211
болса, адамзаттың бір-бірінен ұлт ретінде ерекшеленуі ұлттық сананы қалыптас-
тырады. Демек, тілден жалпыадамзаттық құндылықтармен бірге ұлттық дүниета-
нымдық ерекшеліктер де көрініс тауып отырады. Тіл ғалам мен мәдениетті бей-
нелеумен қатар сөйлеушіні қалыптастырады, оның салт-дәстүрін, дүниетанымын,
ділін, ұлттық сипатын, идеологиясын айқындайды. Әр халық мәдени, тарихи даму
барысында қоршаған ортамен тығыз байланыста әлем туралы білімін жинақтап,
сақтайды, вербалды сана, ерекше мәдени код түрінде тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа
жеткізіп отырады. Ұлттық мәдениеттің семантикалық жүйесі, негізгі коды – этни-
калық тіл. Терминдерді когнитивті тұрғыдан зерттеу арқылы белгілі бір мәдениет
өкілінің этнотілдік санасының ішкі әлемін көріп, түсінуге болады.
Шағын мақаламызда тілдік семантикада кодталған білім жүйесін медицина тер-
миндері негізінде талдамақпыз. Әрі негізгі дереккөз 1926 жылы Мәскеуде 10 000
дана болып жарық көрген «Қазақша-орысша тілмаш» [1] болмақ. Сөздік жұмысын
ХХ ғасырдың басындағы білгір ғалым, аудармашы Қошке Кемеңгерұлы басқар-
ған. Тізгендер – Кемеңгерұлы Қошке, Байтасұлы Абдолла, Бұралқыұлы Мұстапа,
Байғаскин Есім, Дәулетбекұлы Ғаббас, Баймақанұлы Шәкір, Темірбекұлы Сұлтан,
Сәрсенбайұлы Төлеутай болды. «Қазақша-орысша тілмашты» түзушілер екі түрлі
қызмет атқарған. Яғни, бір жағынан, қазақ сөздерін саралап, сұрыптап, олардың
баламасын дәл тауып, дұрыс түсіндіруді, сол арқылы қазақ халқының болмысын,
тұрмысын, рухын басқа халыққа таныстыруды мақсат етсе (бұл этнографизмдер
мен фразеологизмдердің т. б. мәнін түсіндіруде ерекше байқалады), екінші жағы-
нан, ғылым мен техника, мәдениет т. б. саладағы жаңалықтар мен өзгерістерге бай-
ланысты жаңа сөздер орыс тілінің әсерімен еніп жатқандықтан әрі ондай ұғымдар
мен түсініктерге балама ретінде қазақтың төл сөздері
қалыптаса қоймағандықтан,
құрастырушыдар орысша-қазақша сөздіктің міндетін де атқарған. Сол себепті
«Қазақша-орысша тілмашты» түзушілер жеке реестрге қазақ тілінің дайын сөзде-
рін ғана беріп қоймай, орыс сөздерінің (немесе орыс тілі арқылы басқа тілден енген
сөздердің) қазақ тіліндегі баламасын ұсынып, шығармашылық та қызмет атқарған
(бұл,
негізінен, термин сөздерге байланысты).
Мәселен, ғасыр басында
аэроплан,
акционерное общество,
кинематограф,
резо-
люция,
инструкция,
прогресс т. б. сөздердің қазақ тілінде дайын баламасы болмады.
Әрине, бұл орайда баспасөз бетінде бұл атаулардың түрліше қолданылып жүрге-
нін ескеру керек. Әйтсе де ол атаулар әдеби тілде қалыптасып үлгермеген еді. «Қа-
зақша-орысша тілмашта» осындай сөздердің қазақ тіліндегі баламасы беріледі де,
оның орысша аудармасы көрсетіліп отырады. Мәселен,
сатсиалдық – социальный,
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: