6 зертханалық жұмыс. Судың кермектілігі


Магнийлік кермектілікті анықтау



бет6/6
Дата06.01.2022
өлшемі25,62 Kb.
#16433
1   2   3   4   5   6
6.5 Магнийлік кермектілікті анықтау

Магнийлік кермектікті жалпы және кальцийлік кермектіліктердің айырымы бойынша анықтайды. Бұл көрсеткішті тәжірибелік жолмен, яғни титриметрлік әдіспен де анықтауға болады.  Ол үшін титрлеуге арналған таза колбаға өлшегіш цилиндр немесе пипеткамен талданатын судың белгілі көлемін құяды (6.1 кесте), қажет болса көлемін тұзсыздандырылған сумен жалпы көлемі 100 см3-ге дейін толықтырады, кальций иондарын тұндыру үшін аммоний оксалатының 5 см3 мен аммиакты буферлі ерітіндінің 5 см3 қосады. Судың жалпы сілтілігі 5 мг-экв/дм3-ден жоғары болса, аммоний оксалатының мөлшерін де пропорционалды жоғарлату қажет. 10 минуттан кейін кальций оксалатының тұнбасы толық түзіледі. Көп мөлшерде қоймалжын тұнба түзілсе сынаманы «ақ таспа» тығыз күлсіз фильтр қағазы арқылы сүзіп, фильтр қағазын тазартылған судың шамалы мөлшерімен жуады. Бұл суларды да сол колбаға жинап, титрлеуді бастайды.

Сынамаға 3—6 тамшы қышқылдық қара-көк хром индикаторын немесе қара эриохром Т индикаторын (индикатор ерітіндісі орнына қара эриохром Т индикаторының бірнеше түйіршектерін салуға болады) қосып араластырады да түсі қызыл-күлгін түстен  көгілдір-көк түске ауысқанға дейін ЭДТА ерітіндісімен баяу титрлейді. ЭДТА ерітіндісінің шығындалған көлемін (V, см3) дәлелдейді. Магнийлік кермектілікті (мг-экв/дм3  немесе ммоль . экв)/дм3) келесі формуламен есептейді:



 

 

мұнда VMg — титрлеуге шығындалған ЭДТА көлемі, см3; Vсын — талдауға алынған сынама көлемі, см3; Сэкв (ЭДТА) — ЭДТА ерітіндісінің нормальдігі, г-экв/дм3  (эквиваленттік молярлы концентрациясы, моль/дм3) .



Магний концентрациясын келесі формуламен есептейді:

C(Mg2+)=КMg . 12,16  [мг/дм3],

мұнда 12,16 — магний эквивалентінің молярлы массасы, мг/ммоль.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет