71
лайша біріне-бірі қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек» [3: 141]. Бұл
жерден ұғыну керек ақпаратты бөліп көрсетсек:
1) жазу – заманның маңызды (байланыс) құралы;
2) сөйлесудің екі түрі бар: жазумен
сөйлесу және ауызбен сөйлесу;
3) жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуге қарағанда
маңыздырақ болып келеді;
4) ауызбен сөйлесудің кемшілігі – алыстан ауызша сөйлесу мүмкін емес;
5) жазумен сөйлесудің артықшылығы – алыс қашықтықтан сөйлесу мүмкіндігін
береді;
6) адамға сөйлей
білу қажеттілік болып табылады;
7) адам үшін жаза білу қажеттілігі сөйлей
білу қажеттілігінен артық;
8) адамның жүйелі, қисынды сөйлеуі маңызды және ол қандай маңызды болса,
жазғанда да сөзді жүйелі,
қисында етіп жазу өте маңызды;
9) сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жазудың өз жолдары бар және оны оқып,
үйрену керек;
10) азғанда сөздердің өз орындары болады, және ол орындар өзгеріп отырады
және олардың біріне-бірі қиындасуының, жалғасуының белгілі дағдылары бар. Жү-
йелі жазу үшін осыларды білу қажет.
Ғалымның сөзінен жазу мен сөйлеуге қатысты нақты он маңызды мағлұмат ал-
дық. Оның әрқайсысын жеке-жеке талдап, тарқатып, олардың төңірегінде қанша-
ма қомақты материалдар жинап, терең сөз қозғауға болады. Бұл аталған ақпаратты
Ақымет Байтұрсыновтың грамматология саласына, оның ішінде жазу мен сөйлеу-
дің байланысы деген бөліміне қосқан
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: