291
1. Аяғы ауыр әйелге керілген арқаннан аттауға болмайды. Бұлай істесе босанған
кезде баланың
кіндігі мойнына оратылып, өміріне қауіп төнеді деп ырымдалады
2. Аяғы ауыр әйелге қоян етін жеуге болмайды. Қоян етін жесе, баласы қоянжы-
рық болып туылады.
3. Аяғы ауыр әйелге түйе етін жеуге болмайды. Жесе баланы он екі ай көтереді,
толғағы қатты болады. Түйенің етін жеп, мезгілінде босана алмаса сол үйдің төріне
бураның бас сүйегін іліп қояды.
4. Аяғы ауыр болғанын сезген әйел бұл жаңалықты туған-туыстарына неғұрлым
кешірек
хабарласа, соғұрлым жақсы. Өйткені жүкті әйелге тіл-көз тигіш келеді
5. Жүкті әйелге ұсқынсыз заттар мен дүниелерге, көріксіз адамдарға, сонымен
бірге
мәйітке қарауына болмайды
6. Босану кезінде қиындық болады деп аяғы ауыр әйелге түйме қадауға немесе
киім жамауға рұқсат етпейді
7. Жүкті әйелге бірдеңені майыстыруға
немесе кесуіне болмайды, ара, қайшы
ұстатпайды. Әйтпесе мерзімінен ерте босанады.
8. Әйел толғатқанда үй ішінде ілулі тұрған заттар алынады. Сандықтардың аузын
ашып қояды. Осылай істелсе толғақ жеңіл болады деп ырымдалады [8, 250].
Аталмыш ырым-тыйымдардың басты қызметі – дүниеге сәби әкелуге дайында-
лып жүрген әйел затын қауіп-қатерден, тіл-көзден, бәле-жаладан сақтандыру. Се-
бебі, әйел затының табиғаты жаратылысынан нәзік, талдырмаш болып келетіндігі
айтпаса да мәлім дүние. Және ырымдар мен тыйымдар өз үлесіне тиген міндеттерді
өте жақсы атқарып отырған. Оның дәлелі – бүгінге дейін жеткен өміршеңдігі.
Ұлттық паремиологиялық қорымызды құрайтын көптеген тілдік бірліктер – эт-
носимволикалық кодтар. Ырымдардың астарында,
халықтың ерте заманнан бері
келе жатқан наным-сенімдері жатыр. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның арақа-
тынасы адам баласының интеллектуалды өмірінде құндылықтар қаншалықты роль
атқаратынын белгілеп береді. Қазіргі таңда әрбір тыйым мен ырымның генезисін
зерделеу, кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын қажет етеді.
Сонымен қай халықтың болсын болмысы мен таным-түсінігі, рухани өмірі мен
этникалық мәдениеті қай жағдайда болмасын, белгілі бір географиялық кеңістікте
көрініс тауып, нақты тарихи дәуірлердің жемісі болып саналады. Ал халықтың бү-
кіл ғұмырлық тұрмыс-тіршілігі, діні, ділі, сан ғасырлар бойы қалыптасқан рухани,
мәдени қазынасы – ең алдымен, сол халықтың ана тілінде өрнектеледі.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: