288
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ
ЫРЫМДАР МЕН ТЫЙЫМДАРДЫҢ ПРАГМАТИКАСЫ
Сүйерқұл Б.
филол. ғ. д., А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми
қызметкері
Сейдамат Ә.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Ғылым ордасы»
кешенінің базасындағы ғылыми-зерттеу институттарының бірлескен білім беру
бағдарламаларының 2-курс магистранты
Ырымдар мен тыйымдардың бастау бұлағы – діни сенімнен негіз алып, ұлттық
санамызбен тығыз байланыста болатындығы айқындалды. Бұл жөнінде белгілі эт-
нограф ғалым Б. Бопай «Діни сана – ұлттың болмысы, табиғаты, ерекшелігі. Ұлт-
тың мәдени қабаттарына үңіліп қарасаңыз, бұған көзіңіз жетеді. Ең басты мәдениет
қабаты тіл десек, осы тіл арқылы исламның құндылықтық, ақпараттық, дүниета-
нымдық, ділдік, психологиялық, эстетикалық, этикалық және т. б. ұғымдары, түсі-
ніктері, тұжырымдары, анықтамалары орныққан... Бір сөзбен айтқанда, діни сана
өзін қоршап тұрған мәдени қабаттардағы құндылықтық өлшемдерді сақтап тұратын
қазына сияқты» [1, 6] деп қорытады. Олай болса, халқымыздың салт-дәстүрі мен
әдет-ғұрыптарын және ырым-тыйымдарын зерделеуде, қазақтың ұстанған діндері-
не соқпай кете алмаймыз. Ал қазақ халқының дүниетанымының қалыптасуында
«Тәңіршілдік пен шамандықтың» және «Ислам дінінің» рөлі басымдық танытады.
Ғылыми әдебиеттерде, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуы жолында алғашқы
кезеңінде Шамандық пен Тәңіршілдікті басынан өткеріп, кейіннен VII ғасырда Ис-
ламның келуімен толыққанды дінге көшкендігі тұжырымдалады.
Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздікте, «Тәңірі (көне түркі. – мықты,
ер, құдыретті) – көне түркілердің діни наным-сеніміндегі тұлғаланбаған,
шексіздік
күйі есебіндегі аспанмен теңдестірілген басты Құдай образы» [2, 253] деген анық-
тама берілген. Ал философ Құрманғазы Қараманұлы «Тәңір діні – халқымыздың
қалыпты дүниетанымынан туған, табиғатқа табыну Аспанды ата, Жерді – ана деп
ардақтау және аруаққа сыйыну, рухы күшті адамдардың өмірін өнеге тұту салтынан
өрбіген ұлттық дін» [3, 37] – деп өз ойымен бөліседі. Бүгінгі таңда, Тәңіршілдік
пен шамандықтың қалдықтары тұрмыста негізгі дінімізбен қатар қолданылып келе
жатқандығын ескере кеткен жөн. Атап айтқанда, жаңа түскен келінді отқа май құ-
йып аластау, құрғақшылық болғанда тасаттық беру т. с. с.
Ш. Уәлиханов «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары» атты құнды ма-
қаласында, «Қазақ туралы жазушылардың бәрі және география кітаптарының бәрі
дерлік қазақтар Мұхамбет дінін ұстайды, бірақ шаман ғұрыптарын да тұтынады
немесе олар мұсылман дінінің ғұрыптарын шаман ырымдарымен араластырып
қолданып отырады деп келеді. Бұл дұрыс, бірақ олардың шамандығы неде еді?...»
[4, 17] деп шамандықтың кейбір элементтері қазақ қоғамында әлі күнге дейін өзек-
289
тілігін жоймай келе жатқандығы жөнінде өз заманы үшін тың болып есептелінетін
мәселені көтере білгендігі таңдандырады.
Ырымдар мен тыйымдардың
генезисіне тоқталғанда, аталмыш діндердің эле-
менттерін молынан ұшыратамыз. Атап айтқанда, қазақ халқында әйел затының пірі
болып саналатын екі қасиетті анамызды көрсетуге болады. Бірі тәңіршілдік діннен
сарқыт болып қалған – Ұмай ана, екіншісі – Ислам дініміздегі Бибібатима. Екеуін
де әйел затының жарылқаушысы, қасиетті анасы деп білеміз. Әсіресе, қасиетті ана-
лардың аттары «жүкті әйелді» желеп-жебеуде, күш-қуат беруде ерекше қолданысқа
ие болады.
Қазақ әдеби тілінің он бес томдық сөздігінде, «ЖҮКТІЛІК з а т. 1. Екі қабаттық,
аяғы ауырлық. Жеңешемнің ж ү к т і л і г і н е қарамастан, жұрт оны колхоз пред-
седательдігіне ұсынды (М. Дүзенов, Ақәже). 2. ф и з и о л. <лат. graviditas> Ұрық-
танған жұмыртқа жасушаның жатыр қуысында дамуы. Ж ү к т і л і к ұрықтанудан
басталады. Ұрықтанғаннан кейін зиготаның бөлшектенуі, яғни бластомерлер (жұ-
мыртқа клеткасы бөлінген кезде түзілетін клетка бөлшектері) пайда болады (ҚҰЭ).
Ж ү к т і л і к кездегі жатын қабырғасында клетканың ұзындығы 500 микронға же-
теді» [5, 625] деген анықтамалар берілген.
Әйел затының дүниеге сәби әкелуі, ана атануынан бөлек, әйел организмінде күр-
делі физиологиялық өзгерістердің болуымен сипатталады. Әйелдің сыртқы бейне-
сі, жүрісі өзгереді, бетіне сепкіл түседі. Тері қабаттары өзгереді. Әрбір сырдың жай
жапсарын терең түсініп, парықтай білген халқымыз, осындай күрделі үрдістің же-
ңіл болуы қасиетті аналарымыздың қолдауында деп сенген.
Тәңірлік сенім бойынша, Ұмай термині «жатыр», «бала орны» дегенді білдіреді.
Ұмай ежелгі қазақтар нанымында үлкен рөл атқарады. Белгілі этнограф, түрколог
С. М. Абрамзон: «Бала дүниеге келгенде, оның өміріне араша бол» – деп Ұмайға
жалбарынған. Науқасқа шалдықса да Ұмайды шақырған. Балаларын, тіпті үлкен
адамдарды ұзақ сапарға аттандырса, «Ұмай енеге тапсырдым дейтін». Абақан өзе-
нінен табылған көне түркі жазуына назар аударайық. «Бу атамыз Умай баг біз, біз
уіа алп ар озін алаті қылмадын озлақ ат озлақ ат өзін уч аріг алмадын іыті азанчума
козунчума адырылма іч алінму иіу ардамим». – Атымыз біздің Ұмай бег, ер батыр-
лар мұрагеріміз. Өзіңді өзің қинамадың. Үш ердің өз арғымағы ажырасарда. Сен
менің жақсы әдеттерім мен үміттерімнен айрылма. Менің даңқым ішкі халықта» [6,
81] – деп түркі халықтарының арасында Ұмайдың қадір-қасиеті ерекше болғанды-
ғын танытатын құнды деректермен бөліседі.
Ұмайға табыну белгілі бір дәрежеде қазақ халқында да әлі күнге дейін сақтал-
ған. Толғақ ауыр болғанда жас әйелдер оның атын атап шақырады. Сонымен қатар,
Ұмай есімі уақыт өтісімен, Май ене, Май ана секілді түрлі фонологиялық өзгеріс-
терге ұшыраған.
Қазақ халқында есімі Ұмайдан кем айтылмайтын, ерекше қадір қасиетке ие ана-
ларымыздың бірі – Бибіфатима. Бұл анамыздың да, жүкті әйелді желеп-жебеу қа-
сиеті ерекше деген сенім бар.
«Фатима, Бибі Бәтима (635 ж. ө.) – мұсылман әлемінде ерекше қадір тұтатын
әйел, Мұхаммед (ғ. с.) пайғамбардың
Қадиша анадан туған қызы, Әзірет Әлінің
290
әйелі, Хасан мен Хұсейіннің анасы. Фатима үш ұл (біреуі сәби кезінде шетінеген),
екі қыз туған. Пайғамбар дүниеден өткеннен кейін саяси оқиғаларға белсене арала-
сып, қауым өмірінде елеулі рөл атқарды. Мұсылмандар арасында Фатиманың дү-
ниеге келуі, өміріндегі оқиғалар мен көрсеткен кереметтері жайлы көптеген аңыз-
дар таралған. Дәстүрлі қазақ қоғамында Бибі Бәтима ананы аналардың пірі, дертке
шипагер ретінде тану қалыптасқан» [7, 81].
Қазақ дүниетанымында «Батима анамыз» үйдің құты, отбасының желеп-жебеу-
шісі болып саналады. Мұның дәлелі:
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: