Жарық диодты жарық шамдарын шығаратын нидерландтық өндірушінің кітапшасын оқып шығыңыз.
Сұрақ 1: Бұл жарық шамдар кәдімгі 25 Вт қызу жарық шамдары сияқты жарық береді. Біз жарық диодты жарықшам мен қызу жарық шамдарының қуатын салыстырамыз. Жарық диодты жарық шамдарды пайдалануда 25 Вт қызу жарық шамдарымен салыстырғанда қанша есе үнемді?
А. 2 есе
В. 8есе
С. 12,5 есе
Д. 50есе
39-тапсырма. Магнит Сұрақ 1. Балжанда 2 тұрақты магнит (А және В) пен бірдей 2 темір шеге бар. Ол А магнитін, шеге магнитке тартылғанша, столдың бетімен қозғалтты. Ол В магнитін, шеге магнитке тартылғанша, столдың бетімен қозғалтты.
Балжан А магнитінің шегені 15 см. қашықтықтан, ал В магниті 10 см. қашықтықтан тартқанын байқады. Сырым оған екі магниттің бірдей күшті екендігін айтты. Сен Сырыммен келісесің бе? Жауабыңды түсіндір.
40-тапсырма. Салмақ Сұрақ 1. Мұғалім столдың үстіне, суретте көрсетілгендей, көлемідерінің кішірейуіне қарай үш затты орналастырды.
Ярославтың ойынша, көлемі үлкен заттың салмағы да ауырлау болады.Сен онымен келімесің бе?
41-тапсырма. Пайдалы вибрациялар Баспа сөз мақаласын оқып,келесі сұрақтарға жауап бер Ғалымдардың зерттеулері бойынша, күніне екі сағат шамасында наушник арқылы музыка тыңдаған және аптасына бір рет би кештеріне барған студенттердің есту сезім мүшелері орташа 10 дицебелге төмендейді. Әсіресе олардың дыбыс қабылдау аралығы 3тен 6 кГц-ға дейін нашарлайды. Адамдар 20 Гц(0,02кГц) дан 15кГц-ға дейінгі аралықтағы дыбысты тындай алады, және де біздің дыбыстарды қабылдау қасиеттеріміз 1-ден 6 кГц-ға дейін. «Бұл жиелік біздің өмірімізге маңызды, себебі біздің сөзімізді анығырақ етеді», - дейді профессор РонХоу, есту механизмін зерттеуші.
Адамның құлағы дыбыстың шығатын бағытын анықтай алады.Бұл құбылысты жақсы түсіну үшін, профессор Хоу кішкентай шыбындардың дыбысты қабылдау ерекшелігін зерттейді, Ormiaochracea. Бұл шыбындар өз жұмыртқаларын шілделіктерге салады."Шілделіктер 2ден 7кГц жиелік аралығында дыбыс шығара алады, және шыбындар бұл дыбыстарды қабылдай алады",- дейді Хоу. Шыбындар кеңістікте шілделіктерді оңай табады. Хоу өз лабораториясында шілделіктердің дыбыстарын қабылдайтын арнайы динамиктары бар торша орнатты. Динамиктардан шыққан дыбысқа шыбынның іс-әрекетін бақылайды.