292
5. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. - 6-том / Құраст. : Ж. Қоңыратбаева, Ғ. Қалиев, Қ.
Есенова және т. б. – Алматы, 2011.
6. Абрамзон С. М. Рождение и детство киргизского ребенка // Сб. МАЭ. Т. 12. –
1949. – С. 81.
7. Қазақ энциклопедиясы. 9-том / Құраст. : Ж. Сыдықов, Ә. Байбатша, Б. Көме-
ков, К. Серікбаев, О. Смағұлов, Т. Ғабитов «Қазақ энциклопедиясының бас редак-
циясы».
Алматы, 2007. – 688 б.
8. Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана: «Фолиант», 2013. Т. 93: Магиялық фольк-
лор. – 432 б.
ҚАРСЫЛЫҚТЫ МӘНДЕГІ БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАР
Жаңабекова А.
филол. ғ. д., А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы
лингвистика бөлімінің меңгерушісі
Әтейбай Г.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультеті
2-курс магистранты
Бейвербалды қарым қатынас сөздер, тілдік қатынастардың көмегінсіз айтылатын
ойды ым-ишарамен білдіру. Ым-ишара, сөздерден бұрын қолданыс құралы болған.
Тілсіз қарым қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірден бастау алады. Ұлы грек
философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Атақты шешен
Цицерон басқа шешендерге: «Барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс»,
– деп кеңес береді [1. 136]. Тіпті қарым-қатынас барысындағы беттің сұрлануы, қы-
зарып кетуі де бейвербалды қатынасқа кіреді. Қазақта «бетінен оты шықты, қап-қара
болып түтігіп кетті» деген тіркестер осы сөзімізді анықтап тұрғандай. Австралиялық
ғалым А. Пиздың пікірінше, адамдар арасындағы қарым-қатынастың 7% вербалды
(сөздер, сөйлемдер); 33% вокалды (интонация, дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс
әуезділігі, екпіні мен қарқыны, т. б.) және 55% бейвербалды элементтер арқылы жү-
зеге асатын көрінеді [2. 272]. Бұл мәліметтер, бейвербалды амалдардың коммуника-
тивтік актіде прагматикасы әлдеқайда көлемді екендігін дәлелдейді.
Әр ұлттың өзіне тән ұлттық, мәдени ым-ишаралары болады. Бұл туралы Б. Мо-
мынова, «ым мен ишаралар ұлттық
сана тудырған құбылыстар,
сондықтан олар
ұлттық менталитетпен тығыз байланысты, ұлттық мәдениеттің маңызды құрамдас
бөлігіне жатады. Соған орай, бейвербалды қатынас құралдары – әрбір ұлттың тіл-
дік санасымен байланысты пайда болған және әлемнің тілдік суретін
жасаудағы
маңызды элементтер. Әр ұлтқа тән спецификалық ерекшеліктері көп құралдарға
жатады» – дейді [3, 7].
Ендеше, кинесикалық белгілерді бірнеше топқа бөліп қарауға болады. Оларға:
қимыл, ым-ишара, қозғалыс, пантонимикалық қозғалыстар, кейіп, жүріс-тұрыстар
293
т. б. жатады. Мәселен, қазақ ұлтына тән, жағын таяну – торығу, қамығу, мұңаю бел-
гісі
. «Жағыңды таянба» деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан; Таңда-
йын қағу – біреудің ісін жақтыртпау, кінәлау деген мағынада қолданса, кейбір жер-
де диалектілік ерекшелікте қарсылық мәндегі пиғылды білдіру үшін қолданылады.
Қуаныш, реніш, қайғыру, қарсылығын білдіру барлық адамзатқа ортақ эмоция-
лық сезімдер болса, оны ым-ишарамен білдіру де күнделікті қарым-қатынаста үз-
діксіз жүріп жатқан процесс. Екі ұлттың өкілдері немесе мүмкіндігі шектеулі әлеу-
меттік топтағы адамдармен тілдік емес бейвербалды қатынас құралымен түсінісуге
болады. Адамдарда дене қалпының мыңнан астам түрі болса, әрқайсысының өзін-
дік мән-мағынасы бар. Қызметіне қарай, айтылған ой беттегі, денедегі бейвербалды
амалдармен
жанданып, айқындала түседі.
Бейвербалды амалдарды мағынасына қарай бөлуді, түрлі сезім-күйлерді жеткі-
зуіне қарай жағымды//жағымсыз сезімдерді жеткізетін бейвербалды амалдар деп
бөлінеді.
Қарсылықты бейвербалды амалдар адам эмоциясы, қимыл іс-әрекеті, ым-ишара-
ларынан көрінеді. Мысалы:
«Тс-с-с – деді ол бір саусағымен ернін басып. – оятып
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: