6 зертханалық жұмыс. Судың кермектілігі


Кальцийлік кермектілікті анықтау



бет5/6
Дата06.01.2022
өлшемі25,62 Kb.
#16433
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЗЖ№6

6.4 Кальцийлік кермектілікті анықтау

Титрлеу үшін таза колбаға өлшегіш цилиндрмен немесе пипеткамен талданатын судың белгілі көлемі алынады (6.1 кесте), қажет болса 100 см жалпы көлемге дейін тұзсызданған сумен жеткізеді, 2 см 2н NaOH ерітіндісін қосып араластырады және 5 минутқа қалдырады, бұл уақыт аралығында Mg(OH)2 тұнады.

Егер талданатын суда кедергі келтіретін иондар болса, онда сынаманы жоғарыда айтылған әдістеме бойынша алдын-ала дайындайды. Магний иондары тұнғаннан кейін сынамаға мурексид қатты индикаторлы қоспасының бірнеше түйіршектерін (немесе флуорексон) қосып араластырады да, трилон Б ерітіндісімен қызғылт күрең түстен күрең көк түске өзгергенге дейін титрлейді.

Егер рН=12 болса, кальцийлі кермектілікті қара-көк хром индикаторымен де титрлеуге болады. Титрлеуді ерітінді түсі қызыл күрең түстен күрең көк түске өзгергенге дейін жүргізеді.

Шығындалған трилон Б ерітіндісінің  көлемі VСа, см деп белгілейді.

Кальцийлік кермектілікті келесі формула бойынша есептейді:

 

Кса=  [мг-экв/дм3,  ммоль/дм3] ,



 

мұнда Vса – титрлеуге кеткен ЭДТА көлемі, см3; Vсын – талдауға алынған сынама көлемі, см3; Сэкв(ЭДТА) – ЭДТА ерітіндісінің нормальдік концентрациясы, г-экв/дм(эквиваленттердің молярлы концентрациясы, моль/дм3).

Кальций концентрациясын  С(Са2+)=Кса∙ 20,04  [мг/дм3] формуласы бойынша есептейді, мұнда 20,04 – кальций эквивалентінің молярлы массасы, мг/ммоль.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет