6 тақырып. Бухгалтерлік шоттар мен екі жақты жазу Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы және жіктелуі


Бухгалтерлік есеп шоттарының жіктелуі



бет9/21
Дата21.04.2022
өлшемі41,39 Kb.
#31768
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
^M6 тақырып БЕА

5. Бухгалтерлік есеп шоттарының жіктелуі

Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда бухгалтерлік есепте ұйымның бүкіл қаржылық-шаруашылық қызметін сипаттайтын және қажетті мөлшерде көрсететін шоттар жүйесі болуы қажет. Осы мақсатта бухгалтерлік есептің шоттары экономикалық біртектес топтарға бөлінеді, яғни олар топтастырылады және жіктеледі.

Яғни, бухгалтерлік есеп шоттарының жіктелуі – олардың осы шоттарда көрсетілетін активтердің, капиталдың, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының экономикалық мазмұндарының біртектестігі белгісі бойынша топтарға бірігуі.

Шоттардың экономикалық мамұны бойынша жіктелуі бухгалтерлік есеп объектілерінің топтасуына негізделеді:

- Актвитерді немесе мүліктерді құрамы мен орналасуына қарай есепке алу шоттары;

- Капитал көрсеткіштерін алуға қолданылатын шоттар;

- Міндеттемелер көрсеткіштерін алуға қолданылатын шоттар;

- Жабдықтау, өндіру және сату кезеңдеріндегі шаруашылық операциялары бойынша көрсеткіштер алуға қолданылатын шоттар.


Мақсаты мен құрылымына қарай шоттар негізгі, реттеуші, бөліп-таратушы, калькуляциялық, операциялық-нәтижелік, қаржылық-нәтижелік, баланстан тыс шоттар болып бөлінеді.

Негізгі шоттар активтердің, капитал мен міндеттемелердің қолда бары мен қозғалысын бақылау үшін қолданылады. Олардың негізгі шоттар деп аталуы есепке алынатын объектілердің ұйымның шаруашылық қызметінің негізі болуымен байланысты. Негізгі шоттар активті және пассивті шоттарға жіктеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет