6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы



Pdf көрінісі
бет272/305
Дата26.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#40235
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   305
Неолит төңкерісі – адам баласының терімшіліктен өзі өнім өндіретін щаруашылыққа көшуі. Бұл төңкеріс 
адамзаттың отырықшы өмірге көшуіне, артық өнімнің пайда болуына байланысты әл-ауқаттың артуына жағдай 
жасады. 
Несие – бағалы заттарды (ақша, тауарлар) қарызға беру. 
Несториандық – христиан дінінің ағымы. 
Номадизм («номадус» - көшпелі шаруашылық) – көшпелі шаруашылық ұғымын белгілеу үшін еуропалық 
ғалымдар енгізген термин. 
Нуклеус – қару және олардың салмаларын жасау үшін тасты опыру арқылы алынған түрлі пішіндегі өзектастар. 
Нушебилер – түрік тілдес халықтар. 
Оба – қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік. Обалардың жеке тұрған және топтасқан түрлері болады. 
Топтасқан түрлері «қорым» деп аталады. Обалар неолит соңында пайда болып, темір дәуірінде көптеп 
салынған. 
Облигация – құнды қағаз, сол арқылы өз иеленушісіне осы қағаздың өзіндік құнынан үстеме ақша ретінде кіріс 
кіргізіп отырады. 
ОГПУ – Біріккен Мемлкеттік Саяси басқарма. 1923-1934 жылдары мемлекет қауіпсіздігін қорғау мақсатында 
құрылған ұйым. 
Ойсылқара – түйе малының пірі. 
Оккупация – басқа елдің жерін әскери жаулап алу. 
Олдувэй – Шығыс Африкадағы Килиманджаро тауы мен Виктория көлінің арасында орналасқан шатқал. 
Олдувэй шатқалынан «епті адамның» қаңқасы табылды. Бұл жерден табылған тас құралдар өндірісі – «олдувэй 
мәдениеті» деп аталады. 
Оппозиция – қарама-қарсылық, қарасылық көрсету. 
Ориенталисттер – шығыстанушы ғалымдар. 
Орхон-Енесей жазуы – түрік тайпаларының көне жазба мұрасы. 
Оссурий (қыш табыт) – мәйітті жерлеуге арналған қыш жәшік.
От жағу – адамдар ерте палеолиттің соңы мен орта палеолит кезеңінде отты қолдан жағуды үйренген.
Отан соғысы – агрессорлармен болатын бүкілхалықтық, әділетті, азаттық күрес.
Отар – мемлекеттік тәуелсіздігінен айрылған ел. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет