299
реніп, күрсініп
дала жатыр (К. Салықов, Жезкиік.). Аузыңа сөзім салып, жұмсаған
сұм сенің арқаңда бой тасалатып
аман қалып отыр (Ж. Арыстанов, Таң жұлды-
зы). Бүкіл бір тау бейнелеу өнерінің галереясына айналған. Мұнда 100000-ға жуық
сурет сақталып тұр. Ал‚ бүгінгі ғылым әлемі бұларды толық меңгергенді былай
қойғанда
жинап алып
үлгермей отыр («Жұлдыз»).
Қалып етістігі етістіктің барлық лексика-семантикалық тобымен дерлік тірке-
седі: Етістіктің лексика-семантикалық топтары қимылдың түрлі сипатына байла-
нысты өз ішінде бірнеше топшаларға сараланады. Қалып етістіктерінің мағыналық
сипаты шексіз. Тіліміздегі барлық етістіктермен, есім сөздермен тіркесуін толық
тізіп шығу мүмкін емес. Талдау жүргізу арқылы ек актив қолданыстағы сөздермен
тіркесуін алатын боламыз.
Адамзат дүниеде қимыл-әркетке түспей өмір сүре алмайды. Ол жүрседе, отырса
да, тұрса да, жатса да осы қалыптардың біреуін жүзеге асырып отырады. Мысалы:
Рыскүл тасқынды дарияға қосылып, өзі де
тасқындатып әндетіп келе жатыр (А.
Тоқмағамбетов, Жазды жапырақтар).
Рыскүл
тасқынды дарияға қосылып,
өзі де
тасқындатып әндетіп отыр.
Рыскүл тасқынды дарияға қосылып, өзі де
тасқындатып әндетіп тұр.
Рыскүл тасқынды дарияға қосылып, өзі де
тасқындатып әндетіп жүр
Осы төрт сөйлемдегі қалып етістіктерінің мағыналық сипаты әртүрлі. Бірінші-
сінде, субъектінің ішкі эмоциясын байқай отырып кел етістігі арқылы белгілі ны-
санға бағытталған қозғалыс сипатын байқаймыз. Екінші сөйлемнен, субъектінің еш
қозғалыссыз тағыда сол эмоцияға беріліп бір қалыптағы күйді аңғарамыз. үшінші
сөйлемде, субъекті белгілі бір кеңістікте еш қимылсыз бір қалыпта тұр. Ал енді
соңғы сөйлемнен тіркесімділік қасиетті көре алмаймыз. Себебі, іс-әрекет белгілі
бір орында,
нысанды бағытқа алып, еш қозғалыссыз күйде тұр. Бұдан шығатын
қорытында
сөздерді тіркестіргенде, сол сөйлемнің лексикалық сипатын анықтап
алуымыз керек. Мысалы қар жауып жатыр, қар жауып тұр, қар жауып отыр деп
айта алмаймыз, себебі қар жансыз әрі етістіктің семантикалық сипаты ашылмайды,
өзіне тән семаны көре алмаймыз. Егер оқытын-оқтын қар жауып жүр немесе кейінгі
уақытта қар жауып жүр деп айта аламыз. Себебі жүр етістігінің табиғи процестің
ұдайы
болатындығын, қозғалыс сипат алатындығын көрсетіп тұр.
Қалып етістіктерінің тіркесімділік қасиеті күшті. Әрі жетекшілік, әрі көмекшілік
қызмет атқара отырып кез келген ететістіктің лексика-семантикалық тобымен тірке-
се алатын қасиеті күштірек. Алдағы уақытта қалып етістіктері мен қатар етістістің
аналитикалық форманттағы қатарымен келетін тіркестерді қарастыратын боламыз.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: