60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет138/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Тіл білімі сөздігі. Ред. Э. Д. Сүлейменова). – Алматы: Ғылым, 1988. – 544 б.
2. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. – Алматы: Сөздік 
– Словарь, 1998. – 320 б. [
3. Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы. – Алматы: 1966. 
–205 б.
4. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: Мектеп, 1978. –192 б.
5. Серғалиев М. Қазақ тілі. Энциклопедия. –Алматы, 1998.
6. Сыбанбаева А. Метафораның тілдік болмысы және концептуалды метафора-
лар. –Алматы: Қазақ университеті, 2002. –162 б. 
7. Зайсанбаева Г. Метафоралы аталымдардың когнитивтік аспектісі. Филол. ғыл. 
канд. дис. автореф. –Алматы: 2002. –27 б. 
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
Бейскеева М. 
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы
Тасарал жалпы білім беретін орта мектептің «Абайтану» пәнінің мұғалімі
Тулеуханова А. 
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері 
университетінің студенті
Абай Құнанбайұлы бірінші қарасөзінде не айтқысы келгенін білесіз бе, құрметті 
оқырманым?! Талайды тамсандырған хакім Абай бұл жолы да таңқалдырмай қой-
мады. Өзінің өткен өмірінен мол түйін түйген ақынның көпті көріп, молды түйін-
дегенін қайдан білеміз? Меніңше, бұның жауабын атамыздың бірінші қарасөзінен 
көруімізге болады. Бұл сөзінде: «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өт-


280
кіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тар-
тыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, 
жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршы-
лық екенін білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба 
алмай өзім де қайранмын» дей келе, бес түрлі нәрсені санамалап көрсетеді. Бірінші-
сі – ел бағу. Ел бағу – қиын жұмыс. Қарамағында қанша адам болса, сонша пікір бо-
лады. Жағымды, жағымсыз пікір болады. Ол пікірлердің кейбірі жаныңды ауыртса, 
енді бірі жан жадыратады. Қанша жаныңды салып, ел ақтасаң да, қазақ қоғамының 
көздің тірісінде бағаламайтынына көз жеткізген Абай: «Жоқ, елге бағым жоқ. Бағу-
сыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар 
бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!» дейді де, бас тартады. Сан саққа жүгірген 
ойы ата-баба кәсібі – мал бақсам ба екен дейді. «Жоқ, баға алмаймын. Балалар өз-
деріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұ-
ғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді 
қор қылар жайым жоқ». Ілім мен ғылымның бағасын білетін Абай атамыз үшін 
малдың да құны төмендеу болып тұр. Ал сол ғылым туралы не дейді екен? Тағы құ-
лақ түрелікші: «Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді 
кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып 
салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар 
кісі болмаған соң, ғылым өзі – бір тез қартайтатұғын күйік». «Сөзін ұғар ел таба 
алмай», өз заманынан озық туған Абай атамыздың «Моласындай бақсының жалғыз 
қалдым – тап шыным» деп келетін өлең жолдарындағы ойлары да қарасөзіндегі 
ойларымен үндес. «Адамды сүй, Алланың хикметін сез!» деген Абай: «Жоқ, ол да 
болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық 
жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?» деп одан да бас тартады. «Баланы 
оқытуды жек көрмеген» атамыздың «Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша ба-
ғудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке 
қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен 
керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол 
деп бағам?» деуінде де мән жатыр. Өзі айтқандай балаларын бағып, қағып, оөыт-
қанмен, оған сол кездегі қазақ қоғамы жауап бере алмайтынын сезеді. Өзі айтқан-
дай, «Бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық» Абай атамыздың Бірінші қара сөзінде 
бес нәрседен қашық болып, «ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім 
ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын» дегені де, алдыңғы бесеуі туралы 
ойымен қосып азық етіп отырмыз. 
Абай атамыз екінші қарасөзінде не айтқысы келгенін білесіз бе, құрметті оқыр-
маным?! Талайды тамсандырған хакім Абай бұл жолы да таңқалдырмай қоймады. 
Өзінің өткен өмірінен мол түйін түйген ақынның көпті көріп, молды түйіндегенін 
қайдан білеміз? Меніңше, бұның жауабын атамыздың екінші қарасөзінен көруіміз-
ге болады. Абай атамыз қай кезде де, кез келген туындысында өз ұлтының жақсы, 
тәрбиелі, білімді болғанын қалады. Таза жүріп, таза тұрса екен деді. Өз өлеңдері 
арқылы тек жан тазалығын ғана емес, тән тазалығының болғанын қалады. Екінші 
қарасөзінде қазақтың өз басындағы кемшіліктеріне қарамай, өзге халықтың тұр-
мыс-тіршілігін кемсітіп отыратындығын сынайды. Өзінің күндіз-түні ат үстінде ші-
реніп жүргенін мансап көріп, жаяу жүрген ноғайды «ноқай» деп, үй салған өзбекті 


281
«қамыс артқан» «сарт-сұрт» деп, «кең қолтық тәжік» деп, кекету басым болыпты. 
«Бірақ, »- дейді Абай атамыз: – «орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. 
Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық – бәрі со-
ларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға 
да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал та-
будың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын 
тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз». Жаңағы сынап отырған 
халқының бәрінің қазақтан озық екенін, өз ұлтының да алға ұмтылып, «өнер-білім 
үйреніп, өркениетке жақын болғанын қалайды. «сасық қазақ» дегенін ар көреді. 
Бірақ бүгінде қазақ осы аталған халықтан да биік тұр деп санаймын. Абай атамыз-
дың арманы орындалды деп ойлаймын. Енді осыны әрдайым есте ұстап, Абай сөзін 
шамшырақ етіп, ұстауымыз керек. Олай болмаған жағдайда, Абай атам айтқандай, 
«өз сөзі» өзіне де қалды, біз де пайдаланып, талдау жасап, эссе жазып, түйсініп, 
тұшынып, өз керегімізге жаратып, ата сөздерінен, даналық ойларынан дән теріп 
отырмыз. Мен терген дәнім Сізге ұнады ма, құрметті оқырманым?! Сіздің Абай ата-
мыздың жүрекке егіп кеткен егінінен Сіз не ордыңыз, қаншалықты дән таптыңыз? 
Сіз де жазыңыз. Сіздің де «Даналық ойыңыздан дән іздейін»!
Абай атамызға өзі өмір сүрген уақытты, кезеңді сынау қаншалықты қажет? Сы-
намай-ақ байдың баласы ретінде өз өмірін «іші толған у мен өрт» етпей-ақ, қызық-
шылықпен өткізсе, болмас па еді? Абай атамыз үшінші қарасөзінде өз заманының 
ащы шындығын жазады. Соған күйінеді, қазақтың болашағы қандай болар екен 
деп уайымдайды. Айналасындағылардың билік, байлық, мәртебе үшін таласын кө-
ріп, оларға қарны ашады. Ел ішіндегі арызқойлық, бірін-бірі азғыру, бірін-бірі жеп 
қоярдай жек көру, аяқтарынан шалу, құлап жатқан қазақты орынан тұрғызудың ор-
нына үстінен таптап өтіп кеткісі келіп тұратын қазақ қоғамын түзелсе, жөнделсе 
деп армандайды. Ел ішіндегі даудың көбеюін де шешуге тұрарлық адамның болма-
ғанымен түсіндіреді. Ал шешеді деген билердің өздері де жақ-жақ болып, салғыла-
сатынына наразылық білдіреді. «Ет сасыса, тұз себер, тұз сасыса не себер» деген 
қазақ мақалының осы жерде айтылар тұсы деп білемін. Елдің қаймағы, тұтқасы деп 
жүрген билердің өздері осындай болса, өзгелерге не жорық деп қатты толғанады, 
терең күрсінеді. Абай атамыздың Абайлығы сонда, тек қана өзі сүрген кезеңнің 
ғана мәселесі емес, әр дәуірге лайық келетін, адамзатпен бірге қатар жүретін алаң-
даушылық екен. Абай атамыздың осы сөздерін, менің ойымша, көңілге түю керек. 
Ал егер түймесек, Абай атам айтқандай, «өз сөзі» өзіне де қалды, біз де пайдала-
нып, талдау жасап, эссе жазып, түйсініп, тұшынып, өз керегімізге жаратып, ата сөз-
дерінен, даналық ойларынан дән теріп отырмыз. Менің терген дәнім Сізге ұнады 
ма, құрметті оқырманым?! Сіздің Абай атамыздың жүрекке егіп кеткен егінінен Сіз 
не ордыңыз, қаншалықты дән таптыңыз? Сіз де жазыңыз. Сіздің де «Даналық ойы-
ңыздан дән іздейін»!

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет