Кальцийлік кермектілік
Кальций және магний сілтілік ортада ЭДТА-мен берік комплекс түзеді және жарамды индикатор болғанда онымен титрленеді. Егер ортаның рН-ы жеткілікті жоғары болса, магний Mg(OH)2 түрінде тұнбаға түседі:
Mg2++2OH- →Mg(OH)2↓
Бұл жағдайда кальций ерітіндіде қалып қояды, оны ЭДТА – ның стандартты ерітіндісімен титрлеуге болады:
Са2++Н2Y2-+2OH-→CaY2-+2H2O
Бұл жағдайда индикатор ретінде мурексид, кальцион немесе флуорексон қолданылуы мүмкін, олар титрлеу процесінде кальций иондарының концентрацияларының өзгеруі кезінде түсін өзгертеді.
Магнийлік кермектілік
Егер кальций иондарын титрлеу аяқталғаннан кейін ортаның рН-ын 8-9-ға дейін төмендетсе, магний гидроксиді ерітіндіге өтеді және магний иондарын ЭДТА ерітіндісімен титрлеу мүмкін. рН-тың төмендеуі талданатын ерітіндіге аммоний хлоридін (NaOH+NH4Cl=NaCl+NH4OH) қосу арқылы немесе қышқылмен бейтараптап, одан соң аммиакты буферді қосумен жүргізіледі.
Сонымен қатар магнийлік кермектікті жалпы және кальцийлік кермектіліктер арасындағы айырма бойынша немесе кальцийді аз еритін оксалаттар түрінде тұндыру арқылы анықтауға болады:
Ca2++C2O42-+ H2O→CaC2O4∙2H2O↓
одан кейін магнийді ЭДТА ерітіндісімен титрлейді:
Mg2++Н2Y2-+2OH-→MgY2-+2H2O
Достарыңызбен бөлісу: |