Жіктелуі:
1. Тамшыларды қолдануы бойынша жіктелуі:
· Ішуге арналған тамшылар;
· Сыртқа қолдануға арналған тамшылар; (көз, мұрын ішілік, құлақ).
2. Дисперсті жүйе ретінде жіктелуі:
· Нағыз ерітінділер;
· Суспензиялар;
· Коллоидты ерітінділер;
· Эмульсиялар.
3. Еріткіш табиғаты бойынша жіктелуі:
· Сулы тамшылар;
· Бейсу тамшылар;
Тамшылар сапасының негізгі көрсеткіштері:
- енгізу жолдарының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттерінің сәйкестігі;
- микробтық контаминацияға қауіпсіздік деңгейі;
- дәрілік заттар мен қосымша заттардың сыйымдылығы;
- дәрілік заттар концентрациясының және тамшы көлемінің (салмағының) дәлдігі;
- химиялық және физикалық (суспензиялар, эмульсиялар үшін) тұрақтылығы;
- механикалық қоспалардың болмауы.
Сапасын бағалау.
Дайындалған тамшылардың сапасы басқа формалар сияқты бағаланады, яғни алдыңғы кезеңде:сыйымдылығын, өлшемін; дайындау сатыларында: мөлдірлігінің,түсінің, иісінің, дәмінің ингредиенттерге сай келуін; дайын препараттың: органолептикалық бағалау, механикалық қоспалардың болмауын,көлемінің ауытқуын тексереді; босатар кезде: құжаттаманы (рецепт, төлқұжат), дизайнын, қаптамасын.
Құлаққа және мұрынға арналған тамшылар сапасы изотондаушы агенттер, буферлі ерітінділер, тұрақтандырғыштар, терапевттік белсенділікті және т.б. көрсеткіштерді қамтамасыз ететін, қосымша заттар көмегімен жетілдіріледі. Мұрынға арналған тамшылардың кемшілігі - дәрілік заттардың сулы ерітінділерінің терапевтік әсері қысқа. Дәрілік заттардың әсерін ұзарту үшін құрамына синтетикалық полимерлерді енгізеді: 1% метилцеллюлоза немесе 1% оксипропилметилцеллюлоза, немесе 1% поливинилпирролидон (ПВП) және т.б.
Сыртқа қолдануға арналған тамшылар технологиясының ернкшелігі. Сыртқа қолдануға арналған тамшылар көбінесе, құлақ және мұрын ауруларын емдеу үшін жазылады.
Технологиясы.Тамшы технологиясы дайындық және негізгі кезеңдерді қамтиды. Дайындық кезеңінде күрделі тамшыларда ингредиенттердің үйлесімділігі тексеріледі; ішкі қолдануға арналған тамшыларда улы және күшті заттардың дозалары тексеріледі; санитарлық өңдеу жүргізіледі; қосалқы материал, флакондар және т. б. дайындалады.
Негізгі кезеңдер мынадай технологиялық операцияларды қамтиды: дәрілік заттарды еріту; ерітіндіні сүзгіден өткізу; суспензиялар мен эмульсиялар үшін — дәрілік заттарды, майларды диспергирлеу және қажет болған жағдайда ББЗ және басқа да заттардың көмегімен тұрақтандыру; механикалық қоспалардың болмауын бақылау; ооамдау және безендіру, дайын өнімнің сапасын бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |