 
Кворум – заңмен немесе нұсқаулықпен белгіленген белгілі бір органның жиналысына қатысушылардың саны.
Кебеже – азық-түлік сақтауға арналған үлкен сандық. 
Кеден – шекарадан өтетін тауарларды тексеретін және осы тауарлардан салық алып тұратын мекеме. 
Келі – тары, бидай, т.б. дәнді-дақылдарды түйетін, ұнтайтын қатты ағаштан жасалған құрал. 
Келіншектас – Түрік қағанаты мен қыпшақ заманында қабір басына қойылған тас мүсіндердің бір тобы. 
Кемпіртас – Түрік қағанаты мен қыпшақ заманында қабір басына қойылған тас мүсіндердің бір тобы. 
Кеңестер – 1905-1907 жылдардағы революциялар кезінде пайда болған жұмысшылар мен қызметшілердің 
кеңестері, шаруа депутеттарының кеңестері, солдат (матрос) депутаттарының кеңестері тәрізді сайланбалы 
саяси ұйымдар. 
Керуен – алыс жерге жүк тасуға немесе сауда жасауға арналған көлік тізбегі. 
Керамика – сазбалшықты жоғары температурада (400с) күйдіру арқылы жасалған түрлі бұйымдар. 
Керамиканы шеберлер әртүрлі пішінде және сыртына сан алуан өрнектер салып жасаған. 
Кереге – киіз үй сүйегінің шеңберлі төменгі қабырғасы. 
Керсен – үлкен шұңғыл табақ. 
Кесене – діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған. 
Кескіш – кейінгі палеолитте сүйек, мүйіз және ағашты ойып өңдеу үшін шақпақтастан жасалған үшкір құрал. 
Кетпен – неолитте пайда болып, жер өңдеуге қолданылған алғашқы егіншілік құралы. Кетпен – сап және оның 
ұшына бекітілген өткір жүзді шапқы тәрізді бөліктен тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет