190
не дәстүрлі БАҚ-тарда жалған мәліметтерді қасақана тарату. 2. Флог-блогті теріс
хабарлайтын (фейктік), ғаламтордағы тапсырыстық жарияланымдар. Фейк (сөз) –
жалған, фейктік (ағыл.
fake, сондай-ақ – фэйк). 3. Фото-фейк (суретқұрбақа) – фо-
томонтаждың (графикалық редактордағы) бір түрі.
Фидбэк. Бұл сәнді сөз англо-саксонның «feedback» cөзінен алынған. Қазақ тіліне
аударғанда «кері байланыс», «қайтарым» деген ұғымды білдіреді екен. АлFeedback
cөзінің тікелей аудармасы «кері тамақтандыру» болып шығады. Негізгі мағынасы
– «пікір», «кері реакция» немесе «қайтара әрекет». Мысалы, көп сайтта «фидбэк»
деп оқырмандармен кері байланысты айтады, олардың қандай да бір контентіне
не тауарына баға мен пікірін білу барысында қолданылады. Аталған сөзді, әсіресе,
музыканттар жиі қолданады. Сала мамандары зорайтылған дыбыстың микрафон
немесе аспап динамигіне әсерін фидбэк дейді. Қазақ тілінің сөздігінде жоқ болған-
дықтан, бұл сөздің жазылу нұсқасын «фидбэк» десек қателеспейміз.
Флешмо́б(
флэшмоб болып айтылады; ағыл.
flash mob, сөзбе-сөз – сәттік тобыр
[
flash – лезде, сәт,
mob – тобыр]– көптеген адам топтары қоғамдық орында пайда
болып, алдын ала келісілген әрекетті (
сценарий) орындайтын және содан кейін та-
расатын, күнібұрын жоспарланған бұқаралық акция. Флешмоб смартмобтың бір
түрі болып табылады. Флешмоб қатысушыларын электрондық
байланыс құралда-
ры (негізінен интернет) көмегі арқылы жинау жүзеге асырылады.
Хайп (ағыл. һуре). Жастардың көптеген сленгтік сөздері арасынан жақын арада
пайда болған «Хайп» жаргонизмін бөліп атауға болады. «Хайп» термині ағылшын
тілінен (һуре) енген және «алдау, «қозу, ояну», «мазасыз жарнама» ретінде аудары-
лады. Алайда бұл сөздің көптеген мағыналық реңктері бар. Оны француз тілінен
енген “ажиотаж” көнерген сөзімен немесе орыстың «шумиха» сөзімен де салыс-
тыруға болады. Көптеген бейнеблогерлер өз ауызша жаргонында «хайп» сөзін жиі
қолданады.
Ха́кер (ағыл.
hacker,
to hack – жону, кертік жасау) – есептеуіш техника мен бағ-
дарламалау саласындағы көпмағыналы термин.
Алғашында хакерлер деп бағдарламалық қамтудағы қателіктерді әлдебір жыл-
дам және сыпайы түрде түзететін бағдарламашыларды атайтын;
hack сөзі хиппи
лексиконынан енген, орыс тілінде осыған ұқсас «врубаться» (жарып кіру) немесе
«рубить (жару)…» жаргон сөзі бар.
ХХ ғасырдан бастап бұқаралық мәдениетте жаңа мағынасы – «компьютерлік қа-
рақшы», қауіпсіздік жүйесін қасақана айналып өтуші бағдарламашы пайда болды.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: