6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы



Pdf көрінісі
бет267/305
Дата26.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#40235
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   305
Күл-еркіндер – билік иелері өкілдерінің құрылған кеңесші ұйым. 
Күлтегін тас жазуы – VIII ғасырдағы көне түрік ескерткіші. 
Кісе – күміс, жез қаптырмалармен безендіріп, қалташалар салған жалпақ былғары белдік. 
Қағба – ислам дінін ұстанушылардың негізгі қасиетті орны, Меккенің бас мешітінің ішінде орналасқан қасиетті 
«қара тас». Ол адамдарға Алланың жіберген құдіретінің символы саналады. 
Қадақ – 0,5 кг-ға жуық салмақ өлшемі. 
Қазақ АКСР-і, Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы 1920-1936 жылдардағы Кеңестік 
автономиялық мемлекеттік құрылым. 
Қазақ газеті – 1913-1918 жылдар аралығында Орынборда аптасына бір рет шығып тұрған қоғамдық, саяси және 
әдеби газет. 
Қазақ революциялық комитеті (Қазревком) – Кеңес өкіметінің қазақ өлкесін уақытша басқару үшін 1919 
жылы 13 шілдеде құрған органы. 
Қазы – билік айтушы, төреші. Мұсылмандық сот, мұсылман құқығын жақсы білетін адам. 
Қазына – түрлі бағалы заттар, дүние-мүлік; материалдық байлық. 
Қайта құру – ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасында пайда болған саяси-экономикалық атау. 
Қалан – монғолдар билігі орнаған жерлерде егіншілерге салынатын салық. 
Қалқан – арнайы металл мен қалың теріден жасалатын қорғаныс құралы, батырлардың бес қаруының бірі. 
Қамбар ата – жылқы малының пірі. 
Қаңқаш – Оғыз мемлекетіндегі шонжарлардан құрылған кеңес. 
Қара бұдундар – қағанатты қарапайым халық 
Қара металлургия – руда және руда емес шикізат өндіретін және байытатын, отқа төзімді материалдарды, кокс 
химия өнеркәсәбінің өнімдерін, шойын, болат, прокат, темір қорытпаларын өндіретін ауыр өнеркәсіптің саласы. 
Қара шығын – алдын ала көзделмеген, төтенше шығындар жұмсауға тура келген жағдайда халықтан тез жинап 
алынатын салықтың түрі. 
Қаражүздіктер – патшалық Ресейдегі барып тұрған реакционер, шовинист әрі монархистер тобы. 
Қарақол – туғанына 1-3 күн болған қаракөл тұқымдас қозылардан алынған елтірі. Қаракөл әртүрлі пішін мен 
мөлшерде бұйраланған қалың, жібек тәріздес түгімен ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет