6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Сардоба – су сақтау әрі белгі мақсатымен тұрғызылған күмбезді құдық.  Сауыт –



Pdf көрінісі
бет277/305
Дата26.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#40235
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   305
Байланысты:
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰБАНЫШЕВ(1)

Сардоба – су сақтау әрі белгі мақсатымен тұрғызылған күмбезді құдық. 
Сауыт – шар болаттан көз салып тоқыған, кеудеге киетін қорғаныс киімі. 


Селекция – будандастыру арқылы малдың не өсімдіктің жаңа түрлерін шығару, джақсарту, сұрыптау алу әдісі. 
Семинария – мұғалімдер даярлайтын кәсіби оқу орындарының бір түрі. 
Семсер – болаттың ең асылынан жасалатын ұрыс қаруы.
Сенат – 1) Ежелгі Римде жоғарғы мемлекеттік органдардың бірі; 2) Қазақстан Парламентінің жоғарғы палатасы. 
Сенім – жеке адамдар арасындағы не жеке адамдар мен қоғам арасындағы қатынастардың сапалық өлшемі
наным. 
Сепаратизм – өзінше бөлініп шығуға, жеке билікке ұмтылу. 
Серіктестік – бірлестік, мүдде бірлестігі негізінде құрылған серіктестік.
Синантроп – ерте палеолитте өмір сүрген «тік жүретін адамның» екінші түрі. Алғаш рет 1927 жылы Қытайдағы 
Чжоу-коу-дянь үңгірінен қазып алынған. 
Собор – христиан діни құрылыстарының бір түрі. 
Совхоз (советское хозяйство – кеңес шаруашылығы) – мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорны, КСРО-дағы 
алғашқы совхоздар 1918 жылы құрылды. Олардың дүние-мүлкі мемлекеттік меншік болып саналып, ол 
совхоздарға шаруашылық жүргізу құқығымен бекітіліп берілді. 
Сойыл – ат үстіне пайдалануға лайықты, мықты ағаштан жасалған қару. 
Сойырғал – моңғолдық кезеңнен кейінгі Қазақстан аумағында кең таралған салық және мұрагерлік жер 
иелігінің бір түрі, әскери қызметі үшін мұраға түпкілікті берілетін жер. 
Соқа – егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы. 
Сопылық – аскеттік қозғалыс ретінде пайда болған исламдағы мистикалық бағыт. 
Социал-демократ – социал-демократиялық партияның мүшесі. 
Социал-демократия – дүнежүзілік демократиялық жұмысшы қозғалысындағы ықпалды күші, ХІХ ғасырдың 
соңы – ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болды. Кең көлемді демократиялық қайта құруларды жүргізіп, 
революциялық жолмен социализмге жетуге ұмтылатын жұмысшы тобының партиясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет