6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Позиция – белгілі бір мәселе жөнінідегі көзқарас, беталыс.  Полигон



Pdf көрінісі
бет274/305
Дата26.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#40235
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   305
Байланысты:
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰБАНЫШЕВ(1)

Позиция – белгілі бір мәселе жөнінідегі көзқарас, беталыс. 
Полигон – әскери жаттығулар, сынаулар жүргізілетін орын, жер. 
Полихром стилі – безендіру кезінде бұйымға сәндік үшін түрлі түсті асыл тастар, алтын түйіршіктерін 
жапсыру. 
Половшылар – далалықтар; ХІ ғасырда Еділ бойынан Қара теңіз жағалауына орын тепкен түрік тілдес 
тайпалардың орысша атауы. 
Постсоциалистік – социалистік лагерь күйрегеннен кейінгі қалыптасқан жағдай. 
Прагматизм – 1) іс жүзінде пайдалы нәтиже беретінді ғана ақиқат деп білетін философиялық бағыт; 2) іс 
жүзіндегі, қажеттілік тұрғысындағы мүдделерді көздейтін қаракет, ойлау салты, мінез-құлық. 
Преамбула – заң немесе басқа құқықтық актілердің, сондай-ақ декларация немесе халықаралық шарттағы 
барлық мақсат пен міндеттер көрсетілген кіріспе бөлім. 
Президент (лат. praesidens, сөзбе-сөз – алдыңғы қатардағы) – қазіргі заманғы мемлекеттердің көпшілігінде 
мемлекеттің сайланып қойылатын басшысы
Президенттік басқару – төтенше жағдай жарияланған аймақтардағы азаматттардың мүдделерін қамтамасыз 
ету үшін заңмен қарастырылған, президент енгізетін уақытша басқару (мысалы, Үндістанда, АҚШ-та). 
Президенттік басқару кезінде мемлекеттік билік пен басқару органдарының өкілеттілігі уақытша тоқтатылады, 
ал олардың міндеттерін атқару президент құрған органға немесе ол тағайындаған қызмет адамына 
тапсырылады. 
Президиум (лат. prfesidium, сөзбе-сөз – қорғаныс; ауыспалы мағынасында – төрағалық) – жиналысты, мәжілісті 
алқалы түрде жүргізу үшін сайланған адамдардың тобы; бірқатар саяси, қоғамдық т.б. ұйымдардың басшылық 
органы. 
Пристав – Ұлы жүз қазақтарын басқару үшін бекітілген лауазымды қызмет. 
Присяжный суд – сайланып қойылған қосшы билер қатысатын сот. 
Прогресс – алға жылжу, даму үдерісіндегі жақсару, регреске қарама-қарсы құбылыс. Әлеуметтік прогресс
ғылыми-техникалық прогресс, ғылыми прогресс болып бөлінеді. 


Пролетариат – капиталистік қоғамдағы негізгі таптардың бірі, өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктеу 
құқығынан айырылған жалдамалы жұмысшылар табы; өмір сүруінің жалғыз қайнар көзі өзінің жұмыс күшін 
меншік иелеріне (капиталистерге) сату болып табылады. 
Протекторат – екі жақтың тең емес келісімі негізінде бекітілген және тәуелді елдің мемлекеттілігінің сыртқы 
белгілерін сақтай отырып, екінші бір елдің қол астына толық өтуімен сипатталатын үстемдік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет