6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы



Pdf көрінісі
бет275/305
Дата26.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#40235
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   305
Байланысты:
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰБАНЫШЕВ(1)

Путч (нем. рutch) – шағын топтың мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатын көздеген бүлігі. 
Пұт – құдайдың адам, жануар және құс бейнесіндегі мүсіні. Адамзат тарихының ерте кезеңінде пұт жасауға тас, 
сүйек, ағаш қолданылса, кейіннен металдардан жасайтын болған. 
Пұт – салмағы 16,3 кг-ға тең ауырлық өлшемі. 
Рабад – ортағасырлық қаланың егін егушілер мен мал өсіруші қарапайым хлық тұратын сыртқы бөлігі. 
Радикализм – терең, батыл шаралар қолдану әрекеті. Мәмілеге келмейтін саяси ұйымдар тобы. 
Расправа – Кіші жүздегі ру ақсақалдары кіруге тиісті болған әкімшілік орган. 
Рационализация – өндіріс үдерісін жақсарту, жетілдіру, арзаңдату мақсатымен қолданылатын шаралардың 
жиынтығы. 
Реабилитация – бастапқы құқықтар мен бастапқы жақсы беделді қалпына келтіру. 
Реабилитация – тағылған айыпты жоққа шығару, сот арқылы ақтап, заңды құқығын қайтару. 
Реакция – қоғамдық прогреске белсене қарсы күрес жүргізу саясаты. 
Революция – қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс. 
Резиденция (лат. residentia) – мемлекет басшысының, үкіметінің, шет мемлекеттің елшісі орналасқан жер. 
Реквизиция – азаматтың не ұйымның меншігіндегі мүлікті олардың ықтиярынсыз, құнын төлей отырып 
мемлекеттің меншіктенуі. 
Реконструкция (қалпына келтіру) – жеке бөлшектерді, адам және жануар қалдықтарын, түрлі бұйымдар мен 
құрылыстарды қайта қалпына келтіру. Ежелгі адамның сыртқы келбетін қалпына келтірудің негізін салушы – 
белгілі антрополог М.М.Герасимов (1907-1970 жж.) 
Рентабельділік – тиімділік, фирманың, оның қызметінің табыстылық көрсеткіші. 
Репатриация – қоныс аударылғандарды отанына қайтару. 
Репрессия – мемлекет органдары қолданатын азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіру, жазалау. 
Республика (лат. – қоғамдық іс) – мемлекет басшысын (мысалы, президент) халық немесе арнайы сайлау 
коллегиясы сайлайтын басқару формасы. Заң шығарушылық билікті сайланып қойылатын өкілдік орган 
(парламент)жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет