60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет156/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

үлкен саусақ) өлшемі қазақ халқының байырғы
«бармақ» өлшеміне («Бармақелі-
қазы») сәйкес келеді. Орыстың «верстасы» мен қазақтың «шақырымы», орыс-
тың «долясы» мен қазақтың «мысқалы», сондай-ақ ағылшынның «фунты» мен 
қазақтың «қадағы» шығу төркіні, атқаратын қызметі жағынан төркіндес, тектес 
деуге әбден болады [2]. 
Тамақтану, мейрамханада, асханада деген тақырыптар кез-келген тілді үйрен-
генде қамтылады. Ағылшын тілін үйренгенде олардың тамақ жеу тәртібіне сай 
үстел басында қалай отырады, таңғы асқа сұлы ботқасын жеуді, орыстардың борщ 
пен түшпарасын, франсуздың тәттә бәліштері мен италияндықтардың пиццасл 
қазақтың дастарханында еркектер молдасын құрып отыруды, келіндердің төрге 
шықпайтындығы, шаңырақтың үлкені бастамай тамақты бастамау, тамақ жеуді 
бастағанда, жеп біткен соң бата айтуды біздің қазақ ұмытып бара жатыр. Қазіргі 
барлық адамдар аффирмация, визуализация жасап, неше түрлі тренингтерге ақша 
беріп барып жүр. Осылар қазақтың баяғыда айтып кеткен «жақсы сөз – жарым 
ырыс» деп бата беріп, үлкендерден бата алудың, сөз құдіретін баяғыда түсінгенін 
бірі білсе, бірі білмейді. Тамақты жасау, жеу, жинау – әрқайсысы бір бөлек шара 
еді. Мысалы, келіннің үлкендердің қолынан табақ алуы, табақ тартылу, қонақтар 
(күйеу баланың, құданың) сыбағасы, дәмету сияқты нәрселерді жастарға айтпасақ 
қайдан білсін. Дәмету – ас-тағамға, дәмге қатысты жоралғы. Дәстүрлі ортада, әдет-
те конаққа тартылған сый табақтан, не үлкен адамдар алдынан қайтқан табақтан 
кейінгі жастарға «сыбаға» қалдырылады. Оны астан кейін қалыптасқан үрдіс бо-
йынша жігіттерге асатады және дастарқан жасаған келіндерге ризашылықтың бел-
гісі ретінде атап береді. Ақсақалдар қолынан ет асау жас жігіт үшін мәртебе сана-


322
лады. Кәделі жіліктен келіндер дәметеді. Мұны тағамның осы мүшесіне құмарлық 
деп ұғыну керек. Ал тамақтың түріне келетін болсақ, – ет пен бауырсақтан басқа 
қандай ұлттық тағамыңыз бар? – деген сұрақты да естігенім бар. Осы тұста сту-
денттерге «бешпармақ» атауының да дұрыс еместігін түсіндіргенімді бірінші рет 
естіп, таңғалыстарын жасырмағандар да болды. Қазақта тамақтың түрлері өте көп, 
әсіресе диеталық, денсаулыққа пайдалы, қайнатылған тамақтардың алуан түрі бар. 
Төңкерме, аққұла, қарын бөртпе, әсіп, бұқпа, бұқтырма, сүмесүт, мыжыма, түймеш 
(түшпара), май шырқан, дірілдек (холодец), сияқты ұмыт қалып бара жатқан тамақ-
тарымыз өте көп. Қазір басқа атау алып еуропалықтардың тамақтары атағына ие 
болып кеткен де тамақтар бар. Айран көже, сүт көже, құрт көже сияқты сүт өнімде-
рінен жасалатын сұйық тамақтарды қыстыңгүні дертке дауа, қарынға нәр ретінде 
көрген. Х

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет