6 зертханалық жұмыс. Судың кермектілігі



бет3/6
Дата06.01.2022
өлшемі25,62 Kb.
#16433
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЗЖ№6

6.2 Сынаманы дайындау

Талдау үшін сынаманы талданатын сумен алдын ала шайқалған таза ыдысқа алады. Егер сынама лай болса (қалқыған заттармен ластанған), оны сүзу қажет. Алуға ұсынылатын сынамалар 6.1 кестеде келтірілген.

6.1  к е с т е  - Талдау үшін су сынамаларының ұсынылатын көлемдері

Жалпы кермектіліктің күтілетін мәні, мг-экв/дм3

Су сынамасының көлемі, см3

1-ден аз

100

5-ке дейін

100

9-ға дейін

50

15-ке дейін

25

 

Сыйымдылығы 250-300 см таза конустық колбаға пипеткамен  талданатын судың белгілі көлемін құйып алады, 100 смжалпы көлемге дейін тұзсызданған сумен толтырып, 5 см аммиакты қоспа және  5 см натрий сульфидінің (немесе натрийдің диэтилдитиокарбаматы) ерітіндісін құяды.

Егер ерітіндіде анықтауға кедергі келтіретін мыс және темір иондары болса, онда ерітінді не қараяды, не лай немесе тұнба пайда болады. Бұл жағдайда сынаманы «ақ таспа» қожсыз фильтр қағазы арқылы сүзіп, фильтратты сыйымдылығы сондай таза конустық колбаға жинайды. Сұйықтықтың барлық көлемін сүзгіден өткізгеннен кейін сүзгіні бір рет тазаланған сумен жуады, жуатын суларды сол колбаға жинап, индикатор қосады да титрлеуге кіріседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет